Уақыт толқынында. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 2 - сабақ.
Қорқыттың «Башпай» күйі туралы аңыз
Аңыз бойынша, «Башпай» Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі - өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай – түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар”, деп қобызын қолына алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен.
Бағдарламалық музыка —музыканың негізгі жанры. Программалық музыкаға әдейі көркем әдебиет шығармаларының желісімен жазылған, яғни программасы бар, мазмұнды аспапты музыкалық шығармалар жатады. Оған әдебиет жанрынан әңгіме, поэма белгілі, бір тарихи уақиға немесе үлкен прозалық шығарманың мазмұны арқау болады. Оны композитордың өзі таңдап алады. Ерте заманда композиторлар жеке аспатары мен оркестрге арнап, программалық музыка ретінде "Аңшылық", "Қоштасу", "Атаның ертегісі" деп ат қойып, шағын пьесалар жазған. Бұл программалық музыканың тырнақ алдысы болатын. Ғасырлар бойы программалық музыка жанры өсе берді. Оған батыс еуропа мен орыс классик-композиторлары үлкен үлес қосты.
Құрманғазының «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арнлып шығарылған. Күйдің шығу тарихы бойынша Махамбет пен Исатай көтеріліске аттанып бара жатқанда Құрманғазы кішкентай өнерпаз бала болыпты. Ол өзін де соғысқа барғысы келетіні жайлы Махамбет Өтемісұлына айтқан көрінеді. Махамбет оған сен өз өнерің арқылы үлес қосып, осы көтеріліс туралы бір күй шығар, әзірге кішкентайсың бізбен бірге бара алмайсың. Сенің өнерің осы көтеріліске қосқан үлесің болсын деген екен. Өсе келе осы оқиғаны еске алып Құрманғазы өзінің кішкентай кезіндегі сезімін күй арқылы жеткізген екен.
Дина «Набор» (Он алтыншы жыл) – Патша үкіметі бұратана деп есептейтін ұлт аймақтарының 18-ден 43-ке дейінгі азаматтарды тыл жұмысына алуды ұйғаруына байланысты 1916 жылдың уақиғалары Динаға үлкен əсерін тигізіп “Набор” күйінің шығуына себеп болды. Бұл күй халық арасында “Он алтыншы жыл” деген атпен тарап, сол уақыттағы халық көтерілісшілерінің ерлігін, патшаның тақтан түскендігіне халықтың қуануын паш етеді. Күйде Дина халқының күшіне, болашағына сенетіндігін көрсетті. Он алтыншы жыл көтерілісшілердің жауынгерлік ұраны, жауға қарсы шапқан жауынгерлердің көңіл–күйін, жылқының дүбірі, сонымен қатар жаңа өмірдің алыс еместігін де байқататын сыршыл күй
2 4 | |||
1-ге 2-ге | 1-ге 2-ге | 1 ге 2 ге |
3 4 |
| |
1 ге 2 ге 3 ке | 1 ге 2ге 3 ке |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?