Музыка және уақыт. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім:Уақыт

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және уақыт

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

 Сабақ мақсаттары

  • Т.Серіков «Уақыт» әнін тыңдайды және талдайды;
  • «Уақыт» және «сағат» туралы қызықты ақпарат іздейді;
  • «Сырлы сағат» тақырыбына өлең шығарады;
  • И.Нүсіпбаевтың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйренеді және орындайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтай ды және салыстырады;

қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады;

көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындайды

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

тыңдалған музыканы сипаттайды, музыка мен уақыт жөнінде және олардың өзара байланыстылығын туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы жеткізеді;

аспаптық бағдарламалық музыканы талдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

музыка және уақыт, сағат

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әннің көңіл-күйі қандай?
  • Музыкалық шығарма сізге қандай ой тастады?
  • Осы шығарма уақыт белестерін бізге қалай жеткізіп берді?

Құндылықтарды дарыту

Тайм менеджментті сақтай білу, уақытты өзінің теңіне орналастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүние тану, жаратылыстану.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Музыкалық сәлемдесу.

Жұмбақ.

  • Үш тілі тақылдап,Жаңылмайтын ақылды-ақ. Жауабы: сағат.
  • Көп болса алыстайсың мезетпен қашықтайсыңАсықсаң аз боладыТабасың мұны қайсысың? Жауабы: уақыт.

Сабақ тың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Үестірмелі парақтар

Сабақтың ортасы

30 минут

1 тапсырма.Тыңдау және талдау

Т.Серіковтың «Уақыт» әнін тыңдаңыз.

- Әннің көңіл-күйі қандай?

- Музыкалық шығарма сізге қандай ой тастады?

- Осы шығарма уақыт белестерін бізге қалай жеткізіп берді?

2 тапсырма.Ақпарат іздеу.

Интернет желісін, ақпараттық кітап-құралдарды пайдалана отырып «сағат», «уақыт» туралы қызықты ақпарат табыңыз. Постер жасаңыз.

1-топ. Сағат туралы қызықты деректер

2-топ. Уақыт туралы қызықты деректер

Дидактикалық материалдар бөліміннен 1-қосымша.

3 тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Уақыт пен музыка тақырыбына арналған «Сырлы сағат» 2 шумақ өлең шығарыңыз. Жазған өлеңіңізге әуен ойлап құрастырыңыз,

4 тапсырма.Әнді үйрену және орындау

Муз.И.Нүсіпбаев, сөзі Х.Талғаровтың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйреніңіз. Әнді музыкалық, шулы аспаптармен сүйемелдей отырып мәнерлеп орындаңыз.

А:Жарылқасын «Уақыт» өлеңі

https://www.youtube.com/watch?v=IW1E4xJL2kI

Т.Серіков «Уақыт» әні

https://www.youtube.com/watch?v=6pCzPywCVdI

Сағат, уақыт туралы қызықты деректер -https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/klassika/46240/

И.Нүсіпбаев «Балаларға арналған әндер жинағы».

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-бүгін не білдім?

-қандай жұмыс жақсы өтті?

-нәтижелерді қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері дамыған оқушылар әнді музыкалық аспаппен сүйемелдеп орындауына болады,ал қалған оқушылар басқа рольдерді сомдайды

Қалыптастырушы бағалау

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау..

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу