Уақыт толқынында. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Уақыт толқындары» тақырыбына арналған сабақ «Уақыт» бөлімінің екінші тақырыбы. Сабақтың басында тақырыпты ашыш алу үшін «Күн мен түн» ойынын ойнатамыз.

 

 Ойынның шарты.

 

Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Бір топ-«күн», екінші оп –«түн» болады.Мұғалім кенеттен: «Күн» немемсе «Түн» дейді. Аталған команда қаша жөнеледі, қарсыластары оларды қуады. Қашқан команда алдын ала белгіленген үйлеріне тығылады. Ойыншылар ойын басталатын жерге жиналады, көмекшілер ұсталған ойыншыларды санайды да, ойын алма-кезек жалғаса береді. Қарсыласын көп ұстаған команда жеңімпаз атанады.

1-тапсырмада әні Лесбек Аманов, сөзі Асқар Мамырбектің «Қайран уақыт» әнін Шахизаданың орындауында «Қайран уақыт» әнін тыңдаңыз.Әнді сұрақтар арқылы талдай оқушыларға 1-қосымша кестені таратып беріңіз. Оқушылар толтырған соң олардың жауабын талқылап, жұмыстарын ауызша бағалап кетіңіз.

2-тапсырмада оқушыларға ақпарат іздеу үшін «Музыкалық сөздік», газет журналдар дайындап алыңыз, интернет желісін пайдалануға рұқсат етіңіз.

3-тапсырмада оқушыларға С.Молдасанұлының сөзіне жазылған, Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнін ережеге сай үйретіңіз. Әннің сөзін таратып беріңіз. 2-қосымша

1-топқа әннің ырғағын сақтай отырып, музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеуді тапсырыңыз.

2-топқа әнге би қимылын қоса отырып, мәнерлеп орындауды ұсыныңыз.

4-тапсырмада әннің шумағын нотаға түсіріп, немесе тақтаға нотамен жазып, оқушыларға нотамен орындауды ұсыныңыз.Бұл тапсырманы деңгейлік тапсырма ретінде алуға болады.

Қалыптастырушы бағалау.

Осы тапсырмада ауызша қалыптастырушы бағалау өткізуге болады. Қай топтың орындауы жақсы шақты? «Ырғақты сақтай отырып, мәнерлеп орындады». «Тамаша», «өте жақсы» деген сөздермен.

Кейін рөлдерін ауыстырыңыз.

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • уақыт туралы біледі және түстерін ретімен айта алады, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін анықтайды;
  • уақыт тақырыбында музыкалық шығармалар жазған композиторларды білетін болады;
  • әнді көркем бейнесін жеткізе отырып орындайды;
  • әнге импровизация жасайды және нотамен орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу