Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 - сабақ
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Республикасының конституциялық құқық жүйесі | Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ. | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.1.1 Конституциялық құқық институттарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру 10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және т. б.). | ||||||
Сабақ мақсаты | Конституциялық құқық институттарының міндеттерінің маңыздылығын анықтау | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңес актілері деген ұғымдарды біледі, түсінеді Талдау Конституциялық құқық институттарының негізгі мақсаты мен міндеттерін талдап береді | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты терминология
Конституция... Мен... деп ойлаймын ....органдардың құқықтық мәртебесі... ....органдарының билік әлеуетін кеңейту қажет, себебі... | ||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||
Пәнаралық байланыстар | Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар. | ||||||
Жаһандық азаматтылық | Әкімшілік құқықтың белгілерін талдай отырып, сол деңгейге жету жолдарын талқылау барысында әлемдегі басқа елдердің тәжірибелерін қарастырып, салыстыру. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-15 мин | Б Сабақ тақырыбына бағыттау үшін оқушыларға келесі сұрақтар негізінде сыныппен талқылау ұйымдастырады:
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Құрмет атты мемлекет құндылықтары дарытылады | ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теорияся. – Алматы, 2003. | |||||
Сабақтың ортасы 15-75 мин 15-40 мин 40-55 мин 55-75 мин | Т Сынып топтарға бөлінеді. Топтарға Президент, Парламент, Үкімет, Сот және судья мәртебесі Конституцияда және Конституциялық заңдарда қалай нақтыланғанын анықтау тапсырмасы беріледі. Оқушылар топта талқылғаннан кейін, топ мүшелері басқа топтарға бір делегаттан аттандырып, жаңа топтар құрылады. Олар өзара өз ақпараттарымен алмасады. ҚБ Оқушылар бірін-бірі «басбармақ» әдісі арқылы бағалайды және мұғалім кері байланыс беріп отырады Б Бүкіл сыныптық пікірталас ұйымдастырылады. Жергілікті басқару органдарының билік әлеуетін кеңейту қажет: иә – жоқ ҚБ Мұғалім үнемі сол мезетте оқушылар пікіріне кері байланыс беріп отырады Д Оқушылар жеке өз дәптерлеріне «Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттарын қалай дымытуымыз қажет?» - тақырыбына шағын эссе жазады (100-150 сөз) ҚБ Мұғалім оқушылар дәптерін жинап алып, балл қою арқылы сабақтан тыс уақытта жұмыстарын тексереді Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет, Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады | Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл. Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007. Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы. | |||||
Сабақтың соңы 75-80 мин | Жаңа тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз. Рефлексия Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Маған ... бұл болашақта қажет болады Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды | ||||||
Саралау Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. | Бағалау Жетістік критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау. Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?