Уақыт және музыкалық аспаптар. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 3 - сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1-қосымша.

Жұмбақтар.

Бас, құлақ, мойны бар,Үп-үлкен шанағы бар.Әндетіп шығар әні бар,Бұл аспап, қай аспап? (домбыра)

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,Әуезінен жеті тарау мұң шығар.Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,Бұл аспап,қай аспап? (Жетіген)

Саусақ батпас түтіктен,Сандуғаш құс сайрайды. (Сыбызғы)

Боз арғымақ, аузы жоқ,Мұрны жоқ - екі құлақ,Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ."Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,Шабады жүйрік әуен тулап-тулап. (Домбыра)

2-қосымша.

Жетіген аспабы жайлы апқпарат.

Жетіген – жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Дыбыс көлемі 2-2,5 октаваға дейін жетеді. Барлық ішектеріне құлақ күйін келтіретін арнайы үлкен тиектер тағылады. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп, оны тек сарайларда, шағын топ алдында ғана ойнаған. Жетіген аспабы түркі тілдес халықтарында кездеседі. Татар халқы «етиган», тыва халқы «жадықан», хақастар «шатқан» т.б. халықтар аспапты өз тілінде атаған. Жетіген аспабының ноталық жүйесін белгілі этнограф-ғалым Болат Сарыбаев анықтады. Бұл күнде аспап кеңінен насихатталып, халыққа танылып, дамып келеді.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/142/

Жетіген аспабының шығу тарихы

Бағзы заманда бір қарттың жеті ұлы болған екен. Ел ішінде бір жылдары қатты жұт болып, көпшілік қауым ашаршылыққа тап болады. Аштықтан жеті ұлы қайтыс болады. Қания есімді үлкен ұлы қайтыс болған кезде кепкен ағаш бөлігін ойын алып, ішек тартып, тиек тағады. Қайтқан тұңғыш ұлына арнап, «Қарағым» күйін шығарады. Қаниядан соң, екінші ұлы Төралым қайтқан кезде, екінші ішекті тартып, «Қанат сынар» күйін орындайды. Үшінші ұлы Жайкелді өмірден өткенде "Құмарым", төртінші ұлы Бекенге арнап "От сөнер", бесінші ұлы Хауасқа "Бақыт көшті", алтыншы ұлы Жүлзарға "Күн тұтылуы" күйлерін шығарады. Ең кіші ұлы Қияс қайтыс болғанда ақсақал жетінші шекті тартып, "Жеті баламнан айрылып құса болдым" атты күй шығарады. Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін әуен арқылы көрсетеді. Бұл күйлер кеңінен таралып, әрі қарай дамып «Жетігеннің жеті күйі» не «Жетігеннің жетеуі» деп танылады. Аспап атауы жеті және ән сөздерінен құралып, «жетіген» деп аталған.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/142/

3-қосымша.

Әннің нотасы

4-қосымша.

Жетіген үні

Сөзін жазған: Е.Тілепбердиев,

Әнін жазған: Б. Аманжол

1.Мың түрлі әуені бар,

Салт-дәстүр дәнегі бар.

Асықтан тиегі бар,

Халқымның мәйегі бар.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

2.Шектерін шерткен сайын,

Сазды әуен төккен дәйім.

Қосылып ән салғанда,

Бойыңнан кеткен уайым.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

3.Мөп-мөлдір сезімдей бір,

Анамның сөзіндей нұр.

Жанымды жадыратқан,

Бабамның көзіндей бұл.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

Жетіген үні

Сөзін жазған: Е.Тілепбердиев,

Әнін жазған: Б. Аманжол

1.Мың түрлі әуені бар,

Салт-дәстүр дәнегі бар.

Асықтан тиегі бар,

Халқымның мәйегі бар.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

2.Шектерін шерткен сайын,

Сазды әуен төккен дәйім.

Қосылып ән салғанда,

Бойыңнан кеткен уайым.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.

3.Мөп-мөлдір сезімдей бір,

Анамның сөзіндей нұр.

Жанымды жадыратқан,

Бабамның көзіндей бұл.

Қайырмасы:

Жетіген аспабын-ай,

Сазының асқағын-ай.

Үні бар мөлдір, әсем,

Аспап жоқ басқа мұндай.

Ойна деп он саусақпен,

Тіземде жатқанын-ай.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу