Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқыту мақсатына сілтеме | 10.1.1.1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну. 10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдау. |
Сабақ мақсаты: | Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдайды. |
Бағалау критерийі |
|
1-тапсырма
Ұйқас туралы оқып, жұпта талқылайды.
«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар:1) қара өлең ұйқасы (ааба),2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),3) ерікті ұйқас (абвгб),4) кезекті ұйқас (абвб),5) шалыс ұйқас (абаб),6) егіз ұйқас (аабб),7) аралас ұйқас (аабвбвббб),8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылған:Астыма мінген атым Бұқпа қара,Шаң тисе, ақ бетіңе – ыққа қара.Аулыңның сырт жағынан ән салайын,Даусымды танымасаң, шық та қара!
ЖЖ
2-тапсырма
- Өлеңді түсініп оқыңыздар.
- Түсініксіз сөздердің мағынасын ашып жазыңыз, түсіндірме сөздікті пайдаланыңыз.
- Өлеңдегі лирикалық кейіпкер сезімін талдап, автор көтерген мәселені жұпта талқылаңыз.
- Өлеңнің құрылысын (шумақ, буын, бунақ, тармақ, ұйқас) талдаңыз.
Дескриптор:
- өлеңді түсініп оқиды;
- Абай өлеңінің идеялық мазмұнын ашу үшін сөздік жұмысын орындайды;
- өлеңдегі лирикалық кейіпкер сезіміне қатысты қолданыстардың кемінде 4-5 түрін талдайды;
- автор көтерген мәселені жұпта талқылайды;
- өлеңнің құрылысын (шумақ, буын, бунақ, тармақ, ұйқас) талдайды.
3-тапсырма
«Кубизм» әдісі
1-топ Байланыстыр. Абай сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез –құлықтарын сипаттау үшін қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдардың қызметін талдап, қазіргі өмірдегі келеңсіздіктермен байланыстыр. Ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.
2-топ Салыстыр. Метафоралық қолданыстар мен эпитеттік қолданыстарды теріп жазып, екі түрлі көркемдік қолданыстардың автордың негізгі ойын жеткізудегі маңыздылығын салыстырыңыздар. «Венн диграммасы» түрінде ұсыныңыз.
3-топ Зертте. Өлеңдегі құндылыққа қайшы келетін кереғар ұғымдарды зерттеп, идеясын анықтаңыздар. Идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнына баға беріңіздер, «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыз.
4-топ Қолдан. Шығармадан қоғам өміріндегі келеңсіздікті танытатын метафоралық және эпитеттік қолданыстарды теріп алып, монолог немесе ой толғауға негізгі тірек сөз ретінде қолданып, дамытып жазыңыз.
5-топ Дәлелде. Абай өлеңінің өміршеңдігін дәлелдеп, Абай шығармашылығына қызығушылықты арттыру мақсатында, шығармадан кем дегенде (антонимдік сипаттағы қолданыстарды да) 5 эпитеттік қолданысты ұғымды пайдаланып креативті жарнама әзірлеңіз.
6-топ Талда. Өлеңдегі Абайдың нақыл сөздерін талдап, идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнын баға беріп сызба, кесте түрінде ұсыныңыз.
Дескриптор:
- Абай өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
- Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
- Ойын ұсынылған сызба түрінде жеткізеді.
Кері байланыс
- Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
- 3 түрлі тапсырманы толық орындай алдыңыз ба?
- Сізге топтың көмегі қажет болды ма?
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы
Критерийлер |
| ||||
Өлеңнің мазмұнынын түсінеді. | |||||
өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды | |||||
өлең құрылысы арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді. | |||||
көркемдегіш құралдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді. | |||||
Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды. | |||||
Өзгенің жұмысына пікір айта алады |
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?
Ендігі жұрттың сөзі - ұрлық-қарлық,
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.
Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,
Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.
Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.
Естілер де ісіне қуанбай жүр,
Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер,
Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.
Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр,
О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр.
Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң
- Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.
Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.
Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.
Қыс қыстауың - қып-қызыл ол бір пәле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.
Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.
Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң,
Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?