Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі . Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сынып бөлмесінде ілінетін нақыл сөздер: (А3 парақтарында жазылса)
1. Орынды іске жүріп ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған. Қасиетті болмайды, ондай жігіт, Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
2.Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек.
4. Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек. Харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек.
5. Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын.
6. Бес нәрсеге асық бол... Талап еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой - Бес асыл іс көнесеңіз.
7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
8. Жас уақытта көңіл - гүл.
9. Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің.
10. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, Әр қиянға салған шақ.
11. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.
12. Егер ісім өнсін десең - ретін тап.
13. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап.
14. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.
15. Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын.
16. Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.
17. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
Жазылымалды тапсырма
- Оқушыларға эссе жазу туралы ақпарат беріледі, оқушылар жұпта талқылайды.
ЖЖ
• Эссе іскери стильде жазылады.
• Кез келген эсседе берілген тақырыпқа өз көзқарасыңды білдіру талап етіледі. Сонымен қатар, сіздің көзқарасыңызға қарсы адамдардың пікірлерін келтіру және сіз олармен неге келіспейтініңізді түсіндіру қажет. Сіздің пікіріңіз анық беріліп, оған мысал немесе дәлел келтірілуі керек.
• Эссенің көлемі 200-250 сөз (кемінде 180 сөз, артық болса 275-тен аспауы керек)
• Эсседе келесідей сөз оралымдары қолданылуы тиіс: «Менің ойымша», «Мен .... деп ойлаймын», «Мен ...... деп есептеймін».
• Келесідей кіріспе сөздер мен сөз оралымдарын қолдану қажет: “Бір жағынан ........, екінші жағынан .........», байланыстырушы сөздер (дегенмен, бұдан басқа, оған қарамастан …)
• қысқартылған сөздерді қолдануға болмайды (эссенің құрылымына балл шегеріледі)
• Нақты құрылымы болады; ол бес абзацтан тұрады.
1) Кіріспе
Кіріспеде мәселеге екі қарама-қарсы көзқарас бар деп, проблемалық сұрақты нақты көрсету қажет (Кейбір адамдар ұялы телефонды керек нәрсе деп есептейді, ал енді біреулері ұялы телефонсыз өмір стрессіз болар еді деп санайды). Содан кейін көп сөз қолданбай, қысқа түрде өз пікіріңізді келтіресіз.
Алайда бірінші сөйлем эссенің тақырыбымен сөзбе-сөз қайталанбауы тиіс. Бірінші абзацты келесі сөздермен аяқтау ұсынылады: енді мен осы мәселеге өз көзқарасымды білдіргім келеді.
2) Негізгі бөлім
1 абзац. Сіздің көзқарасыңызды растайтын 2-3 аргумент келтіресіз, оны мысалмен немесе дәлелмен бекітесіз.
2 абзац. Сіз тек қана БІР пікірді ұстанасыз, мысалы: Меніңше, ұялы телефондар өте ұңғайлы зат НЕМЕСЕ Мен ұялы телефондарды қажетсіз, зияны көп құрылғы деп есептеймін.
Өз пікіріңізді растау үшін 2-3 аргумент дәлелімен келтіруіңіз керек.
3 абзац. Қарама-қайшы пікір (1-2) келтіруіңіз керек. Онымен неге келіспейтініңізді түсініруіңіз керек. Мысалы: Алайда кейбір адамдар ұялы телефон сізді туыстарыңызбен және достарыңызбен байланыста ұстаумен қатар, сізді көптеген адамдарға объект ретінде ұстап береді деп ойлайды, мен мұнымен келісе алмаймын. Себебі
Сіздің басқа адамдарға айтқан контрагргументіңіз 2 абзацты қайталамауы тиіс.
3) Қорытынды
Осы мәселеге екі көзқарас бар екені айтылған 1 абзацқа қайтып келіп, өз көзқарасыңызды растап, қорытынды жасау қажет. Және мәселені шешу үшін ұсыныс айтылуы тиіс.
Мысалы: «Осы мәселеге әр түрлі көзқарас бар.Мен .... деп ойлаймын.» Немесе «Барлық көзқарастарды ескере отырып, Мен .... деп ойлаймын.»
Эссе жұмысына қойылатын талаптар:
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі;
Эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі;
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі;
Орфографиялық нормаларды сақтау;
Грамматикалық нормаларды сақтау;
Пунктуациялық нормаларды сақтау.
- Абайдың «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңінің мәтіні беріледі, оқып, ондағы келеңсіз жайттарды өзара талқылайды.
- Тақырып бойынша жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз кемінде 5 тақырыпшадан (негізгі тезистен) тұруы керек. (Негізгі бөлім 3 бөліктен)
Мысалы:
І Кіріспе.
..............................................
ІІ Негізгі бөлім:
- ..................................................
- ...................................................
- ......................................................
ІІІ Қорытынды.
................................................................
Жазылым тапсырмасы:
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңіндегі көтерілген мәселелерге талдау жасап, Абай сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез–құлықтарын талқылап, өз пікіріңді қосып, «Заман өзгерген сайын адами құндылықтар да өзгере ме?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Дескриптор:
- Көтерілген мәселерді талқылап, эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, тезисін сенімді дәлелдейді;
- пікірін білдіреді және әр тезиске қатысты пікірді растау үшін кем дегенде бір-екі дәйектен (аргумент) келтіреді;
- композициялық тұтастық сақталған, пікірлердің бөліктері өзара логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды;
- ой дәлелденген, қайталаулар жоқ және логикалық жүйелілік сақталған;
- орфографиялық қателер жоқ немесе бір қате ғана жіберілген;
- грамматикалық қателер жоқ немесе бір қате жіберілген;
- пунктуациялық қателер жоқ немесе бір-екі қате ғана жіберілген.
Оқушылардың өзара бағалау парағы
Критерийлер |
| ||||
эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, өз тезисін сенімді дәлелдейді; | |||||
пікірін білдіреді және әр тезиске қатысты пікірді растау үшін кем дегенде бір-екі дәйектен (аргумент) келтіреді; | |||||
композициялық тұтастық сақталған, пікірлердің бөліктері өзара логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды; | |||||
ой дәлелденген, қайталаулар жоқ және логикалық жүйелілік сақталған; | |||||
орфографиялық қателер жоқ немесе бір қате ғана жіберілген; | |||||
грамматикалық қателер жоқ немесе бір қате жіберілген. | |||||
пунктуациялық қателер жоқ немесе бір-екі қате ғана жіберілген. |
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЭССЕНІ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ЖАЗУ ҮЛГІСІ
І.Кіріспе бөлім
Кілт сөзге анықтама беретін тақырыптық сөйлемдер(2-3) | __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ |
Мәселеге қатысты қоғамдағы қарама-қарсы көзқарас |
_________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ |
ІІ. Негізгі бөлім
1-абзац | |
Негізгі бөлімнің кіріспе сөйлемі | __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ |
Көтерілген мәселеге қатысты проблемалық сұрақ | _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
|
Проблемалық сұраққа қатысты өз көзқарасын растайтын 2-3 аргумент | __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ |
Жинақтаушы сөйлем | ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ |
2-абзац | |
Проблемалық сұраққа қатысты қарама-қайшы пікір | _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ |
2-3 аргумент | __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________
|
Жинақтаушы сөйлем | _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ |
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Негізгі сұраққа қатысты нақты шешім | ___________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ |
Ұсыныстар | ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?