Видеоға түсіріп, бопсалаған: Шымкентте 17 жастағы жасөспірімдер сыныптас қызды зорлап тастаған

Видеоға түсіріп, бопсалаған: Шымкентте 17 жастағы жасөспірімдер сыныптас қызды зорлап тастаған

Шымкентте сыныптас қызын зорлаған 17 жастағы екі жасөспірім сотталды. Мұнымен қоймай, олар өз әрекетін видеоға түсіріп алып, артынша қызды бопсалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаланың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, екі жасөспірім сынытас қызды зорлап, оны видеоға түсіріп алған. Мұнан кейін қыздан ақша мен заттар талап етіп, керісінше жағдайда видеоны мессенджерлер мен әлеуметтік желіде жариялайтындарын айтып сес көрсетеді.

Олардың мұндай әрекетінің салдарынан қыз өзіне қол жұмсамақ болыпты. Абырой болғанда, оны құтқарып үлгеріп, аман қалды.

Сот «Зорлау» және «Бопсалау» деректері бойынша айыпталған жасөспірімдерге қатысты үкім шығарды. Олардың екеуі де кінәлі деп танылды.

Алайда айыпталушылар кәмелет жасқа толмағандықтан, оларға максималды мүмкін жаза беріліп, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?