Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Адам құқықтары түсінігі Сабақ тақырыбы: Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері Сынып: 10 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру 10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) 10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | ҚР Конституциясын талдау арқылы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау. Конституциялық құрылыс негіздерін түсіндіру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Конституция дегеніміз... ҚР Конституциясының қабылдауына келесі жағдайлар әсер етті... Конституция... кепілдік береді Адам мен азаматтың құқықтарына/бостандықтарына/міндеттеріне жататыны: ... Адам және азаматтың негізгі құқықтары келесі баптарға сүйенеді... Адам мен азаматтар міндетті: ... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері Сабақтың басы | Жоспарланған іс-әрекеттер Ұйымдастыру кезеңі. Адам құқықтарының бұзылу жайлы суреттер топтамасын ұсынып, тақырыпқа шығу. Б Оқушылар «адам құқығы» ұғымынның мағынасын «нысана» стратегиясы арқылы ашу. Б «Адам құқығы» туралы бейнеролик көрсетіп, оның аясында талқылау ұйымдастыру. Бейнеролик бойынша сұрақтар:
Ж Мұғалім оқушыларға ҚР Конститутциясының ІІ бөлімін ұсынады. Адам құқықтарын саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағыттар бойынша ҚР Конститутциясының баптарын жіктесін. | Дерек көздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Тапсырма: Конституцияның баптарына сүйене отырып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтаңыз. Дескриптор: Конституцияның баптарына сүйене отырып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. 1-топ: Жеке құқықтар мен бостандықтар 2-топ: Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар. 3-топ: Саяси құқықтар мен бостандықтар. 4-топ: Міндеттері. Топтар мәлиметтермен алмасады және бір біріні бағалайды.
Тапсырма: Кестеге ҚР азаматтарының құқықтары, бостандықтары және міндеттері туралы мысалдарды келтіріңіз. Кемінде 2 мысалдан келтіріңіз. Дескриптор: ҚР азаматтарының құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты мысалдарды келтіреді.
Б Мұғалім сыныпқа «декларация» ұғымымен «пакт» ұғымдарының айырмашылығын түсіндіреді. Т Сыныпты үш топқа бөліп, төмендегі тақырыптардың негізінде интеллект карта жасауға тапсырма беру: 1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт 3. Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт Ж/Д төмендегі кестені толтыру. Дескртиптор: Халықаралық құжаттардың айырмашылықтарын және ұқсастықтарын анықтайды. Құжаттар арқылы адам мен азаматтардың құқықтарын анықтай алады.
Дескриптор: «Неліктен Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде деп айта ала ма?» тақырып бойынша шағын шығарма жазады. Критерийлері:
Қорытынды (өзіндік баға беру) | Мұғалім презентациясы. Таратпа материалдар ҚР Конституциясы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс: Менің қиналғаным, менің түсінбегенім, менің үйренгенім Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады. | Стикерлер. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын. Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. Үлгерімі жоғары оқушылар ҚР азаматтарының құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты 5-6 мысал келтіреді. Үлгерімі орта оқушылар ҚР азаматтарының құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты 3-4 мысал келтіреді. Ал үлгерімі төмен оқушылар ҚР азаматтарының құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты кемінде 2 мысал келтіреді. Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Оқушылар жұптық және топтық жұмысында дескрипторлар арқылы бір-біріні бағалайды. Мұғалім әр орындаған тапсырма бойынша кері байланыс беріп бағалайды. Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?