Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Адам құқықтары түсінігі

Сабақ тақырыбы:

Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері

10 сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Оқу мақсаты

10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру;

10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени);

10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт).

Сабақ мақсаты

Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы ұғымдарын білу, оларды жіктеу және адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттады ҚР Конституциясымен байланыста бағалау.

Бағалау

критерийлері

Білу және түсіну:

  • Оқушы адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсінеді.
  • Интеллект карта/постер жасау арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды біледі.

Қолдану:

  • Бейнематериал көру арқылы адам құқығының сақталуы мәселесіне кемінде үш мысал келтіреді.
  • Конституция баптарын қолдана отырып, адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін жіктеп кесте толтырады.

Сыни ойлау және бағалау:

  • Адам құқығына қатысты ҚР Конституциясының бір бабын талдайды, іске асыру мүмкіндігін бағалайды.
  • Венн диаграммасын (кесте) толтыру арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды салыстырып, маңыздылығын бағалайды.

Тілдік міндеттер

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Бейнеролик арқылы талқылау жүргізеді (тыңдалым және айтылым дағдылары).
  • Зерттеу жұмысын орындайды (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • азаматтық құқық
  • құқық қабілеттілік
  • әрекет қабілеттілік
  • адам құқығы
  • жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі
  • Конституциялық құқық
  • саяси/ экономикалық, мәдени құқық

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Адам құқығы/ бостандығы, ол ...

Адам құқықтары сақталады: ...

ҚР Конститутциясының негізінде адам құқықтарның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени бағыттары маңызды, себебі ...

Қазақстанда адам құқықтары сақталады, өйткені ...

Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығы ...

Құндылықтарды дарыту

Жалпы адамзаттық құндылықтын дарыту топта жұмыс істеу арқылы жүзеге асады; Адамның жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге, ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына байланысты екенін түсінуі.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану

дағдылары

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталы материалдарын пайдалану

Алдыңғы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ой шақыру. Адам құқықтарының бұзылуы жайлы суреттер топтамасын ұсынып, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа шығамыз. Оқу мақсаттарымен таныстырып, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге шығаруға болады.

Т/Ж жұмыс. Білімалушыларға «Нысана» стратегиясын ұсынып, «адам құқығы» ұғымының мағынасын өздеріне анықтатамыз.

Дискриптор: Оқушы тапсырмаларды орындау арқылы адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсінеді.

Әр топ өзінің анықтамасымен басқаларды таныстырады. Мұғалім олардың анықтамалардағы ортақ идеяларға оқушылардың назарын аударып, слайд арқылы адам мен азамат құқығы ұғымын, олардың айырмашылықтарын түсіндіреді. Мысалы:

  • Адамның құқығы - қай мемлекетте тұрмасын, өмір сүру, еркін болу, бақытқа ұмтылу, жеке басына қол сұқпау секілді адам туғанда бірге пайда болатын, ажырамас құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы.
  • Адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекет те, басқа ешкім де белгілемейді және жоққа шығара алмайды.
  • Азаматтың құқығы - азаматы болып табылатын тұлғаға мемлекет тарапынан бекітілетін құқықтар мен бостандықтар жиынтығы. Кез-келген азамат адам, бірақ кез келген адам азамат емес.
  • Құқық бұл заңдылық, ал бостандық – ешкім де, тіпті билікте те араласуға құқығы жоқ адамның ішкі жан-дүниесі.
  • Адам бостандығы (сөз, ар-ұждан, дін, жүріп-тұру бостандығы) дегеніміз – биліктің араласа алмайтын құқық саласы.

Б. «Адам құқығы» туралы бейнематериал көрсетіп, оның аясында талқылау ұйымдастырамыз. Көрсетілім бойынша төмендегідей сұрақтар қоюға болады:

  • Адам құқықтарының өзге елдерде сақталуының ерекшеліктері қандай?
  • Аталған елдерде адам құқықтарына қатысты қандай мәселелерді атауға болады?
  • Біздің қоғамда қалыптасқан адамдардың өзара құрметінің көріністері қандай?

М. Қорытындылау барысында мұғалім қазіргі уақыттың өзінде адам құқықтары мен бостандықтары туралы қалыптасқан көзқарастардың әр түрлігіне назар аударып, олардың себебі туралы оқушылармен талқылау жүргізеді.

Ж/Ж (жұптық немесе жеке жұмыс). Мұғалім оқушыларға ҚР Конституциясының ІІ бөлімін ұсынады. Білімалушы адам құқықтарын саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағыттары бойынша ҚР Конституциясының баптарын жіктейді. Бұл тапсырманы кесте жасау, постер арқылы немесе берілген таратпа материалдың өзінде белгілеу арқылы орындауға болады.

Дискриптор: Оқушы ҚР Конституциясының баптарымен жұмыс істеу арқылы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктейді (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) және адам мен азаматтың міндеттерін ажыратады.

Б. Мұғалім оқушылардың жауаптарын слайдтардағы берілген ақпараттармен тексерте отырып, тағы бір пысықтап шығады

Ф. (материалды бекіту және өзін-өзі бағалау мүмкіндігі).

Ж. (Дифференциациялап оқыту үшін қолдануға болады). Адам құқығына қатысты ҚР Конституциясының баптарымен жұмыс. Әр оқушыға адам құқықтарының бағыттарына қатысты ҚР Конституциясының бір бабын ұсынамыз. Аналитикалық талдау жасайды. Критерийлері:

    • Баптың негізгі идеясы;
    • Бапта көрсетілген құқықты іске асыру мүмкіндігі: жеңіл/оңай;
    • Қандай қорытынды жасар едің?

Ф. Жұптарда оқып, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім 2-3 оқушыдан сұрап, барлық сыныпқа кері байланыс беру арқылы бағалайды.

Б. Мұғалім сыныпқа «декларация» ұғымымен «пакт» ұғымдарының айырмашылығын түсіндіреді:

«Адам құқықтары жөніндегі барлық халықаралық құжаттардың негізі ретінде 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын атауға болады. Бұл декларация адам құқықтары халықаралық концепциясының қайнар көзі болып табылады. 1966 жылы Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт қабылданды.

Қазақстан Республикасы 1992 ж. бастап БҰҰ мүшесі, 1992 ж. 30 қаңтарынан бастап ЕҚЫҰ мүшесі болып табылады.

Декларация – қандайда бір қағида жарияланған халықаралық-құқықтық құжат. Ол міндетті сипатқа ие емес. Алайда, бұл құжат саяси-моральдық күшке ие, оған қарап, мемлекет ұстанымының қандай екендігі байқалады. Декларациялар қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

Пакт, конвенция қандайда бір арнайы мәселе бойынша жасалған шарт, халықаралық келісім.

Пактілер мен конвенциялар қол қойылып, қабылданғаннан кейін емес, тек мемлекеттер ратификациялағаннан (бекіткеннен) кейін ғана күшіне енеді. Қазақстанда Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт 2005 ж. 28 қарашада, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт 2005 ж. 21 қарашада ратификацияланды. Мемлекет бекіту арқылы, біріншіден, өзінің ұлттық заңнамасын осы халықаралық құжаттарға сәйкестендіруге міндеттеме алады. Екіншіден, халықаралық ережелерге сәйкес, мемлекет БҰҰ-ның арнайы құрылымдары алдында есеп беруге міндетті. Мысалы, БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы комитеті, Адам құқығы жөніндегі комитет, Бала құқығы жөніндегі комитет т.б.»

Т. Сыныпты үш топқа бөліп, қажетті ресурстармен (таратпа мәтіндер немесе http://adilet.zan.kz сайтын пайдаланып жұмыс істеуге болады) қамтамасыз етеміз және төмендегі тақырыптардың негізінде постер/интеллект карта жасауға тапсырма береміз:

1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

3.Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт

Дискриптор: Постер мен Венн диаграммасын/кесте толтыру арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың мазмұнын біледі, ҚР Конституциясымен байланыстырады, маңыздылығын бағалайды.

Ж/Д. Венн диаграммасын/ Кестені толтыру.

Халықаралық құжаттар

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт

ҚР Конституциясы

Б. Халықаралық құжаттардағы негізгі құқықтар мен бостандықтардың ҚР Конституциясында болуымен байланыстырып, адам құқықтарының қорғалуының маңыздылығына баға береді.

Үй жұмысы. «Қазіргі әлемдегі адам құқықтарының қорғалуы» эссе жазуды беруге болады.

Презентация

1 слайд

2-4 слайдтар

5 слайд

6-7 слайдтар

8-9 слайдтар

«Адам құқығы» бейнематериалhttps://www.youtube.com/watch?v=8AlutjeDCQU

10-11 слайдтар

Таратпа материалдар

ҚР Конституциясы

ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

12-20 слайдтар

Таратпалар немесе ноутбуктер

21 слайд

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000087 Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті.

22 слайд

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

23 слайд

24 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • нені білдім, нені үйрендім
  • нені толық түсінбедім
  • немен жұмысты жалғастыру қажет

Стикерлер, ауызша жауаптар

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?