Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал, 2 - сабақ
Қосымша 1
Адам мен азаматтың конституциялық әлеуметтік құқықтары
http://www.adilet.gov.kz/ru/node/23782
Әлеуметтік құқықтар Қазақстан Республикасындағы адамның жалпы құқықтық мәртебесін анықтайтын конституциялық және негізгі мәртебеге ие, олар тек заңды түрде реттеліп қана қоймай, сонымен қатар кепілдемелер мен қорғаныс механизмдерінің жүйесімен қамтамасыз етілгенӘлеуметтік құқықтар тізімі кең мағынада,
- әлеуметтік қамтамасыз ету,
- әлеуметтік қорғаныс,
- әлеуметтік сақтандыру,
- қызмет ету құқығы,
- еңбек ету еркіндігіне құқық,
- қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдау,
- еңбектің қауіпсіз шарттары,
- қандай да бір кемсітусіз еңбекке ақы төлеу,
- жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы,
- еңбек даулары құқығы,
- демалуға құқық,
- тұрғын үй,
- білім алу,
- денсаулық сақтау құқығы.
Субъективті құқық иегерлерінің субъективті құрамына да ерекше тоқтала кеткен жөн. Елдің негізгі заңында әлеуметтік құқықтар ІІ «Адам және азамат» бөлімінде бекітілген, дегенмен еңбек ету еркіндігіне құқық, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқықтары секілді әлеуметтік құқықтардың бір бөлігі әрқайсысын, яғни кез-келген тұлғаны анықтау бойынша тиесілі болады.Өзге де әлеуметтік құқықтардың пайда болуы мен оларға ие болу Қазақстан азаматтығына ие болумен байланысты, осылайша, тек баспанаға мұқтаж азаматтарға ол заңмен белгіленген нормаға сәйкес мемлекеттік тұрғынүй қорынан қол жетімді бағаға беріледі, науқастанған, мүгедектік, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және өзге де заңды негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, жасына сай әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдендіріледі, Республика азаматы заңмен белгіленген медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ақысыз алуға құқылы. Сонымен қатар, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ азаматтардың конституциялық – құқықтық мәртебесінің елдің Негізгі заңында шектеулі болғанына қарамастан, ағымдағы, қолданыстағы заңнамада тек қана Қазақстан аумағында ұдайы мекен ететін тұлғалар ғана емес, мұндай мәртебесі жоқ – еңбек мигранттары, босқандар мен оралмандар да заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі конституциялық әлеуметтік құқықтарды қолдана алады.
ҚР азаматтарының мәдени құқықтары мен бостандықтары
http://www.adilet.gov.kz/ru/node/23782
- Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін білім алуға- 30 бап, мемлекеттік жоғары оқу орнына конкурстық негізінде болады
- Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану құқығы
- ҚР азаматтары тарихи және мәдени мұраларды сақтауға, қамқорлық жасауға және қорғауға міндетті- 37 бап
- Табиғатты сақтауға ұқыпты қарауға
- мәдени өмiрге қатысу;
- ғылыми прогресс пен оларды iс жүзiнде қолдану нәтижелерiн пайдалану;
- өзi авторы болып табылатын кез-келген ғылыми жұмыстарға, әдеби немесе көркем туындыларға байланысты туындаған моральдың және материалдық мүдделерiн қорғауды пайдалану құқығын таниды.
- мәдениеттi қолдау, Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы қызметiн жүзеге асыру және мәдени өмiрге қатысу құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау;
- азаматтардың өз мүдделерi мен қабiлеттерiне сәйкес кәсiби де, кәсiби емес те (әуесқойлық) негiздегi шығармашылық қызметiнiң еркiндiгi;
- азаматтардың мәдени құндылықтарды жасаудағы, қайта түлетудегi, сақтаудағы, дамытудағы, таратудағы және пайдаланудағы құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;
- тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
- қазақтың ұлттық мәдениетiнiң тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бiрi ретiнде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
- қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетiн дамыту және қоғамдық бiрлестiктерге бiрiгу еркiндiгi;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығармашылық одақтарға, өзге де қоғамдық бiрлестiктерге бiрiгу еркiндiгi;
- балаларды, оқушы жастарды ұлттық және әлемдiк мәдени құндылықтарға баулуға, эстетикалық және отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал ететiн тәрбие жүйесiн дамыту;
- нарық жағдайларында жұмыс iстеуi үшiн қолайлы орта қалыптастыруда мәдениет ұйымдарына жәрдемдесу болып табылады.
ҚР Конституциясының 39-бабы ешқандай жағдайда да шектелуi мүмкiн емес құқықтар мен бостандықтарға қатысты ереженi қамтиды, атап айтқанда:
- республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
- Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды;
- әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы;
- әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар;
- заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең
- тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды;
- әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар;
- ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету хақы бар;
- әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар;
- адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды;
- ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды;
- әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы;
- әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар;
- әркiмнiң ар-намыс бостандығына құқығы бар;
- меншiктiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi.
Конституция заңдық күшi жоғары заңнамалық акт болып табылады, сондықтан арнаулы заңнамалық актiлердi, соның iшiнде "Төтенше жағдайлар туралы" Заңды орындау конституциялық нормаларды сақтай отырып, жүзеге асырылуға тиiс.
http://www.adilet.gov.kz/ru/node/23780
ҚР азаматтарының экономикалық құқықтары
https://articlekz.com/kk/article/15875
- Меншік институты əр түрлі құқық салаларының нормативтік-құқықтық реттеу объектісіне жатады. Бірақ меншіктің негізі Қазақстан Республикасы Конституциясымен конституциялық құрылыс негіздерінде бекітіліп, адамның негізгі конституциялық құқықтарының жүйесіне кіретін болғандықтан жəне экономиканың дамуы меншіктің сан алуандылығына негізделгендіктен, осы институтты əлеуметтік бағыттағы экономикалық жүйенің элементі жəне конституциялық құқықтық категория ретінде қарастыруға негіз болып отыр.
- Адам жəне азаматтың еңбекке байланысты туындайтын экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Əлеуметтік құқықтық мемлекетті қалыптастыруда еңбек жəне соған байланысты туындайтын экономикалық құқықтар адамдардың өмір сүруінің құралы болып, тіршіліктерінің қайнар көзі болып саналады. Сонымен бірге адамдардың еркін кəсіп таңдау бостандығы, кəсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, еңбек ету бостандығы нарықтық экономикалық жүйенің əрекет етуіне негіз сала отырып, мемлекеттің əлеуметтік сипатқа ие болуына себеп болады.
- Экономиканы реттеу мен жоспарлау жүйесі.
- Экономикалық қызметтің конституциялық қағидалары. Осы элементтің маңыздылығы экономикалық жүйенің осы қағидаларға негізделіп қызмет етуінде өз көрінісін табады. Көптеген жағдайларда бұл қағидалар конституциялық құрылыстың негізін қалайтын болғандықтан, мемлекеттің экономикалық конституциясын құрады деп айтуға болады.
Мысалы 17-бап. Азаматтарға қандай да болсын еңбекпен, жер өңдеумен, кәсіппен, саудамен айналысуға тыйым салуға болмайды
Басты экономикалық құқықтар ретінде меншік иесі болу құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, еңбек ету бостандығын бекітіп, осы құқықтарды жүзеге асыруда тиісті еңбек ету жағдайымен қамтамасыз ету құқығына, тынығу құқығы мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, монополистік қызметтің заңмен реттелуіне кепілдіктермен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жеке меншік құқығы, еркін кəсіпкерлік қызмет, бəсеке мен жосықсыз бəсеке, еңбек ету ерік пен оны қорғау жəне т.б. нормалар көптеген мемлекеттердің конституцияларында бекітіліп, мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі қалаушы қызметті атқарып отыр. Мемлекеттерде экономикалық жүйенің негіздері көп жағдайда адам жəне азаматтардың əлеуметтік- экономикалық құқықтары мен бостандықтар жүйесі арқылы анықталып, бекітіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?