Абай Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі туралы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым...

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі туралы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ТЖ. 10.1.3.1 - көркем шығармада

ғы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

 Сабақ мақсаттары

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау

 Бағалау критерийлері

-Көркем шығармадағы кейіпкерлер моделін жасай алады;

- Негізгі идеяны аргументтермен байланыстырып айтады;

-Үзіндіні немесе басталған оқиғаны өз ойымен жалғастыра алады.

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайдтрмен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

https://www.youtube.com/watch?v=ClmZ2bIfS3w

Осы сілтеме арқылы он жетінші қарасөзді тыңдау арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

3мин.

Сыныпты түгендеу. Назарын шоғырландырып тыңдату.

Қызығушылықты ояту сұрақтары:

-Абай өлеңдермен бірге қазақ әдебиетіндегі ерекше қалам сермеген шығармалары қандай?

- Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не болды?

-Абайдың қандай қарасөздерін төменгі сыныпта өттіңдер?

Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?

Оқушыларға қосымша дерек ұсынылады.

ttps://infourok.ru/abaydi-on-zhetinshi-araszi-ashi-saba-601999.htm

1.Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.

2. Қарасөз –арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.

3. Ғақлия-көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

4. Абайдың қарасөзінің саны -45.

5. Бұл қарасөздер 1890-1898 жылдар арасында жазылған.

6. Қарасөздер алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы Абай журналында жарық көрді.

7. Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Оқушылар қайрат, жүрек, ақыл, ғылым болып төрт топқа бөлінеді.

Топ атаулары арқылы өздерінің сабақ тақырыбына болжам жасайды. Жүректің, қайраттың, ақылдың, ғылымның адам өміріне қатысы туралы және қанлдай ұғым екені туралы әр топ өз пікірлерін айтады.

Оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

МҚ

ttps://infourok.ru/abaydi-on-zhetinshi-araszi-ashi-saba-601999.htm

Сабақтың ортасы

5 мин

13мин.

12мин.

1-тапсырма. Тыңдалымалды тапсырмасы.

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты :

Үзіндіні өз ойларымен әр топ жалғастырып постерге жазады.

Оқушылардың құрастырған мәтіні тыңдалады. Одан кейін дұрыс түпнұсқасын бейнежазбадан тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=ClmZ2bIfS3w

Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтіннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ортақ талдайды.

Әр топқа төмендегі Абайдың нақыл сөзіне айналған негізгі аргументтер беріледі. Сол арқылы он жетінші қарасөзбен байланыстыра отырып, негізгі идеяны талдайды.

1-топқа « Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,

Сонда толық боласың елден ерек»

2-топқа « Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»

3-топқа « Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»

4-топқа

–Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат , ақыл , жүрек үшеуін ғана таңдап алған ?Оларды неліктен ғылымға әкеліп дауларының шешімін сұраған?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Топтық жұмыс.Әр топ кейіпкерлер

Жобасын (моделін) жасайды..

І топ – « қайрат»  ІІ топ – « ақыл»  ІІІ топ – « жүрек»

ІУ топ – адамға тиетін кеселдерді топтастырады

Әр топ өз кейіпкерлер моделін жасап болған соң, қасиеттерін «Кемел адам» моделіне енгізеді . Тұжырым жасайды. (өмірмен байланыстырады)

Сөздікпен жұмыс:

Мәдмәлат – мақсат , мұрат .

Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз .

Нәфсі – құмар

Ахирет – бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім

Дискрипторлар:

  • Үзіндіні өз ойларымен жалғастыра алады;
  • Тұпнұсқамен салыстырады;
  • Негізіг аргументтер мен қарасөздегі ортақ идеяны таба алады;
  • Кейіпкерлер жобасын жасай алады;
  • Өмірмен байланыстыра отырып, тұжырым жасай алады,
  • Сөздікпен жұмыс жүргізе алады.

https://www.youtube.com/watch?v=ClmZ2bIfS3w

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Үйге тапсырма

Мұғалім:

- Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдіңіздер?(оқушылар сабақтағы негізгі құндылықты айтады)

 

Не қиын болды?

Не қызық болды ?

Екі ұсыныс...

Он жетінші қарасөзін жаттап келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Он жетінші қарасөз

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болады. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» – депті. Онан соң жүрек айтыпты: «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, – депті. -Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, – депті. – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. – Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу