Абай Құнанбаев шығармашылығы. «Сегізаяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
1 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1 – шумақ: Етістіктерге назар аудара отырып, олардың иесін табыңыз, қиуа, тағы сөздерінің өлеңдегі мағынасын түсіндіріңіз.
2 – шумақ: Көркемдеуіш құралдарды, контекстегі антоним сөздерді табыңыз, өлеңге берер мәнін түсіндіріңіз.
3 – шумақ: «Надан адамның» бейнесін Абайдың сөздерімен суреттеңіз.
4 – шумақ: Авторлық көзқарас, авторлық идеяға талдау жасаңыз.
Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?
Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?
Алыстан сермеп,
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәћра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ — ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде;
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насиқат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан.
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз ақыл —
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз жарым ес,
Өз ойында ар емес.
2 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1 – шумақ: Автордың адамдарға тағар сынын анықтаңыз. «Пайдасыз тақыл – байлаусыз ақыл» сөзі қандай көркемдеуіш құрал? Мағынасын түсіндіріңіз.
2 – шумақ: Автордың адам бейнесіне тағар сынын анықтаңыз. «Күпілдек мақтан, табытын қаққан» сөздерінің мәнісін түсіндіріңіз.
3 – шумақ: Автордың оқуырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз.
4 – шумақ: Автордың оқуырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз.
Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?
Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?
Пайдасыз ақыл —
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны.
Күпілдек мақтан,
Табытын қаққан
Аңдығаны, баққаны.
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей —
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол — бай тап,
Адам бол — мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын, көзің ашылмас.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой
Өкінер уақтың болды ғой.
3 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1 – шумақ: Абай өлеңіндегі заман мәселесі(проблемасы) неде? Афоризм сөзді табыңыз.
2 – шумақ: Өлең шумағында бейнеленген автордың сезімін анықтаңыз.
3 – шумақ: Автор бейнелеген образға мінездеме беріңіз.
4 – шумақ: Алғашқы 6 жолдағы іс – әрекетке анықтама беріп, авторлық ойды түсіндіріңіз. Риторикалық сұрақты пайдаланудағы авторлық мақсат неде?
Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?
Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақтың болды ғой.
Жұмыссыз сандал,
Еріксіз малды ал
Деген кім бар сендерге,
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш
Табылар кісі жөндерге.
Үш-төрт жылғы әдетің
Өзіңе болар жендетің.
Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды,
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды.
Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,
Тартыпты өнер жоқтыққа.
Қайратым мәлім, —
Келмейді әлім,
Мақсат — алыс, өмір — шақ.
Өткен соң, базар,
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?!
Кеш деп қайтар жол емес,
Жол азығым мал емес.
Бір кісі мыңға,
Жүз кісі сұмға
Әлі жетер заман жоқ.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым
Айғаймен өтті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір.
4 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1 – шумақ: Автордың оқырманға айтар ақыл – кеңесін анықтаңыз.
2 – шумақ: Өлең жолдарындағы авторды өкінішке душар ететін мәселені анықтаңыз, түсініктеме беріңіз.
3 – шумақ: Өлең жолдарына түсініктеме беріңіз, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған? «Жартас» сөзінің мәні неде?
4 – шумақ: «Атадан алтау, анадан төртеу» сөздерініңі мағынасын түсіндіріңіз? Өлең жолдарындағы ақынның көңіл – күйін анықтаңыз.
Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?
Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсін бұйрығың.
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Есітіп үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып..
Баяғы жартас — бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Жаяуы қапты,
Аттысы шапты,
Қайрылып сөзді кім ұқсын.
Іште дерт қалың,
Ауыздан жалын
Бұрқ етіп, көзден жас шықсын.
Күйдірген соң шыдатпай,
Қоя ма екен жылатпай?
Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек,
Жанбасқа батар, ұйқы жоқ.
Сыбыр боп сөзі,
Мәз болып өзі,
Ойланар елдің, сиқы жоқ.
Баяғы қулық, бір алдау,
Қысылған жерде жанжал-дау.
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым — тап шыным
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?