Абай Құнанбаев шығармашылығы. «Сегізаяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:2

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев шығармашылығы. «Сегізаяқ» өлеңі

Оқу мақсаттары

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау 10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану

Сабақтың мақсаттары

көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

«Сегізаяқ» өлеңінің жанрлық табиғатын тану

Бағалау критерийлері

Көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды

«Сегізаяқ» өлеңін жанрлық табиғатына талдайды

Тілдік мақсаттар

Көрекм шығарманы талдау.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Қызығушылығын ояту

Абай Құнанбаевтың "Сегіз аяқ" әні тыңдатылады.

Оқушылардан бұл ән мен сегізаяқтың не байланысы бар екені сұралады. Егер оқушылар білмесе, оқу барысында табуға тырысуға шақыру керек.

https://www.youtube.com/watch?v=gMzQ4VbYyT4

2 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін белгілеу.

Сабақтың ортасы

10 минут

6 минут

7 минут

3 минут

Мағынаны тану

Оқушыларға «Шумақтап талдау» стратегиясымен «Сегіз аяқ» өлеңін оқу ұсынылады.

1 тапсырма

1 ТОП

1 шумақ: Етістіктерге назар аудара отырып, олардың иесін табыңыз, қиуа, тағы сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

2 шумақ: Көркемдегіш құралдарды, мәнмәтіндегі антоним сөздерді (антитеза) табыңыз, өлеңге үстеген мәнін түсіндіріңіз.

3 шумақ: «Надан адам» бейнесін Абайдың сөздерімен суреттеңіз.

4 шумақ: Авторлық көзқарас, авторлық идеяға талдау жасаңыз.

Өздеріңізге берілген өлең шумақтарының жанрлық ерекшеліктеріне пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?

Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?

2 ТОП

 1 шумақ: Автордың адамдарға тағар сынын анықтаңыз. «Пайдасыз тақыл – байлаусыз ақыл» деген сөз қолданысының мағынасын түсіндіріңіз.

 2 шумақ: Автордың адам бейнесіне тағар сынын анықтаңыз. «Күпілдек мақтан, табытын қаққан» сөздерінің мәнін түсіндіріңіз.

 3 шумақ: Автордың оқырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз.

 4 шумақ: Автордың оқырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз.

Өздеріңізге берілген өлең шумақтарының жанрлық ерекшеліктеріне пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?

Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?

3 ТОП

 1 шумақ: Абай өлеңіндегі заман мәселесі (проблемасы) неде? Афоризм сөзді табыңыз.

 2 шумақ: Өлең шумағында бейнеленген автордың сезімін анықтаңыз.

 3 шумақ: Автор бейнелеген образға мінездеме беріңіз.

 4 шумақ: Алғашқы 6 тармақтағы іс-әрекетке анықтама беріп, авторлық ойды түсіндіріңіз. Риторикалық сұрақты пайдаланудағы авторлық мақсат неде?

Өздеріңізге берілген өлең шумақтарының жанрлық ерекшеліктеріне пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?

Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?

4 ТОП

 1 шумақ: Автордың оқырманға айтар ақыл-кеңесін анықтаңыз.

 2 шумақ: Өлең жолдарындағы авторды өкінішке душар ететін мәселені анықтаңыз, түсініктеме беріңіз.

 3 шумақ: Өлең жолдарына түсініктеме беріңіз, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған? «Жартас» сөзінің мәні неде?

 4 шумақ: «Атадан алтау, анадан төртеу» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз. Өлең жолдарындағы ақынның көңіл күйін анықтаңыз.

Өздеріңізге берілген өлең шумақтарының жанрлық ерекшеліктеріне пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар?

Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?

Топтық таныстырылым. Топтар жұмыстарын сыныпқа таныстырады. Басқа топтар жұмыстарды дескрипторларға сәйкес бағалайды.

Дескрипторлар:

- шығармадағы көркемдегіш құралдарды және олардың орны мен қызметін анықтайды;

- өлең шумақтарына өз пікірлерін білдіреді;

- шығарманың жанрлық табиғатына пікірін білдіреді.

2 тапсырма

Т Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңыз.

Автор, шығарма

Тақырыбы

Жанр түрі

Идеясы (Идея – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді)

Шумақ саны (Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді)

Тармақ саны. (Тармақ – өлеңнің әр жолы)

Бунақ саны (Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)

Буын саны (Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)

Ұйқас түрі (Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз)

Әдеби-теориялық ұғымдар (троптар мен фигуралар).

Түсіндірме сөздік

Топтар жұмыстарын салыстырады, талқылайды. Қателері бар болса – түзетеді. Мұғалім тапсырманың орындалуы бойынша кері байланыс береді.

Тапсырма үлгісі http://sk.nis.edu.kz/Bank/List?Group=21 сайтынан алынды

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия «Үш сөйлем»

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу