Абай Құнанбаев «Лай суға май бітпес қой өткенге». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Лай суға май бітпес қой өткенге»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.2.2.1-автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

Сабақтың мақсаттары

Шығармадағы автор бейнесінің көрінісін анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы оқиғаны талдайды;
  • Автор бейнесінің көрінісін табады;

Тілдік мақсаттар

Лексикалық бірліктер: Халлақам-жаратушы

Дәһрі – дінсіз

Мәкан – мекенсіз, орынсыз

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбаевтың өлеңдері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Кезекшімен сұхбат
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

 

ІІ.Қызығушылықты ояту

  • «Лай суға май бітпес қой өткенге...» өлеңі не туралы деп ойлайсыңдар?
  • Өлеңді дауыстып оқып шығыңдар.
  • Мәтінде кездесетін негізгі тірек сөздерді анықтау

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.

https://www.youtube.com/watch?v=yQpv4VIhEys

(00:00-00:51)

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

Қосымша

Лай суға май бітпес қой өткенге...

Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады, көлемі 28-жол. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадантуған бір алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады» (Әуезов М. Шығ.жинағы, А., 1985, 20-т., 164-165-6.).

 Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні.Тәңіріні тани алмай қор болатын шалалықты, мақсатсыз құр мүлгуді шенейді. Әрине, бұлай сынау - тәңіріне шек келтіру емес. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей тұрып, тәңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды, саналы болуы керектігін айтады. Өлең - осындай қарама-қайшы пікірге толы, драмалық қуаты күшті туынды. 11 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақтажарияланды. Өлеңнің кейбір басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер бар. Мүрсейіт қолжазбаларында 4-шумақтың 4-жолы «Талапты тағы да ойлап зор қылады» деп жазылса, 1909193919571977 жылғы басылымдарда «Талпынып тағы да ойлап зор қылады» болып басылған. Ал 19331939 жылғы жинақтарда 7-шумақтың 1-жолы «Өмір жолы - тар соқпақ, бір иілген жақ» түрінде берілсе, 190919571977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Өмір жолы тар соқпақ, бір иген жақ» - деп өзгертілген. Өлең өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ тілдеріне аударылған. (281 сөз)

Тапсырма №1

Оқушылар өлең мазмұнымен танысып, «5 проблемалық сұрақ және жауап» әдісі бойынша 5 сұрақ құрастырады.

Дескриптор

  • Проблемалық сұрақтар құрастырады;
  • Сұрақтарға жауап береді;

Тапсырма №2

Оқушылар үш топқа бөліну арқылы өлең үзінділерімен жұмыс жасайды.

Өлеңнен үзінді

Автордың бейнесі қалай көрініс табады?

Лай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?

Берген бе тәңірім саған өзге туыс?

Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.

Шарықтап шартараптан көңіл сорлы

Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс?

1-топ

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі.

Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһрі.

Өзгені ақыл ойға қондырады,

Біле алмай бір тәңіріні болдырады.

Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,

Талпынып тағы да ойлап зор қылады.

2-топ

Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.

Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,

Иілтіп екі басын ұстаған хақ.

Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ,

Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.

3-топ

Дескриптор

  • Автор бейнесін анықтайды;
  • Көтерілген мәселені талдайды;

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

Өлеңнің құрылысына талдау жасау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу