ҚМЖ. Құқық негіздері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ

Құқық негіздері

Мектеп:

Уақыты:1 сағат

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау

 Сабақтың мақсаты

Қазақстандық қоғамның саяси жүйесі түсінігі ашылады, мемлекет оның негізгі элементі ретінде қарастырылады

 Бағалау критерийлері

Білу мен түсіну

Саяси жүйе және оның элементтері туралы біледі

Қолдану

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің элементі ретіндегі белгілерді Конституция баптарымен сәйкестендіреді

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Мемлекет, саяси жүйе, саяси партия, оппозиция, лоббистік ұйым

Диалог құруға қажетті сөздер топтамасы:

Мен...деп ойлаймын

Біздің тобымыздың ойынша....

Біздің анықтағанымыз...

Оған дәлел болады....

Алдыңғы меңгерілген білім

Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

6 мин

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Төмендегі сұрақтарды қою арқылы сыныптық талқылау жүргізу:

- Қоғамның саяси жүйесі дегенді қалай түсінеміз?

- Қоғамға саяси жүйе не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

- Саяси жүйенің маңызын қалай бағалар едіңдер?

Балалардың ойын тыңдаған соң саяси жүйенің анықтамасын тақтада көрсету:

Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз - елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.

http://adilet.zan.kz

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Ортасы

10 мин

20

мин

Ж.Берілген таратпа материалының 1 қосымшасына сәйкес жұппен келесі тапсырманы жазбаша орындайды:

1. Саяси жүйенің элементтерін анықтау

2. Саяси жүйе элементтерінің қоғамдағы мақсатын атау

3. Саяси жүйенің ең негізгі элементін табу

Т. 1. Қосымша 2 мен Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарын пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырады:

Мемлекет саяси жүйенің элементі ретінде

Қазақстан Республикасы Конституциясында көрініс табуы (баптары мен тармақшаларында)

Азаматтың жеке басының бостандығы

Саяси плюрализм

Мемлекеттік биліктің бөлінуі

Сайлауға және сайлануға құқық

Адам құқығының сақталуына кепілдік

Әр топ жазғандарын сынып ішінде оқып, бір-бірімен салыстырады, бағасын береді.

2. Топта неліктен мемлекет саяси жүйенің негізгі элементі екендігін талқылау қажет. Жауаптарын төмендегідей тұжырымдайды:

  • Біздің тобымыздың ойынша....
  • Біздің анықтағанымыз...
  • Оған дәлел болады....(екі дәлел келтіру)

Соңы

4 мин

Рефлексия

  • Сабақта нені білдік?
  • Сабақ көңілдеріңізден шықты ма?
  • Сабақ сіздерге қандай ой салды?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?