Отбасының әлеуметтік мәні неде? Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Капарова К.У.

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы

Отбасының әлеуметтік мәні неде?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау

Сабақ мақсаттары

 Бағалау критерийлері

Отбасы ұғымын, отбасының функцияларын, отбасының әлеуметтік топ екенін біледі. Қазіргі заманғы отбасының негізгі қызметтерін көрсетеді. Отбасының қоғамдағы орнына баға береді.

 Тілдік мақсаттар:

Отбасының қоғамдағы орны туралы өз ойларын айта алады Отбасы туралы негізгі ұғымдармен жұмыс істей алады: әке, ана, бала, әлеумет, қоғам т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу, отансүйгіштік, патриоттық, қайырымдылық.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, өзін- өзі тану.

 АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

 

Отбасы мүшелерінің құқығы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

5- 10 минут

«Ойталқы»

 “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі” яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.

“Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі” 

“Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”

“Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы”

Осы төрт анықтамадан қандай ортақ ой түюге болады?

Оқушылар пікірі тыңдалып, кері байланыс беріледі.

Ресурстар

Сабақтың ортасы

20-25 минут

1 тапсырма Жұптық жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Инсерт (түртіп алу) әдісі

  • білемін

+ жаңа мәлімет

  • менің ойыма қарсы

? сұрақ туды

Оқушылар жауабы тыңдалып, кері байланыс беріледі.

2 тапсырма (Саралау) Жеке жұмыс

Кесте толтыру

Отбасының әлеуметтік мәні

Отбасының функциялары

Отбасының әлеуметтік маңызы

Критерий:

  • Отбасының әлеуметтік мәнін сипаттайды;
  • Отбасының кем дегенде 2 функциясына түсінік береді;
  • Отбасының әлеуметтік маңызына баға береді.

«Еркін микрофон»

«Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылыс отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды» деген автор сөзіне қазақстан қоғамына қатысты пікіріңізді білдіріңіз.

Критерий:

  • Автор сөзіне өз пікірін білдіреді;
  • Нақты дәлелдер келтіреді.

Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Заң

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Сөйлемді жалғастыр»

Бүгін мен ..................білдім.

Мен үшін................ қызықты болды.

Мен мынаны түсіндім…

Мені таңғалдырды…

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Мұғалім сынып оқушыларын топтарға бөліп оқыту арқылы коммуникативті дағдыны ғана дамытып қоймай, сонымен қоса қабілеті жоғары оқушылардың қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетуін де қамтамасыз етеді. Қабілеті төмен оқушылар талқылаған мәселелерді айта алса, қабілеті жоғары оқушы жеке тәуелсіз пікір айтады, оның үстіне күрделі сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім сабаққа топтың барлық мүшелері тегіс қатысып отыруын қамтамасыз етуі керек.

Топтардың маңыздылықты талқылауына қатысып, қажетілікке қарай қолдау көрсету

Топ оқушыларының шешімдерін ұсынуы кезінде тақырыпты және маңыздылық талаптарын түсінуін бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?