Қылмыстық жауапкершіліктің мәні неде? Құқық негіздері, 9 сынып, қосымша материал.


  • 1. Кәмелет жасқа толмаған азамат Б. денсаулық жағдайы аса ауыр туған әжесіне қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін дәріханаға барады. Дәріхана қызметкері сұраған дәріні ұсынады. Азамат Б. бұл дәрінің өте қымбаттығына көз жеткізеді. Ақшаны жақын тума-туыстардан сұрап алғанымен жиналған қаражат жеткіліксіз болады. Нәтижесінде азамат Б. дәріханаға түнгі уақытта ұрлыққа түсіп жаңағы дәріні ұрлап кетеді. Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс ашып, кінәліні анықтап, азамат Б.-ны 3 жылға бас бостандығынан айырады.

ҚР Қылмыстық кодексі

4-бап. Қылмыстық жауаптылықтың негiзi

      Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Дәл сол бiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн ешкiмді де қылмыстық жауаптылыққа қайталап тартуға болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi.

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

      1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

      1) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау;

      2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы;

      3) жүктілік;

      4) кінәлі адамның жас балаларының болуы;

      5) медициналық немесе өзге де көмекті көрсету салдарына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жәбірленушіге тiкелей осындай көмек көрсету;

      6) қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;

      7) жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық уәжімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      8) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгiне қарай қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      9) қажеттi қорғаныстың, аса қажеттiлiктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу кезінде, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау;

      10) жәбiрленушiнiң қылмыстық құқық бұзушылыққа түрткi болған заңға қайшы немесе бейморальдық мінез-құлқы;

      11) шын ниетпен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да сыбайлас қатысушыларын әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесiнде алынған мүлiктi іздестіруге белсенді түрде ықпал ету.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететін мән-жайлар ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

      3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында қылмыстық құқық бұзушылық белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайтадан ескерiлмеуі мүмкін.

      Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

188-бап. Ұрлық

      1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен;

      4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық –

      мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Мынадай:

      1) ірi мөлшерде;

      2) бірнеше рет жасалған ұрлық –

      мүлкi тәркiленiп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) мұнай-газ құбырынан;

      3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық –

      мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. 188-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңы

2-бап. Жазадан босатылатын адамдар

      1. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады.      2. Ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар:      1) кәмелетке толмағандар;      2) жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар;      3) I, ІІ және IIІ топтардағы мүгедектер;      4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдар;      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;      6) әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдер жазадан босатылады.      3. Осы баптың 2-тармағының күші қолданылмайтын, ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған:      1) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан және пробациялық бақылаудағы;       2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63-бабы қолданыла отырып, сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза тағайындалған адамдар жазадан босатылады.

4-бап. Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту

      1. Ауыр қылмыстар үшiн сотталған:      1) кәмелетке толмағандарға;      2) жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға;      3) I, ІІ және ІII топтардағы мүгедектерге;      4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға;      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;      6) әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердің жесiрлерiне, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдерге;       7) қылмыспен келтірілген залал толық өтелген жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген экономикалық қызмет саласындағы ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің жартысы қысқартылсын.      2. Осы баптың 1-тармағының күші қолданылмайтын, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің төрттен бірі қысқартылсын.      3. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдарға:      1) кәмелетке толмағандарға;      2) жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға;      3) I, ІІ және ІII топтардағы мүгедектерге;      4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға;      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;      6) әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердің жесiрлерiне, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдерге осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің бестен бірі қысқартылсын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?