Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай. Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2D Отбасылық құқықтық қатынастар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.5.3.1 ¬ отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Отбасы қатынастарының құқықтық реттелуін түсінеді

 Жетістік критерийлері

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін ажыратады

Отбасының әр мүшесінің құқықтары мен міндеттерін сәйкестендіреді

Проблемалық жағдаяттың шешімін шығарады, баға береді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Ролдік ойынға қатысады, некенің тоқтатылуы туралы пікір алмасады (айтылым дағдысы)

Пәннің сөздік қоры / Пәннің лексикасы мен терминалогиясы

некенің бұзылуы

некенің тоқтатылуы

некенің жарамсыздығы

 Құндылықтарды дарыту

 

 

«Мәңгілік ел» ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ

Зияткерлік мектептердің құндылығы:

ҚҰРМЕТ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану пәні –адамгершілік тұрғыда жағдаяттарды шешеді

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар ғаламтормен жұмыс жасай отырып, жағдаяттық тапсырмаларды дайындайды

Бастапқы білім

Отбасы құқығы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Бейнебаян көрсету.

1.Видеороликтен не байқадыңыздар?

2.Қандай отбасы бейнеленген?

3.Қандай құңдылық байқадыңыздар?

Т Ролдік ойын. Сыныпты 3 топқа бөліп, келесі сұрақтар аясында тапсырмалар беріңіз:

1. Неліктен жұптар үйленеді?

2. Неліктен ерлі-зайыптылар ажырасады?

3. Адвокат ажырасуға байланысты қандай заңи кеңес бере алады?

Сабақтың ортасы

Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға бөліп ролдік ойын ұйымдастырыңыз:

ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылар

қорғаушы (адвокат)

заңи мәселелерді талдайтын, ролдік ойынның соңында бүкіл сыныпқа есеп беретін адам

Б (Қосымша) «Ажырасудың салдарлары» тақырыбына бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырыңыз.

Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;

Отбасы мүшелері http://www.youtube.com/watch?v=YCP5f16NEzg

Сабақтың соңы

Ж Мұғалім ұлттық құндылықтардың сақталуына қарай қорытынды шығаруға ұмтылғаны дұрыс, себебі отбасы мемлекеттің келешігін анықтаушы басты құндылық болып табылады.100 сөзден аспайтын қорытынды жазбаша жұмыс: Некеге тұруға және ажырасу кезінде заңнаманың нақтылығы неліктен маңызды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау

Көзге арналған жаттығулар ұйымдастыру, топтастыруға байланысты қолданылатын белсенді қозғалыс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?