Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Келісілді»

Әдістемелік бірлестік жетекшісі:

Мектеп:

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Сынып: 9Т1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі

Оқу мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

 Сабақтың мақсаты

Шығарманы басқа мазмұндас өлеңдермен салыстырады;

Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Бағалау критерийлері

  • Шығарманы салыстыра алады;
  • Тарихи мен көркемдік тұлғасн бағалай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: троп түрлері, автор стилі, талдау, автор идеясы, мазмұн

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Шығарманы оқуға,сюжетін меңгеруге, негізгі ойды анықтауға, қарама- қайшылықты анықтауға,оқиғасын болжауға және шығармашылық, сыни тапсырмаларға жетелейді.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, қазақ тілі

 Алдыңғы білім

Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы қайталау

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

(Әр кезеңнің уақытын көрсету)

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

5 мин

Ой шақыру. Тақтада Төлеген Айбергенов туралы қанатты сөздер мен ой-пікірлер ұсынылады.

  • Төлеген Айбергеновтің «Сағынбай барсаң таулар да сенің, алдыңнан шықпас асқақтап» - деген өлең жолдарын шекараның кіре берісіне алтын әріптермен жазып қойса да артық емес. Сағынбай, сүймей тұрып өлең жазбаған ақынның оптимистік жырлары адамды өмірге өзгеше қырынан қарауға үйретеді.
  • Төлеген сияқты қадау ақындардың тегеуріні өзіне ешқандай теңеуді дарытпайды. Ол шын мәнінде ақын еді. Шығармашылық бабына келген 30 жасында мезгілсіз өмірден озған ақынның Қасымнан кейінгі қазақ поэзиясына жаң түр, өзгеше өң бергені жасырын емес.
  • Айбергенов поэзиясының әсеріне елігіп, ақ жүректі ақынның егіле-төгіле жырлауына еліктеп өскен жыршылардың бірі - Мұхтар Шаханов. Талай шырғалаңға ұшыраса да Махамбет мінезді Төлегенше жазуға талпынған ақын. Ол өз сөзінде: «Төлеген Айбергенов, Шәмші Қалдаяқов үшеуміз ерекше достық қарым-қатынаста болдық. Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, соның ішінде менен басқасы түгел о дүниелік болып кеткен. Неше балаңыз бар деп сұраған адамдарға: «Менің үш балам бар: үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – мына Мұхтар» – дейтін. "Шәмші де, Төлеген де анамды ерекше қадірлейтін"- деді. Мұхтар Шаханов Төлеген шығармаларынан нәр алып, ағалық ақылын тыңдап, қасында жүріп, көп нәрсені үйренген.

Сынып ұсынылған 3 пікрілер арқылы 3 топқа бөлініп, әр топ өз ой-пікірлерін талдап, талқылап береді.

слайд

Мақсат қою

3 мин

Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені түсіндіріледі

Жаңа материалды игеру

15 мин

1-тапсырма. САЛЫСТЫРУ әдісі

Яғни әр топ өздеріне ұсынылған ақын-жазушылардың шығармашылығымен Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын салыстыра отырып, талдайды. (постер арқылы ұсыну)

1-топ: Төлеген және Мұхтар

2-топ: Төлеген және Мұқағали

3-топ: Төлеген және Қасым

Дескриптор: Ақынның шығармашылығын ұқсас туындылармен салыстыра отырып, талдайды.

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24159/

ноутбуктар ұсынылады

Сабақты бекіту

15 мин

2-тапсырма. «Шағын эссе жазу»

«Т. Айбергенов шығармаларындағы тарихи және көркемдік құндылықтың орны» тақырыбында эссе жазу – 80-100 сөз

Дескриптор:

Шығармалардағы тарихи және көркемдік құндылықты таба алады;

Өз бағасын бере отыра, эссе жаза алады

Қосымша деректер

10 жылдай ғана жыр жазды

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады. (Өлеңдерін атап өту)

Мұхтар Шаханов ол туралы бір өлеңінде:

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған

Махамбет пен Сен ғана – деген еді.

Нағыз жыр перзенті

Азғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. Жарық дүниенің 30-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.

Ақын Мұқағали Мақатаев жыр перзентіне арнаған «Төлегенге» өлеңінде:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

Торғай – өлең шырылдап бара жатты,

Аузында ажал деген сұрапылдың... деп жырлапты.

Рефлексия

2 мин

  • Кері байланыс: «3-2-1»

3 негізгі ақпарат

2 маңызды факті

1 қорытынды

Үй тапсырмасы

Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын қайталау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу