«Музыкадағы ырғақ». Музыка 1 сынып. Сабақ жоспары.


7 - бөлім: «Тағамдар мен сусындар»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 25.03.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г. Ғ.

Сынып: 1 «А»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып:

«Музыкадағы ырғақ»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау

(жеке және топ құрамында)

1.1.1.1 тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту

3.2 Терминологияны пайдалану

1.3.2.1 музыканы сипаттау үшін музыкалық терминдерді (жоғары, төмен, қатты, ақырын, т.б) қолдануды бастау

Сабақ мақсаты

  • Оқушыларды пауза белгісімен таныстыру
  • ноталар мен паузаны қолдана отырып, ырғақ құрастыру және соғып үйрену
  • «Жарайсың» әнін үйрену

 Бағалау критерийлері

  • Әр түрлі қарапайым ырғақтарды құрастырады және орындайды
  • «Жарайсың» әнін сыныппен бірге айтады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

музыканың түрлі көңіл-күйін нақты жеткізе алады.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Пауза

Жарайсың

Ырғақ

Тағамдар

Сусындар

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл суретте неше ырғақтық соққы көрсетілген?

Өз ырғағыңды сен қалай бағалайсың?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтасық- басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Өнер – оқушылар тағамдардың өрнектерін салады, бір суретті қайталау мен ауыстыру арқылы сурет салады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация көрсетуде қолданылады

Бастапқы білім

Оқушының тұрақты ырғақты сақтау, дыбыспен белгіні зерттеу қабілеттерін дамытты

Жоспар

Сабақ кезендері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Музыкалық сәлемдесу

Сә-ле-мет-сіз-бе!

(Соль-ми-соль-соль-ми)

  • Балалар, қазір біз сендермен тағы бір рет амандасамыз, бірақ мен мына белгіні көрсеткен кезде сендер буынды іштеріңнен айтасыңдар.

Сабақты көктем туралы тақпақ оқудан бастау

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап, гүл атты.

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай, көрікті!

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын ашу

Тақпақты екі түрлі оқу кідіріссіз, бір деммен оқып шығу

Оқушыларға сұрақтар қою

  • Сен бұл өлеңді қалай оқушы едің?
  • Өлеңді оқыған кезде не жетіспей тұр деп ойлайсыңдар?
  • Балалар, сабақтың басында мен сендерге бір белгі көрсеткен болатынмын. Сол белгіні анықтап тауып алыңдаршы.

/Мұғалім оқушыларға түрлі карточкаларды көрсетеді, оқушылар пауза белгісін анықтауы тиіс. /

  • Балалар, көптеген белгі түрлері бар, музыкада да біз белгілерді қолданамыз. Пауза белгісін көрген кезде біз тоқтауымыз керек деген сөз. Пауза- белгіленген ұзақтық мерзіміндегі кідіріс немесе үнсіздікті білдіретін музыкалық белгі.
  • Қазір әрқайсың өз есімдеріңді пауза жасап айтып көріңдерші.

Оқушылар өз есімдерін кезек-кезекпен кідіріс жасай отырып айтады.

  • Балалар, сендер өз есімдеріңді айтқан кезде не байқадыңдар?
  • Паузаны қолданып есімдеріңді айтқан уақытта ырғақ пайда болды ма?

Оқушыларды топтарға бөлу

Сыныптың ішінде ілініп тұрған жемістердің суреттерін жинау арқылы топтарға бөлу.

1 топ- алма

2 топ- шие

3 топ- құлпынай

Оқушылар сынып қабырғасында ілініп тұрған түрлі жемістердің суреттерін тауып алады, сол жемістер бойынша үш топқа бөлінеді.

2 тапсырма. Ырғақты соғу

Жемістердің суреттерін жинақтап әр түрлі ырғақ ойлап табыңдар.

Оқушыларға екі жеміс қатарынан тұрса, екі шапалақ ал бір жеміс болса бір шапалақ екенін айту. Оларға пауза белгісін түсіндіру.

  • Әр топ өз жемістерін жинақтап, ырғақ ойлап табады.
  • Әр топ өз ырғақтарын шапалақтайды.
  • Ырғақты аспаппен соғады.

3 тапсырма. Әуен шығару

Оқушыларды топтар бойынша ауыстыру, сағаттың тілі бойынша шие тобы алма тобына, алма тобы құлпынай тобына барады.

Оқушылар тағам немесе сусын атауларын ырғаққа салып орындау керек.

Сүт, кө-же, ба-уыр-сақ, шы-рын, қы-мыз, алма, таңқурай, шие, нан, алмұрт

Оқушыларды жұпқа бөлу-

Жұптық тапсырма:

Соль және ми ноталарын құрастыра отырып, тағамдар туралы ән шығару. Әр жұп өз әуендерін металлофон аспабында орындайды.

4 тапсырма. Ән айту

Оқушылар «Жарайсың» сөзі Ә. Естенов, муз А. Тани әнін үйренеді.

  • Үздік шықтың сабақта

Бәрекелді, жарайсың

Талабы зор талантқа

Басын иер талай шың.

Жарасың, жарайсың, жарайсың!

  • Біліктілік өресі

Ой-санаңды жақсы күт

Сабақта да келесі,

Серік болсын сәттілік!

Сәттілік, сәттілік, сәттілік!

Жарайсың, жарайсың, жарайсың!

5 тапсырма. Әнге сүйемелдеу қосып орындау

Оқушылар музыкалық аспаптардмен әнге ырғағақтық сүйемелдеу жасайды

Рефлексия:

Әрбір оқушыға сары және жасыл түсті смайлик тарату. Оқушыларға сабаққа қатысу және сабақ барысын бағалауды ұсыну,

  • егер сабаққа толық қатыстым деп санасаңдар, жасыл смайликті, ал егер сабаққа көңілім толмады деп ой білдірсеңдер сары смайликті көтеру қажет.

Металлофон аспабы

Пауза белгісі көрсетілген карточка

Презентация

Қабырғадағы суреттер

Музыкалық аспаптар

Пауза белгісі, және жеміс суреттерін әр топқа тарату

Тірек сөздер тарату

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Аспапта ойнаған кезде оқушылардан дыбыс күшін қадағалауды сұрау.

Ырғақты соғуда қиналатын оқушыларға жеке көмек көрсету, көпіршелер орнату

Бақылау, тыңдау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері бойынша

• сабаққа қажетті құралдарды алдын-ала қарап, оқушылардың денсаулығымен өмір қауіпсіздігіне қауіптің жоғына көз жеткізу

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу