Мен және менің мектебім. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1Б бөлім: Менің мектебім Күні: Сынып: 1В | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Мен және менің мектебім | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.1 Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: өз мектебі туралы біледі Көптеген оқушылар: мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы біледі; Кейбір оқушылар: кітапханана қызметін пайдалануды үйренеді. | ||||||||
Тілдік мақсат | Мұғалім Аспаз Кітапханашы Дәрігер | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар білетін болады:
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың мектепке және мектеп қызметкерлеріне деген құрметін тәрбиелеу. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, әдебиет | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||||||||
Бастапқы білім | Мектепте өзін ұстау ережелерінің маңызын түсінеді | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. Психологиялық сәт:«Ертеңгілік шеңбер» Ұ) Қайырлы таң, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды). Қайырлы таң, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды). Қайырлы таң, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). Қайырлы таң, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу). Қайырлы таң, күн! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады) . ІІ. Сабаққа кіріспе
| Шаттық шеңбері Асханадағы аспаз, кітапханадағы кітапханашы, дәрігер бөлмесіндегі дәрігер, сыныптағы мұғалім бейнеленген сюжетті суреттер. | |||||||
Сабақтың ортасы | III. . Жаңа сабақты меңгерту
IV.Кітапханаға саяхат
Кітапхана алғаш рет ежелгі Шығыста пайда болды. Саздан жасалған тақтайшаларды алғашқы кітапхана деп атаған. Олар шамамен б.з.д. 2500 жылы негізі қаланған Вавилонның Ниппур қаласының ғибадатханасынан табылды. Өте танымал көне шығыс кітапханасы ретінде б.з.д. VII ғасырда Ниневидегі ассириялық Ашшурбанипала патшасының сарайынан табылған сына жазу тақташаларының жинағын айтуға болады. Ежелгі Грекияда алғашқы кітапхананың негізін Гераклде Клеарх құрды.Александрия кітапханасының негізін б.з.д. Птоломей І құрды. Ол ескі кітаптардың ірі орталығы болды.Абай атындағы Семей кітапханасы – Қазақстандағы тарихи кітапханалардың бірі.Ол 1883 жылғы 20 қыркүйекте құрылған. Кітапхана құрастыру ісін Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер бастады. Құрылған жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болды. Кітапхана қызметін130 оқырман пайдаланды. Кітапхананың алғашқы келушілерінің қатарында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаев та болды.
V. Дәптермен жұмыс 1.Өз кітапханаңдағы заттардың орналасу ретін еске түсір 2. Кітапхананың сұлбасын салғызу | Ы.Алтынсариннің портреті, Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі, | |||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: -Мектептің адам өміріндегі маңызы қандай? -Мектепте мұғалімнен басқа қандай өызметкерлер бар? Кітапханашы мамандығы несімен қызықты? Өз көңіл-күйлеріңді смайликтер арқылы білдіріңдер | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Кітапханаға саяхат кезіндегі өз бетінше бақылау жүргізудің нәтижесінде талқылап айту | Оқушылар: – мектепте мұғалімнен басқа кітапханашының, аспаздың, дәрігердің жұмыс істейтінін; – әр қызметкер белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін; – өз бітінше бақылау жүргізу арқылы кітапхана қызметін қалай пайдалану керектігін айтады. | . Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?