Көңілді паровоз. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


5C-бөлім: Саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г. Ғ.

Сынып: 1

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып:

Көңілді паровоз

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.2.1.1 өз дауысы мен музыкалық шулы аспаптарды, дыбыстарды, әуендерді, ырғақтарды қолдана отырып еркін зерттеу жүргізу

1.2.1.2 түрлі дыбыс композицияларды шығармашылық түрде ұсыну және зерттей бастау (қарапайым соқпалы музыкалық аспаптар арқылы)

1.1.1.1 тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту

1.4.1.1 қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы пікірін айту;

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Дыбыс ырғағының және тембрінің не екенін түсінеді;

Дыбыс және аспаптың тембрін суреттеуді үйренеді;

Дыбыстарды қолдану арқылы шығармашылық идеяларын дамытады.

Жетістік критерийі

Тембрды анықтап сипаттай алады

Әнді сыныппен бірігіп орындайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

• өз жұмысына түсініктеме беріп өзгертулер енгізу

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Тембр-дыбыс бояуы /үн бояуы/

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мен бұл дыбысты …. өзгертуші едім

Неліктен ... екенін айта аласыз ба?

• … бөліктері жақсырақ шықты деп есептейсіз?

• … сіз, бұл бөліктерді қалай жақсартуға болады деп ойлайсыз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық- жұпта бірігіп жұмыс істеу

Шығармашылық – ән айту, шығармашылық идеяларымен бөлісу

Пәнаралық байланыс

Ғылымға кіріспе- бу машинасы мен паровозды ойлап табу ғылымдағы үлкен жаңалық болды

Дүниетану- дыбыстарды бақылау, сипаттау

Алдыңғы білім

Дыбыс пен екпіннің көмегі арқыл ұтымды импровизациялады, ұрмалы аспаптардың дыбыстарын өзгертіп, төрттік нота мен діріл үшін символдар мен дыбыстардың қосылуы, музыкалық емес стимулдардан дыбыс жаңғыртуды жасады. Оқушылар өткен сабақта «Тұлпарым» әнін үйренді, әр түрлі дыбысқа сәйкес қимылдар жасап импровизациялады.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақта көңіл-күй орнату үшін пойыздың ысқырығы мен паравоздың дыбысы тыңдатылады.

Оқушыларға сабақ мақсатын айту:

Дыбыс ырғағының және тембрінің не екенін түсінеміз, дыбыс және аспаптың тембрін суреттеуді үйренеміз, дыбыстарды қолдану арқылы шығармашылық идеяларды дамытамыз.

Оқушыларға көлік жөнінде шағын бейнеролик көрсетіледі.

Сыныппен талқылау:

Бұл бейнероликте қандай көлік түрін көрдіңдер?

Ол көлік қандай дыбыс шығарады?

Сол дыбыстың тек паровоз немесе пойызға тиесілі екенін қайдан білесіңдер?

(оқушылар мұғаліммен әңгімелесу барысында тембр сөзінің мағынасын өздері ашуға мұғалім ашық сұрақтар қоя отырып, оқушыларға көпіршелер орнатады.)

Темб сөзін түсіндіру:

Тембр- дыбыстың реңке боялуы, музыкалық дыбыстың өзіне тән сипаттамаларының бірі. Тембр бойынша сан түрлі аспаптар әртүрлі дыбыстармен ойналған, жоғарылығы және қаттылығы бірдей дыбымтар ажыратылады. Тембр арқылы дыбыстардың сипаты анықталады.

Балалар, ал дыбыстарды қалай сипаттауға болады?

Жарқын, жағымды, көңілсіз, терең, сүйкімді, сыңғырлаған т.б сөздермен сипаттауға болады

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE

Сабақтың ортасы

Тапсырма:

Оқушыларды сандар бойыншажұпқа бөлу

Әр жұпқа сыныпта бар әр түрлі аспаптарды беру.

Бір оқушы көзін жұмып тұруы тиіс, ал келесі оқушы аспаптың дыбысын шығарады. Бірінші оқушы аспаптың дыбысын әр түрлі сөздермен суреттеуі тиіс, мысалы ақырын, қатты, жұмсақ, көңілсіз, жағымды дыбыс және т.б.

Әр жұпқа сипаттауға арналған сөздер жазылған карточкаларды беруге болады

Әр жұп аспаптардың ерекшелігі мен тембр туралы өз ойларын білідреді

оқушылар бірін- бірі бағалайды, өзара бағалау

Мультфильмнен үзінді көру

Ән үйрену

«Голубой вагон» муз. В. Шаинский, сөзі А.Тимофеевский

Музыкалық аспаптар

Тірек сөздер жазылған карточкалар

https://www.youtube.com/watch?v=XVDkdvEplrQ

Рефлексия

Бағдаршам

Жасыл- бәрін түсіндім,маған сабақ қызықты болды

Сары- сабаққа қатыстым, бірақ тембр сөзінің мағынасын түсінбедім

Қызыл- бүгінгі сабақта менің ішім пысты

Оқушылар түстерді көрсетіп, өз түсіне байланысты ойларын білдіреді

Қызыл, жасыл, сары түсті дөңгелекшелер

Қосымша ақпарат

Дифференциациякөбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

• шығармашылық тапсырма орындау кезінде нәтижені дифференциациялау

• Сонымен қатар оқушы жетелеуші қызметін атқара алады

бақылау, тыңдау

оқушылар уақытында тоқтап, қосыла ала ма?

Өз жұмысын қалай бағалайды?

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу