Жүгіріп (шапқылап) өту. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


5 - бөлім: «Саяхат»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып: 1

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып:

Жүгіріп (шапқылап) өту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау (жеке және топ құрамында)

1.1.1.1 тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту

2.2 Идеяларды ұйымдастыру және материалдарды жинау

1.2.2.1 музыкалық қойылымдар үшін идеяларды жинақтау

Сабақ мақсаты

  • Галоп биінің қимылдарын үйру
  • «Тұлпарым» әнін үйрену

 Жетістік

 критерийлері

Музыкалық материалға тосыннан қосылады

Музыкалық қойылым үшін өз иедясын білдіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

музыканың түрлі көңіл-күйін нақты жеткізе алады.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Тайтұяқ- жылқы тұяғынан жасалатын қазақ халқының ұрмалы аспабы

Жылқы - лошадь – horse

Галоп- шапқылау-gallop

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Музыкадан сіз қандай әсер аласыз?

Сіздер естіген дыбыстарды сипаттай аласыздар ма?

Неліктен... екенін айта аласыздар ма?

…солай ойлайсыз ба?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтасық- басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану сабағымен байланыс- ауа райы құбылыстарын тыңдау, қимылмен бейнелеу.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бейне көрсетілім қарау

Бастапқы білім

Дыбыс пен екпіннің көмегі арқыл ұтымды импровизациялау. Ұрмалы аспаптардың дыбыстарын өзгерту, төрттік нота мен діріл үшін символдар мен дыбыстардың қосылуы, музыкалық емес сстимулдардан дыбыс жаңғырту.

Жоспар

Сабақ кезендері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларға кез келген көліктерді атап ұйқас құрастыруды ұсыну

Жұптық жұмыс:

Оқушылар аспапты кезекпен алып ойлап тапқан көлік атауларын соль және ми ноталарында әуендеп айтады.

Оқушыларға «Horsey» әнінің бейне көрсетілімін көрсету

Бейнекөрсетілім көріп болған соң оқушыларға сабақ тақырыбына жетектеп әкелетін сұрақтар қою:

  • Балалар, бұл әнде қандай қимылдар жасалды?
  • Ал осындай қимылды қай жануар жасайды?
  • Біздің халқымызда аттың шабысына келетін би қимылдары бар ма?
  • Ал жылқы малы көрік түріне жата ма? Неліктен?

Шапқылау- галоп қимылын жасау

Балалар ат шабысына ұқсатып билейтін галоп деген би бар. Бұл би көне заманда шыққан, қазір бәріміз музыкаға сай осы шапқылау- галоп қимылын жасап көрейік

Қазақ халық аспабы тұяқтаспен танысу

Аттың тұяғынан жасалатын ұрмалы аспапта оқушылар кезек кезекпен ойнап көреді.

Орындаушылық әрекет

Оқушылар Б. Бейсенованың «Тұлпарым» әнін үйренеді

Әнге тұяқтас аспабымен сүйемелдеу жасап орындайды.

Оқушылар орындау барысында аспапты бір-біріне кезекпен беріп отырады. Әр оқушы орындауға тосыннан қосылып, әннің ырғағын нақтылықпен орындауы тиіс.

Ал қалған оқушылар тізесінен соғып немесе музыкалық аспаптарды қолдана отырып ойнайды.

Оқушылар сыныптың ішінде үйреніп жатқан әнмен аттың жүрісін жасап, ат шабысына еліктейді.

Оқушылармен бірге әннің әр түрлі бөлігіне қимылдар ойлап табады. Видеоға түсіріп оқушыларға көрсетіңіз. Оқушылар өз жұмысына баға берулері тиіс.

Рефлексия:

Оқушылар топтарға бөлініп сабақ туралы ойларын талқылайды

Әр топтан бір оқушы шығып сабақ бойы жасаған әрекеттерді атайды.

Сабақ соңында «увертюра William Tell» шығармасы қосылады. Оқушылар сыныптан шығарда ат шабысын музыкамен сәйкес бейнелеп кетеді

Horsey Horsey Action Song бейне көрсетілім қарау

https://www.youtube.com/watch?v=RYJhFrMEZC8 аспаптық галоп музыкасы

тұяқтас аспабы

https://www.youtube.com/watch?v=DVgkjW-__Dw

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

Ауа райы құбылыстарының қимылдарын жасаған кезде кейбір оқушыларға көмек көрсету.

Аспапта ойнаған кезде оқушылардан дыбыс күшін қадағалауды сұрау.

Бақылау, тыңдау

Оқушылар уақытында тоқтап, қосыла алама?

Дыбыстарды қайталап даусымен шығара ала ма?

Үнтаспадан естілген дыбыстарды анықтай ала ма?

дыбыстарды аспаптармен келтіре ала ма?

Металлофон аспабында әуенге сәйкес ойнай ма?

• сабаққа қажетті құралдарды алдын-ала қарап, оқушылардың денсаулығымен өмір қауіпсіздігіне қауіптің жоғына көз жеткізу

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу