«Суретке дыбыс». Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


4 - бөлім:

«Қоршаған әлем»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А. Б.

Сынып: 1 А, В

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып:

«Суретке дыбыс»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 ұлттық музыканы және өзге әлем мәдениеті музыкасын тыңдау және сезіну

1.3.1.2 қарапайым тіл, қимыл және қарапайым музыкалық көрсетілімді қоладана отырып өз ойлары мен сезімдерін сипаттау арқылы музыканы сезіну

1.3.2.1 Музыканы сипаттау үшін негізгі музыкалық терминдерді (жоғары, төмен, қатты, ақырын т.б) қолдануды бастау

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • музыканы тыңдап, одан алған әсерлері мен сезімдерін сөзбен немесе суретпен жеткізеді;
  • негізгі музыкалық терминологияны пайдалана отырып, музыкаға сипаттама береді
  • музыкалық аспаптардың көмегімен өз әуенін шығарады.

 Бағалау

 критерийлері

Тыңдалған музыканы қарапайым тіл, мен қимыл арқылы сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • музыканың түрлі көңіл-күйін нақты жеткізе алады.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

  • ғажайып музыка – фантастическая музыка – fantasy music.

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Музыкадан сіз қандай әсер аласыз?

Сіздер естіген дыбыстарды сипаттай аласыздар ма?

Неліктен... екенін айта аласыздар ма?

…солай ойлайсыз ба?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтасық- басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.

Құрмет көрсету- калссикалық музыка өнеріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Өнер- оқушылар тыңдалған музыкаға байланысты ойлары мен сезімдерін сурет арұылы және түстер арқылы жеткізеді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бастапқы білім

Оқушылар суды зерттеді. Суды қолдана отырып музыкалық дыбыстар шығарды.

Жоспар

Сабақ кезендері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Оқушылар сыныпқа кірген кезде презентацияда қар жауып тұрған қыс көрінісі көрсетіледі.

Балалармен сәлемдесу.

  • Балалар, сіздер қыс мезгілін қалай суреттей аласыздар?
  • Ал қыста қандай мереке бар?
  • Бұл мерекені ғажайып мереке, армандар орындалатын мереке деп айтуға бола ма?
  • Неліктен?

Қазір барлығымыз бір музыка тыңдайық.

Музыка тыңдау

«Қыс-желтоқсан» П.И. Чайковский

Музыканы талдау

  • Бұл музыкалық шығарманың сипаты қандай?
  • Егер ауа райымен байланыстыратын болсақ, қыс мезгілін осы музыкаға сай қалай сипаттаушы едіңіздер?

Шығармашылық тапсырма- жеке жұмыс

Музыка сай қыс мезгілін суреттеңіз. /Оқушылар өздері қалаған техниканы таңдап, қыс мезгіліне байланысты суреттерін салады/

Жұптық жұмыс

Оқушылар салған суреттеріне ат қойып, қасында отырған сыныптасына таныстырады.

Суретті таныстыру барысында оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып әңгімелеседі

Топтық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бірігеді, әр топ қыс мезгіліне байланысты өз суреттерін музыкалық аспаптар арқылы дыбыстайды.

Презентация

Әр топ жасаған дыбыстарын ойнайды, өзге топтар суреттерге қарап отырып, қандай құбылыстың дыбысы екенін анықтауы тиіс.

Рефлексия:

«Қысқы көңіл-күй»

Дауыл- боран- көңіл-күйім нашар, сабақта көп тапсырма маған қиын болды

Қар жауып тұр – барлық тапсырманы орташа деңгейде орындадым

Тынық қысқы күн- сабақта тапсырмаларды орындадым, көңіл-күйім тамаша

Оқушылар сыныптың үш қабырғасында ілініп тұрған үш суреттің бірінің қасына барып тұруы тиіс.

Презентация

Металлофон аспабы

https://www.youtube.com/watch?v=MyHHAsMC4Y8

Оқушыларға қағаз, қарындаш, краскалар беріледі

Музыкалық-шулы және ұрмалы аспаптар

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

Аспапта ойнаған кезде оқушылардан дыбыс күшін қадағалауды сұрау.

Сурет салу барысында кейбір оқушыларға көмектесу

Бақылау, тыңдау

Дыбыстарды дұрыс жаңғырта ма?

Оқушылар суретті таныстыру барысында бір-біріне қандай сұрақ қойғанын бақылау.

• сабаққа қажетті құралдарды алдын-ала қарап, оқушылардың денсаулығымен өмір қауіпсіздігіне қауіптің жоғына көз жеткізу

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу