Адам жанының құпиясы. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романының сюжеттік-композициялық құрылымы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


«Адам жанының жанашыры» тақырыбына қажетті материалдар:

 Артта қалған қазақ аулына жаңалықтың жаршысындай бола отырып, осыған дейін болмаған монша, қыстық үй салуды енгізу арқылы елін алға жетектеді. Әйтпесе, қыс бойы киіз үйде отырған қазақ жұртының жас баласы қысқы аязға төзе алмай, суық тиіп, шетінеп жататын еді. Ел-жұртының қамын ойлап, мұң-мұқтажын сезіне алған Ұлпан Есенейдің қалың жылқысын қарауындағы елге бөліп беру арқылы өзінің кісі ақысын жеуді ар санайтын бекзат адалдығын танытады. Бұл қасиет екінің біріне беріле бермейтін имандылық, теңдік белгісі. Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болғаннан кейін де ол өз бойындағы асыл қасиеттерінен айрылмай, бір туар жан екенін танытып отырды. Ол жайлы романда: «Ұлпан бұл кезде қара жамылған қаралы әйел. Он ауыл Сибанды Есенейдің қазаны мен қолына қарап телміріп отырудан біржола құтқарды. Қашаннан Есенейдікі болып келген кең жерді әр ауылға бөліп берді. Мұнысы жалғыз бұл ел емес, жалпы Сібір казактары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не екенін Ұлпан өзі білген емес. Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Қазір Есенейдің малы екі есе азайды, оның есесіне ел Сибанның малы он есе көбейді. Әр үй өз текесін, өз айғырын мақтасып отырады.  Ел аздап егін салады, шөп шабады. Бала-шаға дірдектеп қыс бойы киіз үйде отырмайды, жылы, қысқы үйде отырады. Әсіресе, осы қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза», - деп суреттеліп кеткен. Ұлпанның осы бекзаттылығын көзі тірісінде бағалай білген Есеней оған өз атын қиып қана қоймай, «Ақнар» деп те атайды. Өз бойында қашанда азаматын жоғары қойып, ерін силап өткен қазақ әйеліне тән игі қасиеттерді сіңіре білген  Ұлпан өзін ешқашен Есенейден жоғары қоймайды, артық сезінбейді, байлыққа масаттанып, өктемдік жүргізбейді. Романдағы: – Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда.  – Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен кім болар едім?..», - деген жолдар осы ойымыздың айғағы тәріздес. https://massaget.kz/blogs/13943



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу