Ер мінезді Ұлпан. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Пәні:қазақ әдебиеті

Күні: 29.03. – 02.04

Сыныбы:

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова Акгуль Акбердиевна

Бөлім тақырыбы

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы;

Сабақ тақырыбы

Ер мінезді Ұлпан

Оқу мақсаты

Т/Ж1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

Т/Ж2. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау.

Т/Ж3. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

А/И4. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы

Ер мінезді Ұлпан үзіндісіне сюжеттік-композициялық талдау жасау

Ер мінезді Ұлпан үзіндісіндегі кейіпкерлер жүйесін анықтау

Ер мінезді Ұлпан үзіндісінің идеясын психологизмді элементтері арқылы анықтау

Ер мінезді Ұлпан үзіндісі негізінде автор стилін талдау.

Оқушылардың көбі

Ұлпанның мінезіндегі қайсарлықты тұжырымдау 

Оқушылардың кейбірі

Қазіргі кездегі қыз бала мінезі туралы пікірлесу

Бағалау критерийлері

Композициясын талдауда үзіндідегі оқиға дамуын көрсетеді.

Кейіпкерлер жүйесінің анықтауда өзара қарым-қатынасының мақсатын көрсетеді.

Үзінді идеясын ашуда психологизм элементтерін көрсетеді;

Автор стилін талдауда жиі қолданатын көркемдеу тәсілдерін көрсетеді.

Тілдік мақсаттар 

Дағдыларды дамыту:

Білім алушылар сын тұрғысынан ойлау мен шығармашылық қабілеттерін, топта қарым – қатынас орнату дағдыларын, анализ бен интерпретация дағдыларын дамытады. 

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Мәтін сөздігінде.

Талқылау сұрағы

Ұлпан бойындағы қазақ қыздарына тән мінез қазіргі заманның қыздарына үлгі бола ма? Неге?

Құндылықтарды қалыптастыру 

сын тұрғысынан ойлау; білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; проблемаларды шешу қабілеті; ғылыми-зерттеу дағдылары, қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); жеке және топпен жұмыс істей алу қабілеті; АКТ саласындағы дағдылар,

өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; жауапкершілік; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; өмір бойы оқуға дайын болу

Ресурстар

Аудио, видео ресурстар, интернет.

Оқыту

Сабақ

кезеңдері

Оқушының іс-әрекеті

Саралау

Қалыптастырушы бағалау

2 минут

1 минут

1-тапсырма «Қызықты сұрақ» ойны.

Мақсаты: Тақырыпты болжау.

Нұсқаулық:

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Берілген дәйексөздің мағынасын қандай деп ойлайсыз?

Бүгінгі тақырып не туралы деп ойлайсыз?

«Батылдық – барлық қиындықтарды жеңеді» Мигель де Сервантес

Слайд-3.

  • Сабақ мақсатын оқыңыздар.
  • Сабақ мақсаты бойынша бағалау критерийлерін жасаңыздар.

Бағалау критерийлерімен салыстырыңыз

Мақсатқа жету үшін оқушыларға жетекші сұрақтар беріледі. Тапсырма топта орындалып, бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тапсырманы дұрыс/бұрыс орындағанын білдіру үшін бір-біріне кері байланыс береді. «Шапалақ» әдісі

Сабақ ортасы

7 минут

15 минут

10 минут

2-тапсырма: «Графикалық органайзер» әдісі

Мақсаты: Жана сөздермен танысу

Нұсқаулық:

  • Топта кестеде жазылған сөздерді жұбыңызбен талқылаңыз;
  • Жауаптарыңызды органайзерге орналастырыңыз.
  • Өздеріңізді жауап кілті бойынша тексеріңіздер.

Сөз

Менің болжаған мағынам

Анықтамасы

Барымта

Кірме

Аға сұлтан

Шылбыр

Жауап кілті

Сөз

Менің болжаған мағынам

Анықтамасы

Барымта

Мал-мүлкiн күшпен таpтып алу

Жауласқан екi pудың бipiнiң-бipi мал-мүлкiн күшпен таpтып алып, кек қайтаруы.

Кірме

Басқа рудын адамы

Басқа елден, сыpт жақтан ауып келiп сiңген адам, келiмсек.

Аға сұлтан

Лауазым

Биілік иесі

Шылбыр

Ұзын бау

Атты байлау үшін, ноқта не жүгеннің сулығына тағылатын жіңішке, қылдан есіп жасалған жігі

Дескриптор:

4 сөздің анықтамасын дұрыс тапты.

3-тапсырма: «Аялдама» әдісі

Мақсаты: Ер мінезді Ұлпан үзіндісіне сюжеттік-композициялық талдау жасау. Ер мінезді Ұлпан үзіндісіндегі кейіпкерлер жүйесін анықтау. Ер мінезді Ұлпан үзіндісінің идеясын психологизмді элементтері арқылы анықтау. Ер мінезді Ұлпан үзіндісі негізінде автор стилін талдау. Ұлпанның мінезіндегі қайсарлықты тұжырымдау.

Нұсқаулық:

Үзінділерді оқыңыздар;

Үзінділерді оқиғаның даму ретімен орналастырыңыз;

Үзінді негізінде органайзерді толтырыңыз.

Жұмыстарыңызды өзге топтарға таныстырыңыз;

Өзге топтардың жұмыстарына кері байланыс беріңіз.

Композициялық құрылым

Оқиғалар реті

Кейіпкердің әрекеті, сөзі

Кейіпкер сезімі

1

Үш ауыл кірме Күрлеуіттің арызын айта келдік. Биыл қыс осында жан сақтаймыз ба деп жаз бойы қорып келген жеріміз еді. Жетісіп отырған ел емеспіз... Сорлының зары арлыға кездескен деп жіберіп еді... айтар арызымызға құлақ ассаңыздар екен

2

Сүйреңдемей тоқта, бала, тоқта деген соң! Аулыңа сәлем айт: Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жеріне таласып әуре болмасын!

3

Есенейі жоқ елді де ел екен, жұрт екен десеңіздер, қара өрттей қаптап келе жатқан жылқының бетін кейін бұрсаңыздар екен. Осы арызымыз...

4

Мына көргенсіз неме кімнің атын атап тұр өзі!

5

Шырағым, арызың аяқсыз қалмас, - деді ол, - аяқсыз қалдыратын арыз сияқты емес. Әттең, ашынғандықтан болса да, азды-көпті асқақтай сөйлегенің де болды. Аулыңа мұны да айта барарсың.

6

 Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса, айып өзімде. Міне, айыбым! — деп ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жіберді:—әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны да жетелей жүр...

Сұрақ: Автор осы үзінді арқылы Ұлпанның қандай мінезін ашты?

Жауап:

Дескриптор:

Оқиғалар реті дұрыс берілген;

Кейіпкердің әрекеттері мен сөзі кілт сөзбен көрсетілген;

Үзіндіден кейіпкер сезімін көрсететін нақты сөздерді жазады.

Жауапта ойын анық жеткізеді.

Жауап кілті

Композициялық құрылым

Оқиғалар реті

Кейіпкердің әрекеті, сөзі

Кейіпкер сезімі

1

Басталуы

Ұлпанның топтың алдына келіп сөйлеуі

Үш ауыл кірме Күрлеуіттің арызын айта келдік. Биыл қыс осында жан сақтаймыз ба деп жаз бойы қорып келген жеріміз еді. Жетісіп отырған ел емеспіз... Сорлының зары арлыға кездескен деп жіберіп еді... айтар арызымызға құлақ ассаңыздар екен

Батылдық

2

Байланысы

Аңшы Мүсірептің Есенейдің сөзін сөйлеуі

Сүйреңдемей тоқта, бала, тоқта деген соң! Аулыңа сәлем айт: Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жеріне таласып әуре болмасын!

Жағымпаздық

3

Дамуы

Ұлпанның сөзін соңына дейін жеткізуі

Есенейі жоқ елді де ел екен, жұрт екен десеңіздер, қара өрттей қаптап келе жатқан жылқының бетін кейін бұрсаңыздар екен. Осы арызымыз...

Қайсарлық

4

Шиеленіс

Аңшы Мүсірептің Есеней орнына айтқан жауабы.

Мына көргенсіз неме кімнің атын атап тұр өзі!

Өктемдік

5

Шарықтау шегі

Есенейдің сөзге араласуы

Шырағым, арызың аяқсыз қалмас, - деді ол, - аяқсыз қалдыратын арыз сияқты емес. Әттең, ашынғандықтан болса да, азды-көпті асқақтай сөйлегенің де болды. Аулыңа мұны да айта барарсың.

Парасаттылық пен тәкәппарлық

6

Шешімі

Ұлпанның өз кемшілігін мойындауы

 Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса, айып өзімде. Міне, айыбым! — деп ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жіберді:—әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны да жетелей жүр...

Әділдікке мойынсұну.

Сұрақ: Автор осы үзінді арқылы Ұлпанның қандай мінезін ашты?

Жауап: Ұлпанның ер мінезділігін.

4-тапсырма «Кубизм» әдісі.

Мақсаты: Қазіргі кездегі қыз бала мінезі туралы пікірлесу.

Нұсқаулық:

Кубикті кезекпен лақтырып, түскен сұраққа жауап беріңіз.

Мақсаты: Қазіргі кездегі қыз бала мінезі туралы пікірлесу.

Нұсқаулық:

Кубикті кезекпен лақтырып, түскен сұраққа жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  • Бір топ ер адамдардың алдына жалғыз қыздың шыққанын қалай бағалайсыз? Неге?
  • Ұлпанның өз аулы үшін аға сұлтанға арыз айтып баруына сіздің көзқарасыңыз қандай? Қазіргі кезде 16-17 жасар қыздар облыс әкіміне арызымен бара ала ма?
  • Аңшы Мүсірептің сөзін Ұлпан қалай қабылдады? Өктем үнмен сөйлеген адамға, қалай жауап берген дұрыс?
  • Ұлпанның сөйлеуінде қандай үн естіледі? Ол үн Ұлпанның қандай мінезін байқатады? Мәмлеге келу шешу үшін қазіргі кезде қандай тон пайдаланған дұрыс?
  • Ұлпанның астындағы атын айыбы үшін бере салуын қалай бағалайсыз? Неге? Қазіргі кезде қыз бала өз ретсіз әрекеті үшін кешірімді қалай сұрай алады? Неге?
  • Ұлпанға ұқсас замандастарыңыз бар ма? Ол ұқсастыққа қандай дәлел келтіресіз?

Дескриптор:

Жауабын фактілермен дәлелдейді.

Мақсатқа жету үшін оқушыларға сөздер мен кесте, Lugat.kz сайтына сілтеме беріледі. Тапсырма топта орындалып, бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тапсырманы орындауға көмектесу үшін мәтін үзіндісі, кесте, топтағы қолдау, мұғалімнің жетекші сұрақтары түрінде қолдау көрсетіледі

Тапсыра жоғары деңгейлі оқушыларға арналған. Жауабы оқушының өз деңгейінде берілуі мүмкін.

Тапсырманы дұрыс/бұрыс орындағанын білдіру үшін жауап кілті бойынша кері байланыс алады. Өздерін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын салыстыра отырып тексереді, дескриптор, жауап кілті бойынша бағалайды.

Оқушылар бірін-бірі дескриптор бойынша «қошамет» әдісімен бағалайды.

Сабақ соңы

2 мин

Рефлексия «Қол алысу» әдісі

Мақсаты: Білім алу үдерісі бойынша ой қорыту.

Бүгін жақсы жұмыс жасадық, сондықтан топта бір-біріңізге алғыс айтыңыздар;

Ол үшін мен беске дейін санағанда сіздер үлгеріңіздер.

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Саралау. Көбірек қолдау үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктейсіз?

Қалыптастырушы бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік тексеру. АҚТ қолдану. Құндылықтарға сілтеме

 

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан –да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу