Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі. Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді _______________

«Тарих және география» ӘБ жетекшісі Г.Т. Курманова

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2C Еңбек жағдайлары

Мектеп: НЗМ Ақтау қаласы.

Күні: 12.11-16.11.17

Мұғалімнің аты-жөні: И.Ж. Ұзақбай

Сынып: 9D, 9E, 9G

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • ҚР Еңбек Кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтау
  • Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • Еңбек жағдайлары мен құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • 4-тен кем емес еңбек жағдайларын анықтай алады;
  • Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Еңбек жағдайларының анықтамасын суреттерге қарап шығарады.

Топтық жұмыста құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді

Құндылықтарды дарыту

Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы білімді қалыптастырады

Пәнаралық байланыстар

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіруде экономика пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар болуы керек.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 минут

Б. Өткен тақырыпты еске түсіреді.

БЫМ. «Миға шабуыл» әдісін қолданыңыз. Сыныпқа еңбек құқығына байланысты 4 сұрақ қойылады. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжайды.

№1-10 слайдтар

Сабақтың ортасы

5-7 минут

Топтық жұмыс. Суреттерге қарай отырып, 4 еңбек жағдайларын анықтауға тапсырма беріңіз.

Дескриптор:

Еңбек жағдайларын анықтайды, анықтамасын шығарады.

№ 13-15 слайдтар

ҚР Еңбек кодексі

Дайындалуға 8-10 минут

Қорғауға әр топқа 2 минуттан

Топтық жұмыс. Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге ҚР Еңбек кодексінің баптарынан үзінді мен жағдаяттарды шешуге тапсырма беріңіз.

Дескриптор:

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

№ 16 слайд

қосымша 1.

ҚР Еңбек кодексі

5-минут

Рефлексия:

  • Басқа топтан өзіңізге қандай ақпарат алар едіңіз?
  • Сабақта үйренгеніңді болашақ жұмысыңда қалай қолдана аласың?

№ 17 слайд

стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Қабілеті жоғары оқушылар ҚР Еңбек кодексінің баптарын құқықтық жағдаятты шешуде тиімді қолданады.

Топтық жұмыста білім алушылар топтық бағалау жүргізеді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу