Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі? Құқық негіздері, 9 сынып, қосымша материал.


1-топ:Он төрт жасар Ернұр фирмада жұмыс істейді және ауыр жұмыстарды атқарады. «Онымен бірге жиырма жастағы Ерлан әріптесімен бірге бөлім де жұмыс жасайды және де сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол Ерланға өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Ерланның еңбегіне төлем арасындағы айырманың неден тұратынын сұрайды. Бухгалтер, біріншіден, Ернұр кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте, екіншіден, Ерлан қалай болғанда да директордың алыстан келген досы, деп жауап береді.

Бухгалтердің дәлелі қаншалықты сендіре алады?

2-топ: Он үш жасар Айбек «Диана» тігін фабрикасында жұмысқа орналасты. «Oriflame» компаниясы берілген заттарды белгілі бір уақытқа дейін сатуды міндеттеді. Осыған орай, Айбекті мереке күні жұмысқа шығуға міндеттеді, бірақ ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын ескеріп, осыған дейінгі жұмыс жасаған уақыт аралығындағы ақшасын бухгал бермей қояды.

(Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).

3-топ: 17 жасар Асанов Азаматтың әкесі қайтыс болған соң, жанұясы ауыр жағдайға түсті. Оның 2 қарындасы бар. Ал шешесі дүкенде 15000 тг. алады. Азамат жұмысқа тұруға міндетті болады. Ол кездейсоқ хабарлама көреді. Онда химиялық өндіріске жұмысшы керек болады. Ол осы жұмысқа тұрады. Басшысы оған қауіпсіздік бойынша ештеңе түсіндірмей, жұмысқа алады. 2 айдан соң оның денсаулығы нашарлайды. Ол басшысынан медициналық тексеруге ақша сұрайды. Басшысы оның есесіне жұмыстан босатады. Кейін келе одан туберкулез анықталады.

Асанов өз құқығын қорғау үшін кімге баруы керек? Сондай-ақ жұмыс беруші мен жұмысшы арасында қандай қателіктер кетті?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу