«Мектептегі дыбыстар». Музыка. 1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім- «Менің мектебім»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.Г.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Мектептегі дыбыстар»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу

1.1.2.3 музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу

 Сабақ мақсаттары

  • Төрттік және сегіздік нотамен танысады,
  • Ноталарды ырғақпен орындап үйренеді
  • Музыкалық түсініктер крещендо, және диминуэндо белгілерімен танысады

 Бағалау

 критерийлері

Төртік және сегіздік ноталарды ажыратады

Музыкалық- шулы аспаптарды қолдана отырып мектеп дыбыстарын жаңғыртады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

дыбыстардың құрылуы мен өзгеру тәсілдерін сипаттап, олардың музыкадағы мағынасын түсініп көрсете алуы керек

Пән лексикасы мен терминологиясы

Тірек сөздер

Крещендо

Диминуэндо

Динамика

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

• Бұл дыбыс қалай естілді?

Айналамыздан қандай дыбыстарды естиміз? Олар несімен ерекшеленеді?

Ақырын дыбысты анықтай аласыз ба?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық, құрмет, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану. Оқушылармен әртүрлі табиғи ортадағы дыбыстар туралы әңгіме жүргізіледі. Айналамыздан қандай дыбыстарды естиміз? Олар несімен ерекшеленеді?

 АКТ қолдану

 дағдылары

-

Бастапқы білім

Өткен сабақта оқушылар ұзын және қысқа дыбыс ұғымымен танысты, оларды ырғақтық флэш-карталарда сберілген төрттік және сегіздік ноталарды та, те буындарына айтып, ырғағын соғып, және сәйкес мектеп туарлы сөздермен айтып көрді. Жұптық жұмыс барысында мектеп туарлы екі сөйлем шығарып ырғақпен орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Музыкалық сәлемдесу

«Сәлеметсіңдер ме!»

«Здравствуйте!»

«Good day!»

оқушылардан сұрау:

  • Балалар мектеп ішінде қандай дыбыстар естиміз?

(Мектеп ішінде түрлі дыбыстарды анықтау үшін виртуалды серуен жүргізіңіз. Мысалы, кітапхана, асхана, спорт зал, би залы, т.б)

Мектепте тағы не естуге болатынын талқылаңыз:

  • Бұл қандай дыбыстар?
  • Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
  • Қай жерде қатты, қай жерде ақырын дыбыстар естілді?

Оқушылардың жауаптары.

  • Балалар, ал енді біз дыбыстардың әр түрлі динамикада болатыны жайлы айтайық. Қазір мен сендерге бір қысқа өлеңді оқып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар.

/мұғалім дауысын бірде бәсеңдете, бірде қатты шығарып оқып береді/

Мектебімде дыбыстар,

Естіледі әр жерде.

Қозғалыстар, сыбыстар,

Би де, күй де, әндер де.

  • Балалар, енді бәріміз менің қол белгім бойынша осы өлеңді дыбыс күшін өзгерте тырып оқып көрейік. Егер менің қолым жоғары көтерілсе дыбыс қаттырақ шығуы тиіс, ал егер төмен түсіретін болсам дыбыс күші ақырындап басылады.

Сыныппен бірге тақпақ тағы бір мәрте оқылады.

Әр оқушыға форте, пиано, крещендо, және диминуэндо белгілері көрсетілген карточкалар таратылады.

Форте - қатты дыбыс

F

Пиано - ақырын дыбыс

P

Крещендо - біртіндеп қатты

<

Диминуэндо – біртіндеп ақырын

>

Терминдермен жұмыс.

Форте

Пиано

Крещендо

Диминуэндо

Топтық жұмыс

Берліген суреттерге динамикалық белгілерді қолдана отырып музыка шығарыңыз

1 топ- спорт зал

2 топ- би залы

3 топ- кітапхана

4 топ- асхана

Әр топ өздері жасаған дыбыстарды көрсетеді

Мұғалім топтар жұмыстарын көрсеткен уақытта сұрақтар қояды

  • Дыбыстарың қандай динамикаға сай болды? Неліктен?
  • Балалар алдыңғы сабақтарда біз қысқа және ұзақ дыбыстар жайлы айттық. Ол ноталардың атауы бар.
  • Бәріміз бірге қайталайықшы төрттік нота, сегіздік нота.
  • Төрттік нота ұзақ, ал сегіздің қысқа. Қазір тақтада көрсетілген ырғақтардың ішінен қанша төрттік нота бар екенін анықтап көрейік.
  • Бәріміз бірге шапалақ арқылы көрсетілген ырғақтарды орындайық.

Қазір топтар суретке байланысты бір сөйлем құрастырыңдар.

1 топ- спорт зал

2 топ- би залы

3 топ- кітапхана

4 топ- асхана

Сол сөйлемді ырғаққа сай бәріміз бірге орындаймыз.

Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақта мен үшін қызықты не болды?
  • Сабақтың қандай тапсырмасы маған қиынға соқты?

Металлафон

Презентация

Презентация

Әр оқушыға карточка тарату

Топтарға суреттер,музыкалық аспаптар беріледі

Ырғақтық карталар

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады

Ырғақтық тапсырманы тез орындап болған кейбір оқушыларға берілген сөздерден сөйлем құрып ырғақпен орындау ұсынылады.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау кезінде әр оқушыға бағыт бағдар беру

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері бойынша бағалау

Топтық жұмыс барысында дұрыс орындау, ырғақтарды жеке орындау барысында оқушыларды бақылап қалыптастырушы бағалау жүргізу.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау кезінде әр оқушыны бақылау

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу