Қылмыстық құқық түсінігі. Құқық негіздері, 9 сынып. Сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы: 9.2 Е бөлім Қылмыстық құқық түсінігі: ««Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде?»

Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні: Абжалиев Н.

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

  • 9.7.2.1 Қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату

 Бағалау

критерийлері:

Білу және түсіну:

  • 1.Қылмыс ұғымын түсіндіреді
  • 2.Қылмыс түрлерінің кемінде төртеуін анықтайды

Сыни ойлау:

  • Жағдаятты талдап, қылмыс құрамын анықтайды, қылмысқа қатысушыларды сипаттайды, қылмыс жасау сатыларын талдайды, қылмыс түрлерін атайды

 Құндылықтарды дарыту:

Оқушылар:

  • «Мәңгілік ел» идеясының азаматтық жауапкершілік құндылығына сай гуманизм қасиеттерін меңгереді;

 Тілдік мақсат

Оқушылар:

  •  Кейс стади технологиясы бойынша тапсырмаларды орындау барысында өздерінің жазылым және айтылым дағдыларын дамытады

 Пәндік лексика:

қылмыс-жаза

- қылмыс құрамы:

объект, субъект,

объективті жағы,

субъективт,

- қылмыс ұғымы,

- қылмыс құрамы мен

түрлері (жеке адамға,

өмірге, кәмелетке

толмағандарға,

меншікке, қоғамдық

қауіпсіздікке қарсы

қылмыстар және т.б.),

- қылмыс сатылары

қамтылуы тиіс.

 Диалогтық тіркестер:

Қылмыс дегеніміз (...)

Қылмыстың жасалуы мына сатылардан тұрады: (...)

Қылмыстың мынадай түрлері бар (...)

Мен келісемін (-пеймін), себебі (…)

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта өтілген отбасылық құқықтық қатынастар мен отбасы қатынастарының құқықтық реттелуіне қатысты материалдар барысын түсіндіреді

Сабақ барысы:

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

10 мин

Танысу бөлімі.

Мұғалімнің өз басына сот қызметкері судьяның бас киімі мантиясын киіп келумен басталады. Ресми түрдегі сәлемдесу рәсімі: «Сәлеметсіздер ме, бүгін біз ерекше істі қарайын деп отырмыз» деген кіріспе арқылы оқушылар назарын жаңа тақырыпқа қарай бағыттаумен жүргізіледі.

Сабақ барысы:

Жаңа сабақ тақырбына ой түрткі болатын

Ситуациялық суреттер:

Қойылатын сұрақтар:

  • Мына суреттерде нелер көрсетілген?
  • Қандай әрекет түрлерін көріп тұрсыңдар?
  • Суреттердің мазмұнына қатысты қандай ойлар түюге болады?
  • Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Осы сұрақтарға оқушылар ойланып жауап бергеннен кейін, ойларын жинақтап дәптерлеріне түсіреді.

Ұсыныс:

Оқушылар суреттен сабақ не жайлы екенін түсіну қажет.

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтағаннан кейін, оқу мақсаттарымен танысып, өз алдарына осы мақсаттарды тағайындайды.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

http://prezentacii.com/obschestvoznanie/9076-ugolovnoe-pravo.html

Ортасы

20 мин

Сабақ барысы:

Материалдар түсіндірілімі барысы:

Терминдік анықтамалар:

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

«Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыс –

жазалау мүмкіндігімен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік

Ереже –

орындауға тиісті міндеттердің жиынтығы

Жаза –

соттың үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстың салалық түрлері:

Өмірге қарсы қылмыстар –

адамның өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін қылмыс түрі;

Денсаулыққа қарсы қылмыстар –

адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне жеңіл, орташа, ауыр дәрежеде зиянын тигізетін қылмыс түрі

Терроризм –

саяси және т.б. әр түрлі мақсаттарды сылтауратып күш қолданатын қылмыс түрі;

Экономикалық қылмыстар –

Қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары — ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі.

Әскери қылмыстар –

соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу арқылы қазаға душар ету, азаптау, құлдыққа алып кету, кепілдегілерді өлтіру түрінде көрінетін қылмыс түрі.

Қылмыс жасау сатылары:

Қылмысқа дайындалу

Қылмыс жасауға оқталу

Аяқталған қылмыс

бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе

Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бүл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.

Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі.

  • Топтық полемика (талқылау) жұмыстары
  • Топқа бөлінуге қатысты жұмыс шарты:

Анықтамалық түсіндірілімдерден кейін, оқушыларды төрт топқа бөліп, олардың талқылауына тақырыптық кейс стадилерді ұсыну. Топ мүшелері ситуациялардағы нақты мысалдарды қарастырып, ҚР Конституциясы және ҚР Қылмыстық Кодексін негізге ала отырып, өз шешімдерін ұсынады

Топтарға арналған Кейс Стадилер:

1 –топтың кейс –стадийі:

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар арақ ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.

  • Сұрақ:

• Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

2 –топтың кейс –стадийі:

  • Көршінің «көмегі»»

Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.

Сұрақтар :

  • 1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
  • 2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді
  • 3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме? Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

3 –топтың кейс –стадийі:

  • Көшедегі көрініс

Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

  • Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
  • Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
  • Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
  • Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
  • Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
  • Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады
  • Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
  • Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!
  • Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе? 

Сұрақтар:

  • 1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
  • 2. Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

4 –топтың кейс –стадийі:

Бір топ киноактерлер тауда көркем фильм түсіріп жатады. Көріністерде қолданылатын мылтықтары бытырасыз оқтармен жарақтанған, тек қана дыбыс береді. Үзіліс уақытында Төреханов Әшімовты азғырады. Оның жоспары бойынша «екеуміз Едіресовты тоғайға алып кетіп, ағашқа байлап, өтірік қорқытып, бытырасыз дыбыс мылтықпен атып қорқытайық», дейді. Осы жоспар бойынша олар Едіресовты «қорқытады» да Төреханов Әшімовке «ат» деп мылтық береді, бірақ оған әдейі бытырасыз емес, нағыз оқ салып қояды. Одан қаперсіз Әшімов шүріппені басып қалады. Нәтижесінде – Едіресов ауыр жарақат алады.  

  • Сұрақтар:
  • Төреханов пен Әшімовтің жауаптылығы қандай?
  • Қылмыс орындаушысы болып кім табылады?
  • Әшімовтің әрекеті қасақаналықты білдіре ме?
  • Дереккөзі: Оқу жоспары, Құқық негіздері, 9 –сынып, 2014 жыл

Топ мүшелері өзара ақылдасып, шешімдер шығарады

4-ші топ

  • Қылмыстың түрі: қасақана
  • Қылмыс субъектісі: Төреханов пен Әшімов
  • Қылмыстың объективті жағы: кісі жарақаты
  • Төреханов пен Әшімовтың іс-әрекетіндегі қателік:
  • Төреханов мылтықты нағыз оқпен оқтап, Әшімовтың аңқаулығын пайдаланып, Едіресовке қарсы қасақана атқызуы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970000167_

http://collegy.ucoz.ru/load/26-1-0-487

http://900igr.net/zip/pravo/Pravo-dlja-detej.html

ҚР Қылмыстық Кодексі

ҚР Қылмыстық Кодексі

http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.htm

Дереккөзі: Оқу жоспары, Құқық негіздері, 9 –сынып, 2017 жыл

Соңы

10 мин

Бекіту сұрақтары:

  • Қылмыс дегеніміз –
  • Қылмыстың қоғамға қауіптілігіне қатысты мынадай түрлері бар: ....................................
  • Қылмыс жасау мынадай сатылардан тұрады: ......................................................
  • Қоғамда қылмыстық жағдайды тудырмау үшін менің қосатын үлесім ................

Оқушылар бүгінгі сабақтың маңызды тармақтарына қорытындылай отырып, жауап береді.

Үй тапсырмасы:

  • «Қоғамдағы қылмысты болдырмауға қатысты менің мүмкіндіктерім және қосатын үлестерім» тақырыбында әрекеттер тізбесі жүйеленген инфографика құрастыру

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Тарихи маңыздылық критерийлерін оқытуда бұрын өткен темір дәуіріндегі ме млекеттердің әлем мәдениетіне қосқан үлесі туралы талдауға септігін тигізеді және бұл критерийлерді қайта түсінуге мүмкіндік береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

маңыздылығы жайлы соңғы сұрау электронды түрде болуы мүмкін

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу