Азаматтық құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқық негіздері, 9 сынып. Дидактикалық материал.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

9.2B Меншік құқығы

Күні:-13-18.11.2017

Мұғалімніңаты-жөні:Кайырбекова Ж.Б. Рахимбаева М.В.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қалай меншік иесі бола аламыз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.1 Меншік түрлерін анықтау;

9.3.2.2 Меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау;

 Сабақ мақсаттары

Жағдаяттар арқылы меншік түрлерін анықтау

 Жетістік критерийлері

  • Меншік құқығының түрлерін анықтайды және әр қайсысына бір мысал келтіреді
  • Меншік құқығына ие болу тәсілдерін анықтайды және бір мысал келтіреді
  • Меншік құқығының тоқтатылу жолдарын анықтайды және бір мысал келтіреді

 Тілдік мақсаттар

  • Меншік ұғымын, түрлерін түсіндіру арқылы өзінің

айтылым және оқылым дағдыларын дамытады.

  • Оқушылар «Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңызды?» тақырыбына 200 сөзден кем емес хабарлама жазады.

меншік құқығы

Меншікті иелену

Мешікті пайдалану

Меншікке билік ету

жеке меншік

мемлекеттік меншік

Меншік құқығы дегеніміз (...)

  • Меншікті иелену
  • Мешікті пайдалану
  • Меншікке билік ету

Мынадай меншік түрлері бар: (...)

Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктен ерекшеленеді, себебі (...)

Меншік иесі бола аламын, себебі (...)

 Құндылықтарды дарыту

Патриотизм, әділеттілік

 Пәнаралық байланыстар

География, тарих

 АКТ қолдану дағдылары

Қажетті ақпарат қарастыру

Бастапқы білім

Азаматтық құқық туралы түсінік қалыптасқан

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

БСМ

Тақтада суреттер көрсетіледі: жиҺаз, жер, компьютер, үй, машина, орман, календарь, тау, күрте, өзен

-Мына суретке қарап, қандай екі топқа бөлуге болады деп ойлайсыздар?

Жауабы: жылжымалы және жылжымайтын мүлік.

Жылжымалы: жиҺаз, компьютер, машина, календарь, күрте,

Жылжымайтын: жер, үй, орман, тау, өзен

Әр мүлікті көрсете отырып, ол кімдікі екенін сыныппен талдау жүргізіледі.

Б Оқушыларды «меншік» ұғымымен таныстырылып, анықтамасы беріледі.

Меншік— бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Слайд Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Сабақтың ортасы

7 мин

8 мин

15 мин

Б Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылып, шағын пікір алмасу жүргізіледі.

  • Мен неге сіздің заттарыңызды пайдалана алмаймын?
  • Мен сыныпта тұрған мына компьютерді сіздерге сыйлыққа бере аламын ба?
  • Қандай меншік түрлерін білесіздер?

Мысалы:

І. Жеке меншікке қатысты (үй, саяжай, машина т.б. );

ІІ. Мемлекеттік меншікке қатысты (су, өсімдік, жануарлар, табиғи қорлар т.б.).

Ж Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз. Мысалы, үй, көлік, киім-кешек сияқты заттарды қоса алғанда 10 затты тізіп жазады.

Келесі сұрақтарға жауап береді:

  • Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз
  • Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз?

Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.

Пайдалану құқығы дегеніміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.

Ж Тапсырма:бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян бойынша төмендегі сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрастырыңыз.

Меншік ұғымына сәйкес анықтама беріп, соған сәйкес мысал келтіріңіздер.

Мынадай меншік түрлері бар: (...)

Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктен ерекшеленеді, себебі (...)

Меншік иесі бола аламын, себебі (...)

Меншікті иелену, пайдалану, билік ету

Слайд

Меншік иесі

www.youtube.com/watch?v=Mx3S0VWGosI

https://www.youtube.com/watch?v=k6ipUylCoEA

Понятие и содержание права собственности

Сабақтың соңы

3 мин

Қалада қандай меншік нысандары бар? Өзіңіздің ата-аналарыңыз қандай мекемелерде жұмыс істейді?

Бүгінгі сабақта не білдім? Не білгім келеді?

Сабаққа кері байланыс жасалады.

Слайд

Стикерлер

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық/топтық жұмыстарда мұғалімнің басшылығымен оқушылардың деңгейі бойынша бөлуді қадағалау. Қабілеті жоғары оқушыларға топтық/жұптық жұмыстарда басшылық жасап жанындағы оқушыларға көмек беруін ұйымдастыру

Табыс критерийі бойынша жұпта жұмыс жасау кезде бір-бірін бағалауы және ауызша жауаптары бағаланады

АКТ арқылы сабақ тақырыбын презентациялау және бағалау парағын АКТ арқылы оқушылар өз жұмыстарын тексеруді қамтамасыз ету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу