Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары. Неліктен ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды. Құқық негіздері, 9 сынып. Сабақ жоспары.


«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ – 9 сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1B Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

Мектеп:

Сағат саны: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неліктен Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.1 конституциялық құрылым негіздерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін дәлелдеу

Контекст

Бұл бөлім ҚР адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы білімді қалыптастырады

Бағалау

критерийлері

Талдау:

Оқушы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін анықтайды

Тілдік мақсаттар

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет белгілерін анықтайды (оқылым және айтылым дағдылары).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Демократия, зайырлы, унитарлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» құндылығы: еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

«Мәңгілік ел» құндылығы: өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

География пәнінен алған білімдерін пайдалана отырып сабаққа кіріспе жасауда географиядан мысалдар келтіру

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар ғаламтормен жұмыс жасай отырып, фактілер мен мысалдар келтіреді

Бастапқы білім

Оқушылар құқық, мораль ұғымдарын және құқықтық мәдениеттіліктің маңыздылығын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушы-лықты ояту

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылықты ояту:

- Суреттің негізгі идеясы қандай?

  • Егер адам қай дінге жататынын өзі анықтаса және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы болса, онда бұл қандай мемлекет болып табылады?

ІІ. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты және бағалау критерийлерін анықтау, талдау.

Презентация РР

Сурет https://laicismo.org/la-soberbia-de-las-religiones

Мағынаны тану

5 мин

8 мин

17 мин

Интерактивті тақтаға ҚР Конституциясының 1 бабын көрсету.

Бапта кездесетін жаңа ұғымдарды талдау. Демократия, зайырлы, унитарлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ұғымдары аясында өздерің ассоциацияларын келтіру.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма: Ғаламторды пайдалана отырып Венн диаграмасы арқылы зайырлы мемлекет пен діни мемлекеттің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.

(Ноутбуктармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салу)

Дескрипторлар:

  • Зайырлы мемлекеттің кем дегенде 3 айырмашылығын анықтайды.
  • Діни мемлекеттің кем дегенде 3 айырмашылығын анықтайды.
  • Зайырлы және діни мемлекеттердің кем дегенде 3 ұқсастықтарын анықтайды.

Өзара дескриптор бойынша бағалау.

Топтық жұмыс.

Тапсырма: ҚР кесте бойынша сипаттау және басқа мемлекеттермен салыстыру.

ҚР сипаты

Белгілері

Артық

шылығы

Мысалы ретінде мемлекеттер

Демократиялық мемлекет

Құқықтық мемлекет

Зайырлы мемлекет

Әлеуметтік мемлекет

Дескрипторлар:

  • Демократиялық мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.
  • Құқықтық мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.
  • Зайырлы мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.
  • Әлеуметтік мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал кетіреді.

Дескрипторлар бойынша өзара топтық бағалау.

http://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/va=%D0%9A%D0%9E%D0%9D%D0%A1

Венн диаграмма,

ноутбуктар, ғаламтор

Соңы

5 мин

Рефлексия

Синквейн стратегиясын орындаңыз:

- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім).- Екінші жолда - тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім).- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік).- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем жазу.- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Үйге тапсырма: Әлемнің бір мемлекетінің конституциясын зерттеу, артықшылықтарын анықтау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті жоғары оқушылар берілген тапсырмамен шектелмей, көрші мемлекеттердің Конституциясын зерттеп, сипаттама бере алады

Дескриптор бойынша жұптық және топтық бағалау

Ноутбуктармен жұмыс жасау кезіңде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу