Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет cұлтанға айтқаны». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 2-сабақ.


 Шығарма талдаудың негізгі сатысының бірі - кейіпкер бейнесін талдау. Оқиғаның дамып, өрбуі тікелей кейіпкерлерге, олардың іс-қимыл, әрекеттеріне, өзара қарым-қатынасына байланысты. Нақтылап айтсақ, кейіпкер- оқиға желісінің арқауы. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып, оның іс-қимылы, мінезі, қылығы айқындала түседі. Олай болса, шығарма желісіне жүгіну, кейіпкерлерді тануға тікелей байланысты. Осы жөнінде профессор М.А.Рыбникова былай деп ой айтады: «Оқытып тәрбиелеу міндеттері дегенде, біз тәрбие беретін мысалдарды, үлгілерді ұсынумен қатар, кеіпкер тағдыры арқылы берілетін өмірлік мәні бар мәліметтерді талдауымыз керек.»

 Көркем шығарманы сабақта талдау барысында кейіпкерлер бейнесін танытатын, айқындап, даралайтын белгілерді төмендегідей топтап алдым. Кейіпкерлер бейнесін таныту белгілері:

1. Жазушының кейіпкерге берген сипаттамасы және олардың портреттерін суреттеуі

2. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері

3. Кейіпкерлер диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздерді, суреттемелерді табу

4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысы

5. Кейіпкерлердің адами ұнамды қасиеттерін анықтау, олардың оқушыларға әсері.

 Бұндай жолмен талдау-оқушылардың шығармадағы кейіпкерлердің өмірмен тікелей бірлігін көрсете, салыстыра отырып, олардың іс-әрекеттері арқылы мінез-құлқын, өзіндік қасиеттерін танып, білуіне жол ашады. Осы тұрғыда кейіпкерлерді таныту ісін 5-сыныптан бастап, сатылай үйрету, түсіндіру, ұғындыру арқылы оқушыларды кейіпкерсырына біртіндеп ендіреміз. Ол үшін оқиғалы әңгімелерді оқыту үстінде осы шығармада қандай кейіпкерлер кездеседі, олар кімдер, бір-бірімен қарым-қатынасы қандай, оқиға барысына, оның дамуына қатысы қандай, оның мінезінен, берілген, сипатталған портреттерінен нені аңғарамыз, шығармадағы кейіпкерлердің өмірде көріп жүрген адамдармен ұқсастығы бар ма, қай кейіпкерді ұнатасыңдар, ол несімен ұнайды, оны қалай дәлелдей алар едіңдер деген сұрақтар қою арқылы сұрау, жаттықтыру, айқындаттыру арқылы сыныптан сыныпқа күрделендіре түсіп, оларды толық салыстырмалы талдауға алып келтіреміз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу