Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет cұлтанға айтқаны». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 5-сабақ.
Алай ма, сұлтан алай ма!Астыма мінген арғымақАяңдап түсіп марай ма?Арғымақ дейтін жығылар,Найза бойы жар келсе,Жабыдайын жалтаңдап,Түсер жерін қарай ма?Арғымақ атқа айдай таға қақтырса,Кілегей қатқан ЕділдіңКөкше мұзынан таяр ма?!Ата ұлының баласыАсыл ерге малың бер,Малың бер де басын қос,Басыңа тарлық түскендеАрдақтаған әділ жанын аяр ма?Біз бір енеден бір едік,Бір енеден екі едік,Екеуіміз жүргенде,Бір - бірімізге ес едік.Бір енеден үш едік,Үшеуіміз жүргенде,Толып жатқан күш едік.Бір енеден бес едік,Бесеуіміз жүргенде,Алашқа болман деуші едік.Өтемістен туған он едік,Онымыз атқа мінгенде,Жер қайысқан қол едік.Еділді көріп емсеген,Жайықты көріп жемсеген.Таудағы тарлан шұбар біз едік.Исатайдың барында,Қара қазан, сары балаҚамы үшін қылыш сермедік.Шабытымыз келгенде,Ерегіскен дұшпандыШетінен сүйреп жеп едік.Баста дәурен тұрғанда,Біздер - дағы, Бәйеке,Оза көшіп, кең жайлап,Еркімен еркін жатқан ер едік.Еділ үшін егестік,Тептер үшін тебістік.Жайық үшін жандастық,Қиғаш үшін қырылдық,Теңдікті, малды бермедік,Теңдіксіз малға көнбедік.Ханның кірген ақ орда,Бұзуын ойлап кеңестік.Аламанға жел беріп,Аса жұртты меңгердік.Қара қазақ баласынХан ұлына теңгердік.Өздеріңдей хандардыҚабырғасын сөгілтіп,Қабырғадан аққан қанАт баурына төгілтіп,Әділ жаннан түңілтіп,Ат көтіне өңгердік.Кешегі Исатайдың барында,Алақандай НарындыБастаушы едім құлаштай.Жәбір беріп жала етсең,Былғанған басым ласқа - ай.Мен бір шарға ұстанғанҚара балта едім,Шабуын таппай кетілдім,Қайраса тағы жетілдім.Көрмес, келмес деп едім,Өз еркіммен бетімді - ай.Есігіңнің алдынаҰрмай, соқпай келтірген,(Арманың бар ма құдайға)Мынау Махамбет сынды «жетімді - ай»!
- Ханнан кегім ала алмай,Арқаның алпыс екі саласына барғанда,Айдаһардай арбадың,Арбадың да қалмадың.Қайрат қылар ер біз болсақ.Заманымда болған «сұлтаным»Бізді жіпсіз байладыңЕділ мен Жайық жер еді - ау,Мекен еткен шаруаға,Жағасы қорған жай еді - ау.Жай - қоныстан айрылып,Біз бір қаңғып жүрген қарашы.Қайта - қайта іздетіп,Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?!Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,Шамырқансам тағы кетермін,Кетпей де нешік етермін?Бұл барғаннан барармын,Қиядан орын алармын,Өтініп алып от жақпан,Дұшпанға қылыш ұрармын.Жазға бір ай қалғанда,Ала сапыран болғанда ,Бөліне көшкен еліңдіБөріккен қойдай қылармын.Жарыла көшкен еліңді,Жаралы қойдай қылармын.Мен кеткенмен тек кетпен,Сізден артық табармын.Ашуыма көп тисең,Өзекті жанға бір өлім,Ордаңды талқан ғып шабармын.Беркініп садақ асынған,Біріндеп жауын қашырған.Құйқылжыған құла жирен ат мінген,Құйрық, жалын шарт түйген,Мен кесекті ердің сойымын,Кескілеспей бір басылман.Алдыңа келіп тұрмын деп,Ар - намысым қашырман.Сүйегім тұтам қалғанша,Тартылмай сөйлер асылмын.Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,Бойың жетпес биікпін,Бұлтқа жетпей шарт сынбан!Айта келген сөзім бар,Не қылсаң да жасырман.Шамдансам жығар асаумын,Шамырқансам сынар болатпын,Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»Аяғыңа бас ұрман.Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,Қыларың болса қылып қал,Күндердің күні болғанда,Бас кесермін, жасырман!Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр!Боз орданы тіктім деп,Боз ағашты жықтым деп,«Ханым, ханым» дегенге.Көтере берме бұтыңды,Көптіре берме ұртыңды,Күндердің күні болғанда,Өзіңнен мықты жолықса,Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді.Тәуекел таққа бел байлап,Қималы найза өңгеріп,Боз балаға жел беріп,Атқа мініп шыққанда,Зұлым төре, сенің де,Көрер едім к...
- Мен, мен едім, мен едім,Мен Нарында жүргендеЕңіреп жүрген ер едім.Исатайдың барындаЕкі тарлан бөрі едім,Қай қазақтан кем едім?Бір қазақпен тең едім.Өздеріңдей хандардың,Қарны жуан билердің ,Атандай даусын ақыртып,Лауазымын көпке шақыртып,Басын кессем деп едім.Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім.Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім.Еңсесі биік Ақ орда,Еріксіз кірсем деп едім.Керегесін қиратып,Отын етсем деп едім.Туырлығын кескілеп,Тоқым етсем деп едім.Тақта отырған хандардыңТөрде отырған ханымынҚатын етсем деп едім.Әлдилеген баласынЖетім етсем деп едім.Хан сырқаты - сары бал,Сұраусыз ішсем деп едім.Ханның киген кіреукеҮстіме кисем деп едім.Қанықейдей көріктіңдіҚалыңсыз құшсам деп едім.Тінікейдей тектіңдіИтелгі көзің төңкеріп,Күшіктей даусын қыңсытып,Аш күзендей белін бүгілтіп,Әділ жаннан түңілтіп,Ат көтіне үңілтіп,Артына салсам деп едім.Тілекті Тәңір бермеді,Өздеріңдей хандардыОсылай бір қылсам деп едім.
- Мен, мен едім, мен едім,Мен Нарында жүргендеЕңіреп жүрген ер едім.Исатайдың барындаЕкі тарлан бөрі едім.Ерегіскен дұшпанғаҚызыл сырлы жебе едім.Жақсыларға еп едім,Жамандарға көп едім.Ерегіскен дұшпанның,Екі талай болғанда,Азыққа етін жеп едім.Хан баласы ақ сүйек,Ежелден табан аңдысқанАта дұшпан сен едің,Ата жауың мен едім.Ежелгі дұшпан ел болмас,Етектен кесіп жең болмас.Хан баласы ақсүйек -Бәйеке сұлтан сен болып,Сендей нар қоспақтың баласы,Маған оңаша жерде жолықсаң,Қайраңнан алған шабақтайҚия бір соғып ас етсем,Тамағыма қылқаның кетер демес ем!
Баяндаушылар тобы: үзіндіде қандай сәт баяндалғанын айтады.
Талқылаушылар тобы: үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай? Тартыс бар ма?
Белгілеушілер тобы: автор қолданған көркемдегіш құралдарды табады.
Зерттеушілер: өлеңдегі бас кейіпкер ақынның көңіл күйін, өлең жазуда көздеген мақсатын зерттейді.
Топтарға қиып беретін жолдар
1-топқа
Біз бір енеден бір едік,Бір енеден екі едік,Екеуіміз жүргенде,Бір - бірімізге ес едік.Бір енеден үш едік,Үшеуіміз жүргенде,Толып жатқан күш едік.Бір енеден бес едік,Бесеуіміз жүргенде,Алашқа болман деуші едік.Өтемістен туған он едік,Онымыз атқа мінгенде,Жер қайысқан қол едік.Еділді көріп емсеген,Жайықты көріп жемсеген.Таудағы тарлан шұбар біз едік.Исатайдың барында,Қара қазан, сары балаҚамы үшін қылыш сермедік.
2-топқа
Ашуыма көп тисең,Өзекті жанға бір өлім,Ордаңды талқан ғып шабармын.Беркініп садақ асынған,Біріндеп жауын қашырған.Құйқылжыған құла жирен ат мінген,Құйрық, жалын шарт түйген,Мен кесекті ердің сойымын,Кескілеспей бір басылман.Алдыңа келіп тұрмын деп,Ар - намысым қашырман.Сүйегім тұтам қалғанша,Тартылмай сөйлер асылмын.Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,Бойың жетпес биікпін,Бұлтқа жетпей шарт сынбан!Айта келген сөзім бар,Не қылсаң да жасырман.Шамдансам жығар асаумын,Шамырқансам сынар болатпын,Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»Аяғыңа бас ұрман.
3-топқа
Еділ үшін егестік,Тептер үшін тебістік.Жайық үшін жандастық,Қиғаш үшін қырылдық,Теңдікті, малды бермедік,Теңдіксіз малға көнбедік.Ханның кірген ақ орда,Бұзуын ойлап кеңестік.Аламанға жел беріп,Аса жұртты меңгердік.Қара қазақ баласынХан ұлына теңгердік.Өздеріңдей хандардыҚабырғасын сөгілтіп,Қабырғадан аққан қанАт баурына төгілтіп,Әділ жаннан түңілтіп,Ат көтіне өңгердік.Кешегі Исатайдың барында,Алақандай НарындыБастаушы едім құлаштай.
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясының сұрақтары
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады? 2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ? 3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді? 4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады ? 5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды? 6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?