Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 6-сабақ.
Шендестіру
қайталау
параллелизм
риторикалық сұрақ метонимия
синекдоха
метафора
теңеу
гипербола
литота
кейіптеу
ирония
Тапсырма
Басы – жазушы стилін жазыңыз.
Үстіңгі сүйектері- мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін жазыңыз.
Астыңғы сүйектері – көркемдегіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеңіз.
Құйрығы- шығарма жайлы пікір білдіріңіз.
Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек.
Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.
1-топ
Тапсырма
Сұрақтарға топпен ақылдаса отырып, жауап беріңіз.
1. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?
2. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай? Тартыс бар ма?
3. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыр.(Айшықтау мен құбылту)
2-топ
Тапсырма
Сұрақтарға топпен ақылдаса отырып, жауап беріңіз.
1. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?
2. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай? Тартыс бар ма?
3. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыр.(Айшықтау мен құбылту)
3-топ
Тапсырма
Сұрақтарға топпен ақылдаса отырып, жауап беріңіз.
1. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?
2. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай? Тартыс бар ма?
3. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыр.(Айшықтау мен құбылту)
Топтарға ұсынылатын үзінділер
1-топ
Ерегескен дұшпанның
Жылқысын алып, зарлатты.
Азырақ күн бақыты
Жанған оттай қаулапты.
Бір күндері болғанда
Тортөбөл атын ұрлатты.
Бас себебі сол болып,
Қырғызға қарай жол тартты.
Іргелі жұртқа кез болып,
Батырларды қан тартты.
Көзімен көріп, бұл сөзді
Нысанбай еді жырлаған.
Бар күнәсі қырғыздың –
Жалғыз атты ұрлаған.
Атын алған қырғызға
Хан үйінде жынданған.
Ерегеспен бұздырды
Қанайдың тамын сырлаған.
Күмісті садақ, алтын оқ
Кенекең жауға жолықты.
Ақ білегін сыбанған
Балуанды тойға жолықты.
Алыстан тоят көздеген
Ақ сұңқарға жолықты.
Айшылықты бір басқан
Қас тұлпарға жолықты.
Асқындаған пейілінен
Кенекем зорға жолықты.
Нөкерімен теп-тегіс
Бір ажалға молықты.
Ұсталар алар қолына
Қышқашы мен балғаны.
Тасқан нәрсе тегілер,
Бұл сөздің бар ала жалғаны?
Қырғыздан қорлық көрген соң,
Кененің көп-ті арманы.
Іледен өтіп жөнелді,
Өр Дулатқа барғалы.
Сол Дулатпен қосылып,
Қырғыздан кегін алғалы.
Барып еді, өр Дулат
Барғанын қабыл алмады.
Кене ханның сөзіне
Құлағын да салмады.
Асаулар үзді шідерді,
Сыйламай Дулат жіберді,
Сыйынып барған елінен
Кене хан үзді күдерді.
Дегені болмай қалған соң,
Қабағы ханның түнерді.
Күздің күні болған соң,
Қырғызға қарап үдерді.
Қазан айы болғанда
Қатуланды, қаттанды.
Іріктеп алған ерлермен
Хан қамаудан аттанды,
Құз асып қалың Шөңгірден,
Қосшы деген ел жатты.
Қоқилатып қырғыздар,
Қос-қосқа бөліп таратты.
Қалшаны ұстап байлатты
Хан болып халқын меңгерген.
Қарадан шыққан хан еді
Нашарды зорға теңгерген.
Қалшаға қырғыз баласы
Жалынып қана күн көрген.
Тартуына іркілмей
Отаулатып қыз берген.
Қисайған жыға түзеліп,
Кененің ісі жөнделген.
Қоқаннан ауған көп
Дулат, Қарағаштай ел келген.
Мәмбеттің ұлы Байұзақ,
Балқожа, Медеу ер келген.
«Жауың қайда? Мен — жолдас»,-
Хан Кенеге дем берген.
Сол елменен күшейіп,
Төрелер жайды қанатты.
Қарағаштай көп жұртты
Хан аузына қаратты.
Аттансын деп көп қосын,
Жұртқа салды санатты.
Сайлап алды ақ алмас,
Тастан қайтпас болатты.
Сегіз мыңдай кісі боп,
Өңшең байыр манапты.
Бұл сапарда Наурызбай
Таудан үлкен талапты.
Үш қамалды бір бұзып,
Қырғызды жаман талатты.
Қырғыздан түскен олжаға
Бір төлеңгіт бармады.
Бұл сапарда қазақтан
Біреу олжа алмады.
Көп дулатты хан
Кене Ақылменен алдады.
«Қызыл тұмсық болсын», — деп,
Олжамен аузын қандады.
2-топ
Алатаудан аса алмай,
Қазақ жолы байланды,
Бес күн удай атысып,
Түгесіп келдім айламды.
Осындайда болмаса,
Көремін қашан пайдаңды?
Осы бүгін күн батпай,
Көрсетші қанат жайғанды.
Тау басында қырғызға
Бір тигізші найзамды.
Айналайын Бұғыбай,
Аралатшы майданды!
Бұғыбай сонда сөйлейді: —
Қысылып тұр-ау жанымыз,
Тау басына жете алмай,
Болмады, сірә, сәніміз.
Жауыңды шаншып беруге
Келмейді, Науан, әліміз.
«Жол тап» — деген сөзіңнен
Төгіле қалмас арымыз.
Көп кешікпей, Науанжан,
Ханға таман барыңыз.
Баруға көңілің тілесе,
Ханнан жарлық алыңыз.
Томағамды сыпырып,
Қамау тасқа салыңыз.
Мұны естіп Наурызбай,
Алдына барды Кененің –
Түсі суық тартқанда
Төрт қырланған жебенің,
Ажал оғы келгенде
Қорғаны болмас көбенің.
Қолына толды қырғыздың
Басы тау мен төбенің.
Рұқсат берсең, Кенеке,
Барайын соған деп едім.
Салатұғын алдыма
Бұғыбай басшы ер еді.
Әдіре қалғыр Алатау,
Асуға қиын жер еді.
Қамалын барып бұзайын,
Кенеке, жауап бер, — дейді, —
Отыз жігіт сайланып,
Қасыма менің ер, — дейді, —
Тау басына барған соң,
Ойынымды көр, — дейді.
Кене хан сонда сөйлейді: —
Дұшпаннан бітсін ар, — дейді. –
Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бәрін ал, — дейді. –
Көңілің шапса, Науанжан,
Ертерек сонда бар, — дейді. –
Екі-үш жүздей кісімен
Ойынды барып сал, — дейді.
Наурызбай тағы сөйледі: —
Алладан жәрдем күтейін,
Ата-бабам жар болса,
Бір мұратқа жетейін.
Былтырғы қылған азасын
Қырғыздың бүгін етейін.
Екі-үш жүз кісі көбірек,
Онша алып, тақсыр, не етейін.
Әскерден отыз батырды
Іріктеп алып кетейін.
Тәңірі қосса, қырғызға
Бір тамаша етейін.
Қиын жерде хандарға
Болады сүйеу қарашы.
Қысылған жерде әркімнің
Тәңірім болсын панасы.
Көп кісі қаптай шабуға
Арқаның бар ма даласы?!
Аз кісіге жақсы екен
Алатаудың арасы. –
Мақұл, — дейді хан Кене
Наурызбайдың сөзіне.
Сол уақытта Науаңның
Жан көрінбес көзіне.
Иесі тілек қылған соң,
Береді рұқсат өзіне.
Қайтармады меселін
Ұмтылып тұрған кезіне.
Қауырсынды, қанатты,
Таудан үлкен талапты,
Ер көңілді, қалма! — деп,
Жұртқа салды санатты.
Қалың қолдан саралап,
Алады өңкей манапты,
Ерегескен соғыста
Тастан қайтпас болатты.
Тауға қарсы түйлікті,
Сұңқардай жиып қанатты.
Отыз жігіт жөнелді –
Тәмәм қолдың беглері.
Бұғыбайды басшы ғып,
Қиын жолды көргелі;
Тау басында қырғыздың
Жазасын барып бергелі;
3-топ
Қырғыздың шықты дал-далы.
Келгенін ханның көрген соң,
Наурызбай төре есірді.
Бөгежектеп жүрген ер
Еркінше шауып көсілді.
Жазыла алмай жүр еді,
Түйіні жіптің шешілді.
Қойға кірген бөрідей
Қырғызға салды кесірді.
Бір кіргенде ап келді
Тізілтіп неше жесірді.
Бас-басына таратып,
Жігіттің көңілін өсірді.
Абылай аспас асудан
Асамын деп өктеді.
Наурызбайдың ерлігін
Қырғыз, қазақ сөкпеді.
Төренің алдын орады,
Қырғыздар мерген төккелі,
Бәлені бастан кетіріп,
Хан айласын еткелі.
Зеңбіректі туралап,
Төте жерден бір атты.
Адам мен малды қабаттап,
Топырлатып құлатты.
Жөңкіліп жүрген қырғыздың
Жолшыбай кебін сұлатты.
Қамалған қатын-қыздарын
«Қоқилатып» жылатты.
Қызыққа тоймай батырлар,
Тереді таудың шиесін.
Бұл сапарда Наурызбай
Жар етті Жаппар иесін.
Қамалын бұзды қырғыздың,
Соғыстың тауып жүйесін,
Алып шықты үш жүздеп
Айғыр менен биесін,
Атан демей, нар демей,
Жетпіс-сексен түйесін.
Бөліп берді бәріне
Сыбағалы тиесін.
Наурызбай гүл-гүл жанады,
Ақ білегін сыбанып.
Жауды аралап қырады,
Қолына жасыл ту алып.
Шын қаһарға мінеді,
Ақша беті қуарып.
Бозбалаға сөйлейді,
Ағасын көріп қуанып.
— Абылай аспас асуда
Кенекем дүкен құрғаны.
Батырлардың жараспас
Майданға кірмей тұрғаны.
Кенекем келді біз үшін,
Үш алаштың қорғаны.
Аянбай бүгін іс көрсет,
Таманың батыр Құрманы!
Кеудедегі шыбын жан –
Ар-намыстың құрбаны.
Жар бола көр біздерге,
Атамыз өткен Абылай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?