Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


Пән

Қазақ әдебиеті

Сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.А/И2. автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • автор бейнесінің идеялық рөліне талдау жасайды;

Көптеген оқушылар

  • автор бейнесінің стилистикалық рөліне талдау жасайды;

Кейбір оқушылар

  • автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды

Бағалау критерийлері

  • автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: тақырып, идея, автор стилі, тілдік ерекшелік,автор бейнесі

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Шелек өзені, Бақалы шатқалы,

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Ыстықкөл күнделігінен» алынған үзінділерді қолданып, шығармашылық жұмыс жазды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

2 минут

  • Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
  • Оқу мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 минут

3 минут

12 минут

4 минут

2 минут

8 минут

2 минут

1-тапсырма

Шелек

өзені

Т/С. Оқушыларға Шелек өзенінің суреті көрсетіледі. Суретке қарай отырып, өзенді сипаттайды. Шығармадан оқығандарын пайдалануларына болады.

2-тапсырма

С. «Ыстықкөл күнделігінен» Шелек өзені туралы үзіндіні оқиды.

Ыстықкөл күнделігі

Шығармадан үзінді

 15 мамыр. Шелек өзеніндегі түнемелік

 Шелек өзені бастауын Алатау тауының орталық биіктігінен алады, сол жерден Талғар өзені де басталады, сосын таудың ортасын жарып батысқа қарай, Жіңішке өзеніне құлайды, сосын Ілеге құйғанша солтүстік шығысқа қарай ағады. Оған құятын немесе дұрысы оны құрайтын шағын өзендер - Қуғантөр, Деле Қарағайбұлақ, Сүттібұлақ, Үшбайсорын, Күдерге, Құрменте, екі Сарыбұлақ (Күлді Сарыбұлақ, Асу Сарыбұлақ), Сатылы және Қарабұлақ, сол жақтан Үшбұлақ, Текжол, Жіңішке, Сарыбұлақ және Асу. Шелектің ағысы арқылы келесі асулар өтеді: Қуғантөр мен Деле Қарағай. Шелекке оң жақтан құятын барлық өзендерден атпен өтуге болады. Тек Құрментіден ғана маусым мен тамыз айларында түйелер өте алады.

 Шелектің ағысы барынша жылдам, жылдың барлық уақытында оның суы үнемі толы болады және ол біршама көп жерге жайылады. Ол тау басындағы қар суынан маусымның аяғында тасиды да, тамызға дейін, қазақтар айтқандай тары жинайтын уақытқа дейін созылады. Шелектің жоғарғы ағысы қазақтардың үнемі қыстайтын мекені, ерте кездерде Қарабұлақтан Үшбайсорынға дейін сарыбағыштар мекендеген, қазір онда албандық қызылбөрік руы қоныстанады. Қыс кезінде малды жайып, бағуға өте қолайлы деп Бақалы шатқалы саналады, ол Жіңішке мен Сарыбұлақ өзендерінің ортасында орналасқан. Бақалы - бақаның көп жері деген мағына береді. Сарыбағаш руынан шыққан бір қырғыз мені манап Үмбетәлі сол жерде қыстағанда, бір бастауда қыс бойы бақалар бақылдаған деп сендірді. Оның айтуынша, бақалардың терісі аппақ, ал үлкендігі жұдырықтай болыпты. Қазақтар да осылай дейді. Шелектің жоғарғы жағында бетегеден басқа шөп өспесе де, сақылдаған аязды қатаң қыс, қалың қар мен ұйытқыған боран ешқашан болмаған, қалай болса да жасы 80 ге келген шалдардың есінде жоқ.

 Шелек бойындағы Алатау қалың шырша орманына бөккен. Шелектің жағалауындағы алқаптарда мал жейтін шөп жоқ, тек жусан мен қызғалдақ бар, бірақ өзеннің жағасы тал, жиде ағашы, тобылғы, жыңғылға толы. Бұл бұталар өзеннің маңында қалың, жап-жасыл алқап түзеді. Өзен ағысының орта тұсына оны қоршаған талдардан биік орман түзіледі. Қазақтар оны Бауағаш деп атайды. Ілеге құяр тұста ол қамыс пен сексеуілге оранады. Шелек пен Іленің Қаратұрыққа дейінгі арадағы бұрыштың жағалауында, далалықтар айтқандай, жақсы шабындық жер бар. Бұл жерден тауға дейін тек шеңгел мен ши өседі.

 Қаратұрықтан Шелекке қарай жүретін жолда сол жақта сулы сай бар, ол бір батырдың моласы бойынша - Қорам деп аталады. Ол жолмен қатарласа орналасқан. Оның Шелекке жететін аяғы батпаққа айналған, жайылым шөбі көп өседі. Оның екінші жағындағы құрғақ жерде қамалдардың қирандысы, дұрысын айтқанда, қазылған ор орындары жатыр, қасында құдық бар. Қазақтардың аңызы бойынша, мұнда қалмақтардың бекінісі болған және Абылай хан оны қиратып, Шелек алқабын жаудан тазартқан. Шелектің өзінде, Бауағаштан жоғары жерде одан да үлкен қорғанның үйінділері жатыр. Маған сарыбағыштар айтқандай, марқұм Орман батыр осы жерлерде көшіп-қонып жүргенде әйелдер мен балалар сол жерлерден інжу, маржан, лағыл, моншақ тағы басқа бұйымдар тапқан. Шелектен Ыстықкөлге керуен жолы Темірліктен Қарқараға қарай өтеді, жүруге соншалықты қолайлы емес, келесісі Шелектің жоғарғы жағымен Сөгеті тауы арқылы осы аттас асудан өтіп, Торайғыр тауымен жүріп, одан әрі үш Меркіден Қарқараға шығады, Шарын алқабынан Қарқараға қарай Темірлік жолы Меркі жолымен бірігіп, жалғыз өткел (үлкен керуендер үшін) Санташ арқылы өтеді.

 Темірлік жолы анағұрлым қолайлы, тіпті, арбамен жүруге болады. Жалғыз кедергі - Темірлік өзенінің ағысынан пайда болған сай. Сөгеті және Меркімен өтетін жол түйелерге ыңғайлы, бірақ арбаға қиын. Біздің жасағымызда бір арба мен кішкентай тау зеңбірегі болғандықтан, біз түйеге арба мен зеңбіректі артып, Сөгеті асуын таңдадық.зім алғашқы балшықтан жасалған құман мен қыш құмыра сынықтарын тауып алдым. (264-265 б.)

ЖЖ. Үзіндіні оқып болғаннан кейін «Стикердегі диалог» әдісі бойынша сұрақтарды талдайды.

«Стикердегі диалог» әдісі

Қабырғаға түрлі-түсті қағазға жазылған сұрақтар жапсырылады. Сол сұрақтарды оқып, жұпта талқылайды. Келесі сұрақтарға ауысып, жұбымен талқылауды жалғастырады. Жұптың құрамын өзгертуге болады.

Стикерлердегі сұрақтар:

  • Үзінді қандай тақырыпта жазылған?
  • Автор неліктен Шелек өзені туралы жазған?
  • Неге жалқы есімдерді көп қолданған?
  • Автор Шелек өзенін қалай сипаттаған?
  • Өзенге қатысты деректерді қалай жазған?
  • Шығарманың тілінде, сөз қолданысында қандай ерекшеліктер бар?
  • Автордың айтайын деген идеясы не деп ойлайсыздар?

 Кері байланыс

 Оқушылар қай сұрақ түсініксіз болғанын, талқылауға қиындық келтіргенін атайды. Сол сұрақтар сынып оқушыларымен және мұғаліммен бірлесіп талқыланады.

Бағалау

 Кері байланыс сәтіндегі оқушылардың ерекше ойлары мадақталады.

 3-тапсырма

«Автор орындығы» әдісі

Сыныптың немесе топтың ұсынумен автор орындығына бір оқушы отырады. «Стикердегі диалогте» талқыланған сұрақтар авторға бағытталып қойылады. Мысалы, Неліктен «Шелек» өзені туралы жаздыңыз? Жер-су атауларын көп қолдану себебіңіз неде?

Оқушы өзін автор ретінде сезініп, шынайы жауап беруге тырысады.

Авторды басқа топтың оқушылары алмастырады.

Бағалау

Бағалау критерииі

Дескриптор

автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды

  • суретті сипаттады;

-сұрақтарды талқылады;

-өз пікірін айтты;

- авторға сұрақ қойды;

-сұраққа жауап берді.

https://stud.kz/referat/show/59385

Шоқан Уәлиханов

Көп томдық шығармалар жинағы, 1-том Алматы

2010

Сабақтың

соңы

Рефлексия

2 минут

Бүгінгі сабақ қалай өтті?

Қандай сұрағыңыз бар?

Жауабыңызды конвертке салыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу