Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 7-сабақ.


Пән

Қазақ әдебиеті

Сабақ

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.А/И4 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • шығармашылық жұмыс жазады

Көптеген оқушылар

  • автор стиліне сүйеніп жазады

Кейбір оқушылар

  • автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады

Бағалау критерийлері

  • автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: автор стилі, баяндау, сипаттау,

әдеби тіл, көркем тіл.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығарма үзіндісін идеялық, стильдік жағынан талдады, автордың тұтастырушы ретіндегі рөліне құрылған тапсырмаларды орындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

Басы

6 минут

  • Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
  • Оқу мақсатымен таныстыру.

1-тапсырма

«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі

Тақтадан автор стилі туралы айтқан А. Байтұрсыновтың сөзі көрсетіледі: «Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзгеше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, өз білуінше пікірлейді. Сондықтан әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады... Сол сияқты сөз өнерпаздарының да шығарған сөздерін оқып, лұғатынша үйір болғаннан кейін, оның бұрын оқылмаған, аты қойылмаған сөздерін де айтпай тануға болады. Сөздің өзін танытатын белгітіл, яғни, лұғат белгісі болады

Сұрақ: А. Байтұрсыновтың сөзіндегі «лұғат белгісі» деген ұғымға қалай түсіндіңіздер? Қандай ойға жетеледі?

Ж. Сұраққа жеке оқушы ойланады.

ЖЖ. Оқушылар жұптасып, өз ойларын бір-біріне айтады.

Т./С Жұптар топқа немесе сыныпқа өздерінің дұрыс деп есептеген жауаптарын ұсынады.

слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

8 минут

3 минут

1 минут

15 минут

3 минут

2-тапсырма

  • Ж. Оқушыларға шығарманың үзіндісі беріледі. Олар оның мазмұнымен танысады.

 «Карусель» әдісі

 Т. Сұрақтар партаға тасталады. Сынып оқушылары сұрақтың санына қарай 5 топқа топтасады. Олар мұғалімнің хабарлауымен сағат тілінің бағытымен ауысып отырады. Партадағы сұрақтарды топ болып талқылайды.

 Сұрақтар:

  • Үзіндіде Шоқан Уәлиханов қай өңір туралы жазды? Онда не туралы жазды?
  • Қандай түрде жазды: баяндау басым ба әлде сипаттау басым ба? Неге?
  • Автор шығарманы қалай жазған: жалпыға түсінікті әдеби тілде ме, көркем тілде ме, ауызекі сөйлеу тілінде ме? Неге олай ойлайсыздар?
  • Бұл шығарманы Ш.Уәлихановтың туындысы деп бірден айта алатындай автордың еңбегінде қандай өзгеше белгілер бар? (Ш. Уәлиханов шығармасының өзге жазушылардың шығармасынан қандай ерекшелігі бар? Өзіндік стилі қандай?)

Кері байланыс

  • Мұғалім оқушылардың талқылап жатқан сұрақтарын тыңдайды. Олардың түсінбей тұрған немесе шатастырып тұрған сұрақтарын одан әрі талқылауға әкелу үшін қосымша сұрақтар қояды? Мысалы, сипаттау дегенге қалай түсінесіздер? Бұл үзіндіде өңірдің сипаты берілген деп ойлайсыздар ма әлде тек баяндап тұр деп ойлайсыздар ма? Неге?
  • Талдау барысында оқушылар берілген сұрақтарды одан әрі анықтап алу немесе толықтыру мақсатында бір-біріне сұрақтар қояды. Оқушы мен оқушының, оқушы мен мұғалімнің арасында кері байланыс жүреді.
  • Бағалау

Бағалау дескрипторы бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Шығармашылық жұмыс

Өздеріңіздің туған жерлеріңізге немесе басқа өңірлерге саяхат жасаған шығарсыздар, туризмге шыққан боларсыздар. Каникулда алыс аймақтарға сапарлап, қыдырып барған шығарсыздар. Солардың бірін өз жұмыстарыңызға негіз етіп, автор стиліне сүйене отырып, 150-180 сөз көлемінде шығармашылық жұмыс жазыңыздар.

Шоқан Уәлиханов

Ыстықкөл күнделігі

(шығармадан үзінді)

 Шөп сонша қалың, тіпті, аттың аяғы шалынады. Тау етегінде сарыағаш, долана, итмұрын бұталары бар, бірақ көп емес, тек шырша ғана тұтасып өскен. Жоғарыға өрлеген сайын өсімдіктер сирей бастайды, тек аршагүл ғана бөктерді жауып, қарға дейін көтеріліп, солтүстік баурайды тұтас алып жатыр. Ұшар шыңда қар жатыр, ал қардан енді аршылған жерлерде жапырақ бүр жара бастаған. Солтүстік баурайда жуа, бәйшешек, бақбақ тәрізді өсімдіктер бар. Әлі бусанбай, атты адамды көтеретін қатып жатқан қармен тауға көтерілгенде, ауа райы кәдімгідей салқын болды, жел ызғыта соғып тұр, мен еріксіз тонымды киіп алдым. Жоғарыдан Ыстықкөл келбеті ашылды. Қызғылт күмістей жарқырап жатқан көл аспанмен таулы шыңдардың алыс бедерімен түстесіп тұр. Күн шұғыласы алқапқа бұлттардың дөңгелек көлеңкесін түсіруде. Біз шыңда тұрдық, ауа температурасы шамамен 6-7 градус қана болды.

 Біздің алдымызда жауған қардың кесірінен жол жабылып қалыпты, сондықтан біз тәуекел етіп, таудың тік беткейімен жүрдік. Жер тайғақ, аттарымыз сырғанақтап, тұяқтарымен тас ұшырды. Тастар төмен жықпылдардан өте домалап, көзге көрінбей кетті. Казактар жаяу жүруге тиіс болды, ал қазақтар ат үстінде міз бақпастан, үзеңгісін тебініп қойып, ыңылдап келеді.

 Аттар бірнеше рет сырғанақтап, құлады... Міне, міне құлады, домалады деген сәттер көп болды, бірақ Алланың көмегімен құламай, ары қарай сапар шектік. Бір жарым сағат бойы біз осылай қырқамен жүріп, аяғында бұрынғы жолға түсіп, төмендей бастадық. Төмен түсу көтерілгеннен гөрі әлдеқайда тік әрі қолайсыз болды. Егер біз жоғары көтерілгенде жер батпақ болмағанда, арбаның өзін жоғарыға сүйреп шығуға болар еді. Солтүстік баурайда қалың қар жатты, бірақ, бұған қарамай, мұндағы өсімдіктер оңтүстікке қарағанда биік. Сатының бүкіл бойына жол төмен құлдилайды. Саты сол жақтан қосылатын ағыспен бірігіп, суы молайып, тар арнамен жылдам ағады. Шыршалы орман басталып, өсімдіктер түрленіп, қалыңдай бастады. Жалғызаяқ сүрлеуге айналған жол ғана барған сайын жүруге қолайсыз болды. Кейбір тұстарда иір бұдыр тау қыспағы өзенді тарылтқаны соншалық – біз сумен жүріп, тіземізден су кешуге мәжбүр болдық. Жол бойында құлаған ағаштар көлденеңінен жатты, біз олардың астынан аттың жалына жабысып әзер өттік. Ары қарай сүрлеу жоғары көтерілді. Төменде 30 сажындай жерде Саты толқынданып жатты, жоғарыда кей жерлері шыршаға бөленген гранитті жалаңаш құздар тұрды. Айта кетерлігі, Алатаудың негізгі жынысы гранит: қызыл гранит, сұр және ақ. Саты ағысымен жүргенде солтүстік баурайында порфир мен аспеткезді еседі. Біз ең қиын сүрлеуге жақындадық, ол биіктігі 40 сажын құлама жардың ернеуімен жүреді. Қорқынышты жерге жетпей жатып менде күтпеген жағдай болды. Жолда дауыл құлатқан дәу шырша ағашы жатты. Мен атты тебіндім. Атым тік тұрып шапшыды, бірақ тұяғымен ағашқа сүрініп, құлап қалды. Мен ұшып кетіп, орнымнан тұрдым. Тепе-теңдігін жоғалтқан атым жардан төмен домалап кетті, мен тек гуілдеген даусын естіп, тастар арасындағы атымның басы мен ер тоқымын өзеннен көрдім. Бақытына қарай, жар жайдақ болды, 30 сажындай домалаған ат аман қалды. Жаман айтпай, жақсы жоқ деген, соның арқасында мен қазақтардың арасында батыр әрі епті болып көріндім. (1. 294-296 б.)

 Бағалау

 Жұптар бір-бірінің жұмыстарын алмасып оқиды. Дескрипторға сүйеніп бағалайды.

Бағалау критерииі

Дескриптор

автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады

  • өз ойын айтты;
  • сұрақтарды талқылады;
  • өз ойын дәлелдеді;
  • шығармашылық жұмыс жазды;
  • автор стиліне сүйенді.

 

Шоқан Уәлиханов

Көп томдық шығармалар жинағы

1-том

Алматы-2010 294-296 б.

Сабақтың

соңы

Рефлексия

1 минут

  • Шығармашылық жазба жұмысы маған оңай болды, себебі...
  • Шығармашылық жазба жұмысы маған қиын болды, себебі...

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу