Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 8-сабақ.


Пән

Қазақ әдебиеті

Сабақ

8

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.Б/С3 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • эссе жазады;

Көптеген оқушылар

  • әдеби эссе жазады;

Кейбір оқушылар

  • ғаламдық тұрғыдан талдап жазады

Бағалау критерийлері

  • шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: әдеби эссе

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Сібір кадет корпусы, Г.Х.Гасфорд, адьютант, Ұлы жүз қазақтары, Қоқан хандығы,

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

5 минут

  • Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
  • Оқу мақсатымен таныстыру.
  • С. «Ыстықкөл сапары» туралы жазылған «Шоқанның ізі қалған Аягөзде» мәтінін оқиды. Мәтіндегі деректерді тапсырмаларды орындау барысында қолданады.

https://turkystan.kz/article/57532-sho-anny-izi-al-an-ayag-zde

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

18 минут

Т. Блум таксономиясы

  •  Топтарға «Блум таксонмиясына» құрылған сұрақтар беріледі. Топтар сұрақтарды өз іштерінде талқылайды.

1. Білу. Ш. Уәлиханов Ыстықкөл сапарына кімдермен шықты?

2. Түсіну. Ш.Уәлиханов экспедициямен қай жерлерге барды?

3. Қолдану. Бүгінде сіздер экспедициямен шыққан болсаңыздар, күнделікке не жазған болар едіңіздер?

4. Талдау. «Ыстықкөл күнделігі» арқылы Шоқан Уәлиханов қандай деректер қалдырды?

5. Жинақтау. «Ыстықкөл күнделігі» шығармасының ерекшелігі неде?

6. Бағалау. «Ыстықкөл күнделігінің» құндылығы неде?

  •  Әр сұраққа әр топтан бір-бір сөйлем айтылады. Айтылған ойлар қайталанбағаны дұрыс.
  •  Кері байланыс. Топтардың жауабынан кейін туындаған сұрақтар талқыланады.
  •  Ж. «Ыстықкөл күнделігі» шығармасының ерекшелігі неде? Өз ойыңызды әдеби эссе түрінде дәлелдеп жазыңыз. (120 сөз көлемінде.)

Бағалау критерииі

Дескриптор

шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

  • өз ойын айтты;
  • талдады;
  • бағалады;
  • әдеби эссе жазды;
  • дәлелдер келтірді

ШОҚАННЫҢ ІЗІ ҚАЛҒАН АЯГӨЗДЕ

(«Ыстықкөл сапары күнделігі»)

 Шоқанның жан-жақты өнер иесі екендігін кез келген еңбегінен оңай аңғаруға болады. Оның бірі – жинақы да шымыр шығармасы «Ыстықкөл сапарының күнделігі».

 Шоқан бұл еңбегін жазғанда бар-жоғы 21 жаста екен. Егер Ш.Уәлихановтың ғылыми өмірбаянын жазған академик Әлкей Марғұлан дерегіне жүгінсек, бұл жаста Шоқан Омбыдағы Батыс Сібір генерал-губернаторлығын басқарған генерал Г.Х.Гасфордтың адъютанты, яғни, жеке тапсырмаларын орындаушы болған.

 Баршаға аян, Ұлы жүз қазақтары ХІХ ғасырдың ортасына таман Ресейге кешірек бағына бастады. Міне, осы мемлекеттік маңызы барынша басым бұл істе патша үкіметі сақ саясат жүргізуі қажет болды. Өйткені ол кезде бұл аймаққа Қоқан хандығының да ықпалы күшті болатын. Әсіресе, оңтүстікпен іргелес Іле сырты, Ыстықкөл маңында үлкен де күрделі істер өз шешімін күтіп тұрды.

 Бұл жауапты жұмыстың басын ертелі-кеш қайыра беру мақсатымен Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорд 1856 жылдың көктемінде патша үкіметінің ұйғарымына орай, Ыстықкөл аймағына ғылыми-әскери экспедиция шығаруға бұйрық берді. Экспедиция жетекшілігіне Ұлы жүз қазақтарының сол кездегі приставы және Алатау округінің бастығы полковник М.М.Хоментовский тағайындалды. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен жақынырақ танысу және Ыстықкөл аймағын картаға түсіру еді. Құрамы жүзге тарта адамнан тұратын экспедицияға Шоқан да енгізілді.

 Шоқанның бұл экспедицияға енгізілуінің де салмақты себебі бар. Жас офицер осыдан бір жыл бұрын ғана, яғни, 1855 жылы сол генерал Гасфордпен бірге Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай сапарына қатысып қайтқан еді. Осы сапар кезінде ол генерал Гасфордтың назарына ерекше ілініп, болашақ Ыстықкөл экспедициясы үшін жергілікті адамдардың ішінен оңайшылықпен табылмас маман деген тұжырым қалыптасқан еді.

 Сібірдің сол кездегі ең жоғарғы әскери оқу орны деп аталатын Сібір кадет корпусын сегізжылдық оқу бағдарламасы бойынша үздік бітірген Шоқан терең біліммен, әдеттен тыс зеректігімен маңайындағылардың назарын өзіне аудара білді. Сондықтан да болар. Гасфордтың жеке жарлығы бойынша Омбыдан Семейге, одан әрі Аягөз арқылы 1856 жылдың сәуірінде Шоқан сол заманның ең жүрдек көлігі – тарантаспен үш апта ішінде Верный бекінісіне жедел жеткізіліп, экспедицияға қосылды.

 Шоқан Семейден 18 сәуірде шығып, 20 сәуірде түнде Аягөзге жетеді. «Аягөз шағын станица. Онда найман руларын басқаратын округтік приказ бар». Шоқанның үш айға созылған сапарының өрлеуі де осы сөйлемдерден басталады. Семейден бері қарай сусыз, тақыр даламен жүріп келген ол Аягөз өзені бойында табиғат көрінісінің бірден өзгергенін байқайды. Осыған орай, Шоқанның «шынында да маңайдағы шөлейтті сусыз даламен салыстырғанда Аягөз жерұйық секілді» – деуі тегін болмаса керек.

 Шоқан Аягөзден қайта жолда шыққаннан-ақ, одан 90 шақырымдай жерде осы аттас өзеннің ар жағында орналасқан халқымыздың тамаша махаббат дастанының кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың зиратын көруге мықтап бекінген екен. Сондықтан Шоқан өз күнделігінің алғашқы беттерінде-ақ: «Мен Аягөзді мейлінше сүйемін және ғажаптанамын. Мүмкін бұған осы өзен жағасында дүниеге келген сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы Көрпешке ғашық болуы жайындағы поэтикалық ғажап аңыздың да себебі бар шығар. Біз бұл дастанмен жақсы танысып, зерттеген едік. Ендігі ойымыз – ол жерге таң алдында, ертеңгі таң шапағы теректер мен суды нұрға малындырып, бозторғайлар әндеріне басқанда, зират қасында тәтті ойларға беріле отырып шай ішу еді», – деп жазуы тегін емес.

Бірақ ат басын әдейі бұрғанымен көктемгі өзен суының қатты тасуынан Шоқан зират басына жете алмағандығы да белгілі. Ие, бұл жолы Қозы Көрпеш пен Баян сұлу зиратын жақыннан көре алмаған. Себебі, мұны сол 1856 жылы, осы зират жанында тұрған төрт тас мүсінді бейнелеп салған Шоқан суреттері дәлелдесе керек.

Шоқан Уәлиханов

Көп томдық шығармалар жинағы

1-том

Алматы

2010

https://turkystan.kz/article/57532-sho-anny-izi-al-an-ayag-zde

Сабақтың

соңы

Рефлексия

2 минут

ЖЖ. «Бес жолды өлең» әдісі

Зат есім-1

Сын есім-2

Етістік-3

Нақыл сөз

Синоним

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу