Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 10-сабақ.
Нысанбай жыраудың «Кенесары — Наурызбай» дастаны Қазіргі қазақ ақындарының құрметті ағаларының бірі, Қазақстанның халық жазушысы Ә. Тәжібаев бұл дастан жөнінде былай дейді: «Мұхтар Әуезов өте ірі тұлға және көреген ақын деп санаған Нысанбай XIX ғасырда өмір сүрген Кенесары ханның ең жақын достарының бірі, оның сүйікті жырауы. Нысанбай жырлаған Кене хан біздің дәуіріміздегі ең ірі тарихи дастандардың бірі және соңы деуге болады. Кене мен Наурызбайдың набыт болған күндеріне дейін барлық трагедиялық қайшылықтарын түгел жеткізе суреттеген қазақ елінің сүйікті дастаны. Бұл дастан кейін Кене ханмен бірге жабылды, оны ауызға алу қылмыс саналды. Сол ғажайып дастанның босанар күні бүгін туды. Жаңа ұрпаққа, талантты оқырман қауымға ұсыну керек».Дүрі жауһар данасы,Әркімнің алла панасы.Жан біткенге несібе –Дәрияның аққан саласы.Үйсіздерге үй болған,Би — отанның ханасы.Кенесары, Наурызбай –Абылай хан-ды бабасы,Әуелгі мекен-тұрағы –Көкшетаудың даласы.Жазғы жайлау қонысы –Ұлытаудың саласы.Өте залым болмаңыз,Мұсылманның баласы.Ақырында олардыңҚырғыздан болды қазасы.Кенесары ер болды,Ел ішінде бір болды.Қашқан, босқын жиылып,Өз алдына қол болды.Жұртқа тиіп кесірі,Әркімдерге сор болды.Қарсы келген адамныңКөзінің жасы көл болды.Ақылменен іс қылмай,Ақырында қор болды.Қырғызға барып қырылып,Ит пен құсқа жем болды.Абылай ханның баласыАсып туған Қасым-ды.Арғы тегін сұрасаң,Шынжыр қатар асыл-ды.Саржан атқа мінген соң,Төренің бағы ашылды.Қарсы келген егесіпДұшпанның көңілі басылды.Жалғыз Саржан не болар,Есенгелді қосылды.Кімге апарып теңеймізНаурызбай сынды жасынды?!Кенесары, НаурызбайАтағы шықты аңқылдап.Жауды үркітіп, қашырды,Ақ алмастай жарқылдап,Зәресін алды дұспанның,Найзағайдай шартылдап.Қасына ерген төлеңгітОлжаға батты қарқылдап.Кенесары, НаурызбайМұсылманға жан тартты.Ерегескен дұшпанныңЖылқысын алып, зарлатты.Азырақ күн бақытыЖанған оттай қаулапты.Бір күндері болғандаТортөбөл атын ұрлатты.Бас себебі сол болып,Қырғызға қарай жол тартты.Іргелі жұртқа кез болып,Батырларды қан тартты.Көзімен көріп, бұл сөздіНысанбай еді жырлаған.Бар күнәсі қырғыздың –Жалғыз атты ұрлаған.Атын алған қырғызғаХан үйінде жынданған.Ерегеспен бұздырдыҚанайдың тамын сырлаған.Күмісті садақ, алтын оқКенекең жауға жолықты.Ақ білегін сыбанғанБалуанды тойға жолықты.Алыстан тоят көздегенАқ сұңқарға жолықты.Айшылықты бір басқанҚас тұлпарға жолықты.Асқындаған пейіліненКенекем зорға жолықты.Нөкерімен теп-тегісБір ажалға молықты.Ұсталар алар қолынаҚышқашы мен балғаны.Тасқан нәрсе тегілер,Бұл сөздің бар ала жалғаны?Қырғыздан қорлық көрген соң,Кененің көп-ті арманы.Іледен өтіп жөнелді,Өр Дулатқа барғалы.Сол Дулатпен қосылып,Қырғыздан кегін алғалы.Барып еді, өр ДулатБарғанын қабыл алмады.Кене ханның сөзінеҚұлағын да салмады.Асаулар үзді шідерді,Сыйламай Дулат жіберді,Сыйынып барған еліненКене хан үзді күдерді.Дегені болмай қалған соң,Қабағы ханның түнерді.Күздің күні болған соң,Қырғызға қарап үдерді.Қазан айы болғандаҚатуланды, қаттанды.Іріктеп алған ерлерменХан қамаудан аттанды,Құз асып қалың Шөңгірден,Қосшы деген ел жатты.Қоқилатып қырғыздар,Қос-қосқа бөліп таратты.Қалшаны ұстап байлаттыХан болып халқын меңгерген.Қарадан шыққан хан едіНашарды зорға теңгерген.Қалшаға қырғыз баласыЖалынып қана күн көрген.Тартуына іркілмейОтаулатып қыз берген.Қисайған жыға түзеліп,Кененің ісі жөнделген.Қоқаннан ауған көпДулат, Қарағаштай ел келген.Мәмбеттің ұлы Байұзақ,Балқожа, Медеу ер келген.«Жауың қайда? Мен — жолдас»,-Хан Кенеге дем берген.Сол елменен күшейіп,Төрелер жайды қанатты.Қарағаштай көп жұрттыХан аузына қаратты.Аттансын деп көп қосын,Жұртқа салды санатты.Сайлап алды ақ алмас,Тастан қайтпас болатты.Сегіз мыңдай кісі боп,Өңшең байыр манапты.Бұл сапарда НаурызбайТаудан үлкен талапты.Үш қамалды бір бұзып,Қырғызды жаман талатты.Қырғыздан түскен олжағаБір төлеңгіт бармады.Бұл сапарда қазақтанБіреу олжа алмады.Көп дулатты ханКене Ақылменен алдады.«Қызыл тұмсық болсын», — деп,Олжамен аузын қандады.Екіншілей аттанды,Естіген дулат қалмады.Олжаға мырза дегеннен,Жалғызы қалмай, андады.Тау суындай сарқырап,Байұзақ келді төменнен.Көңілі бітті айқасып,Кенесары зеренмен,Тілімдес болып олжағаНаурызбай — асыл беренмен.Он екі мың әскерменТағы аттанды кемерден.Зеңбірегін асырдыАбылай аспас кезеңнен.Құлақ шыңдап, көз тұнды,Ақыл, айла, өнермен Кенесары,Наурызбай Атадан асты дегенмен.Абылай аспас асуданАсамын деп өрледі.Оңайлықпен қазаққаАсуды қырғыз бермеді.Әр жерлерден құралып,Қырғыздың қолы кернеді.Бесінге дейін атысып,Қазақтың әлі келмеді.Қарабалта, СоқылықАңғарынан шаң асты.Қырғыз-қазақ екі жар,Ескі жолға таласты.Сол уақытта хан КенеАмалынан адасты.Қырғызды айдап шыға алмай,Батырлар сонда бір састы.Үйінде еркек қалдырмай,Қырғыз да шыққан айдатып.Соғысты қылды қазақпен,Төскейде атты ойнатып.Қызықсын деп асуға,Қазына төкті жайнатып.Асуға текті тайғақ қып,Қазанға суды қайнатып.Абылай аспас асуданАсамын деп өктеді.Асуын тастап қырғыз да,Бас қамын қып кетпеді.Ойдан атқан зеңбірекТау басына жетпеді.Жесір менен мал алып,Бұл сапар олжа етпеді.Сол уақытта хан КенеЖар етті Жаппар иені.Аза болып сол жерде,Алдырды екі түйені.Шөгеріп салып, түйегеЗеңбірегін сүйеді.Тұрғызып қойып атса да,Сонда да тауға тимеді.Атасы өткен Абылай,Тілеуді берген бір құдай.Былтырдан алған басшысы –Шапырашты Бұғыбай.«Бұғыбай басшы қайда?» — деп,Шақырып алды Наурызбай! –Әй, Бұғыбай, Бұғыбай,Қорлық болды бұ қалай?Жол таба алмай қамалдық,Амал тапшы бұған-ай!Былтыр өзің келгенненХанның алдың жарлығын.Тар жол, тайғақ кешудеҚолдың алдың жабдығын.Бір ізіңнен жүргіздіңҮш алаштың барлығын.Жалғыз жолдан аса алмай,Тастың тарттым зарлығын.Бұл сапар алдым ашылмас,Дүниенің шектім тарлығын.Сасқан жерде жол тауып,Білінуші еді нарлығың.Осы бүгін, Бұғыбай,Қырғыздың көрдім қорлығын,Алатаудан аса алмай,Қазақ жолы байланды,Бес күн удай атысып,Түгесіп келдім айламды.Осындайда болмаса,Көремін қашан пайдаңды?Осы бүгін күн батпай,Көрсетші қанат жайғанды.Тау басында қырғызғаБір тигізші найзамды.Айналайын Бұғыбай,Аралатшы майданды!Бұғыбай сонда сөйлейді: —Қысылып тұр-ау жанымыз,Тау басына жете алмай,Болмады, сірә, сәніміз.Жауыңды шаншып беругеКелмейді, Науан, әліміз.«Жол тап» — деген сөзіңненТөгіле қалмас арымыз.Көп кешікпей, Науанжан,Ханға таман барыңыз.Баруға көңілің тілесе,Ханнан жарлық алыңыз.Томағамды сыпырып,Қамау тасқа салыңыз.Мұны естіп Наурызбай,Алдына барды Кененің –Түсі суық тартқандаТөрт қырланған жебенің,Ажал оғы келгендеҚорғаны болмас көбенің.Қолына толды қырғыздыңБасы тау мен төбенің.Рұқсат берсең, Кенеке,Барайын соған деп едім.Салатұғын алдымаБұғыбай басшы ер еді.Әдіре қалғыр Алатау,Асуға қиын жер еді.Қамалын барып бұзайын,Кенеке, жауап бер, — дейді, —Отыз жігіт сайланып,Қасыма менің ер, — дейді, —Тау басына барған соң,Ойынымды көр, — дейді.Кене хан сонда сөйлейді: —Дұшпаннан бітсін ар, — дейді. –Қолдағы өңшең батырданІріктеп бәрін ал, — дейді. –Көңілің шапса, Науанжан,Ертерек сонда бар, — дейді. –Екі-үш жүздей кісіменОйынды барып сал, — дейді.Наурызбай тағы сөйледі: —Алладан жәрдем күтейін,Ата-бабам жар болса,Бір мұратқа жетейін.Былтырғы қылған азасынҚырғыздың бүгін етейін.Екі-үш жүз кісі көбірек,Онша алып, тақсыр, не етейін.Әскерден отыз батырдыІріктеп алып кетейін.Тәңірі қосса, қырғызғаБір тамаша етейін.Қиын жерде хандарғаБолады сүйеу қарашы.Қысылған жерде әркімніңТәңірім болсын панасы.Көп кісі қаптай шабуғаАрқаның бар ма даласы?!Аз кісіге жақсы екенАлатаудың арасы. –Мақұл, — дейді хан КенеНаурызбайдың сөзіне.Сол уақытта НауаңныңЖан көрінбес көзіне.Иесі тілек қылған соң,Береді рұқсат өзіне.Қайтармады меселінҰмтылып тұрған кезіне.Қауырсынды, қанатты,Таудан үлкен талапты,Ер көңілді, қалма! — деп,Жұртқа салды санатты.Қалың қолдан саралап,Алады өңкей манапты,Ерегескен соғыстаТастан қайтпас болатты.Тауға қарсы түйлікті,Сұңқардай жиып қанатты.Отыз жігіт жөнелді –Тәмәм қолдың беглері.Бұғыбайды басшы ғып,Қиын жолды көргелі;Тау басында қырғыздыңЖазасын барып бергелі;Қамалын бұзып, жол салыпБейітін ашып келгелі.Жаз жайлауы сары дала,Қыс қыстауы Қарғалы.Наурызбай кетті бөлініп,Тау басына барғалы;Қамалып тұрған қырғызғаБір бүлікті салғалы.Кенесары бастығы,Төменде тұрып қалғаны.Талап етіп ұрындыЖаңадан бір жол салғалы.Сауысқанның аласы,Ағынан көп қарасы.Кене хан сонда сөйлейді –Абылай ханның баласы: —Қол көрінбес шаң болдыАлатаудың арасы.Қарағаштай көп қазақ,Ханға болдың қарашы.Ойда қоқан, қырда орыс,Хакім болды қаласы.Кімнен таяқ жегендейБіздің қазақ баласы!Алдырып жүрген дұшпанғаАуызының аласы.Дін мұсылман әлеуметБірге мінсе кемеге,Үш алаштың баласыТізгінін берсе Кенеге,Ер басына аяқтайТас көтерсек жебеге,Тау басына шығатынЖол салмасқа немене?!Байұзақ датқа түйсініпБұл жауаптың тегіне,Айтайын деп бір сөзді,Жетіп барды кебіне.—Ханның көңілі соғадыТаудан бір жол саларға.Бір талапқа бет қойдыТау басына барарға,Бекініп жатқан қырғыздыңҚамалын бұзып аларға.Ұят шығар төреденБөлініп біздер қаларға.«Әйтелік» деп Байұзақ,Қамшы басты бекерге.Таудан жолды салайық,Жабыл! — деді нөкерге.Аттан түсіп алдымен,Өзі бір тасты көтерді.Басшы болды БайұзақБір қайратты етерге.Байұзақ аттан түскен соң,Қасына түсті ханымыз.Ханымыз аттан түскен соң,Төгілер болды арымыз.Бұзбасақ та ол тауды,Түсе қалдық бәріміз.Жабырласып қол қойдықЖасымыз бен кәріміз.Сол уақытта қарасақ,Тау басынан шу шықты.Қаптаған қара тұмандайМұнарланып бу шықты.Бу десек, — мылтық түтіні,Отыз көкжал бөріменНаурызбай төре сол шықты.Бір кезеңге таластық,Жау жоғары, біз төмен.Жеткен екен қамалғаНаурызбай атты сұр берен.Қарқарадай астындаБайұзақ берген көк дөнен.Күн шығыс жаудың шетіненҚамалға кірді көлденең.Ор қояндай бұлтиғанКөк дөнен ат астында.Камзол ішік құнтиған,Ақ орамал басында.Керұғлыға бергісізОтыз көкжал қасында.Сол уақытта НаурызбайЖиырма бес жасында.Хан Кене мұны көрген соң,Қалмады сабыр, қарары.Қиын болды батырғаТаудан шығып барары.Наурызбайды көрген соң,Өлімнен кетті хабары.Түтеген мылтық ішінеКөзінің кірді жанары.Наурызбай кірді қамалғаКүн шығыс жаудың шетінен.Шыдай алмай хан Кене,Ат қойды таудың бетінен.Шөке атым жерге бармай-ақ,Кетті ханның еркінен.Сыпырылып қалып барадыКөк бурыл аттың көтінен.Наурызбай кірді қамалғаЖанған оттай бұрқылдап,Көк дөнен ат астындаOp қояндай бұлтылдап;Батырлардың найзасы,Найзағайдай жылтылдап.Мұнан кірген батырларОнан шықты алқылдап.Хан Кененің арманы –Құмбелден жатпақ жай алып.Наурызбай шықты қамалдан,Найзасы қанға боялып.Не жаны қалсын Кененің,Наурызбайдан аянып!Тарта берді шылбырдан,Қылышын тасқа таянып.Кене хан жөней берген соң,Қалуға нөкер ұялып,Тұс-тұсынан ат қойды,Түйсініп қазақ оянып.Кене хан кетті ұмтылып,Шыққалы таудың басына.Өлімге белін байладыӘзелде жазған басына.Қатарласып жөнелдіКене ханның қасына.Екі мыңдай кісі боп,Шықты таудың басына.Сол уақытта хан КенеЖар айтты Жаппар Алланы.Қабат-қабат оратып,Қырық арқанды жалғады.Тартып алды ойдағыЗеңбірек пен арбаны.Бір-екі рет атқандаКүңіреніп кетті жан-жағы.Есік-ежесік қиратып,28Қырғыздың шықты дал-далы.Келгенін ханның көрген соң,Наурызбай төре есірді.Бөгежектеп жүрген ерЕркінше шауып көсілді.Жазыла алмай жүр еді,Түйіні жіптің шешілді.Қойға кірген бөрідейҚырғызға салды кесірді.Бір кіргенде ап келдіТізілтіп неше жесірді.Бас-басына таратып,Жігіттің көңілін өсірді.Абылай аспас асуданАсамын деп өктеді.Наурызбайдың ерлігінҚырғыз, қазақ сөкпеді.Төренің алдын орады,Қырғыздар мерген төккелі,Бәлені бастан кетіріп,Хан айласын еткелі.Зеңбіректі туралап,Төте жерден бір атты.Адам мен малды қабаттап,Топырлатып құлатты.Жөңкіліп жүрген қырғыздыңЖолшыбай кебін сұлатты.Қамалған қатын-қыздарын«Қоқилатып» жылатты.Қызыққа тоймай батырлар,Тереді таудың шиесін.Бұл сапарда НаурызбайЖар етті Жаппар иесін.Қамалын бұзды қырғыздың,Соғыстың тауып жүйесін,Алып шықты үш жүздепАйғыр менен биесін,Атан демей, нар демей,Жетпіс-сексен түйесін.Бөліп берді бәрінеСыбағалы тиесін.Наурызбай гүл-гүл жанады,Ақ білегін сыбанып.Жауды аралап қырады,Қолына жасыл ту алып.Шын қаһарға мінеді,Ақша беті қуарып.Бозбалаға сөйлейді,Ағасын көріп қуанып.— Абылай аспас асудаКенекем дүкен құрғаны.Батырлардың жараспасМайданға кірмей тұрғаны.Кенекем келді біз үшін,Үш алаштың қорғаны.Аянбай бүгін іс көрсет,Таманың батыр Құрманы!Кеудедегі шыбын жан –Ар-намыстың құрбаны.Жар бола көр біздерге,Атамыз өткен Абылай!Осындай қиын жерлердеТілеуді бергей бір құдай.Сендер едің қанатым,Меңдібай, Дулат, Ағыбай,Арғыннан шыққан үш жігітШәкір, Жәуке, Толыбай.Ұмтылыңдар, ерлерім,Жан-жағыңа қарамай.Мылтықтың оғы от алмасҚұлаққа дәрі тұтанбай.Ақ кіреуке, көк сауытТаза жүрсе, тот алмай,Мылтықтың оғын жібермесШығыршығы жұқармай.Жаман жігіт тозады,Жауды көрсе қотандай.Атақты ердің бірі едіңИісің шыққан жұпардай.Аянбай бүгін іс көрсет,Табыннан қабан Бұқарбай!Тайынбай жауға кіріңдер,Айбынды туған ерлерім!Мінген атың тобышақ,Күмісті қылыш белдерің.Осындайда керек деп,Көзімнің майын бергемін.Ат мініп, жарақ асқалыБәрі осы ма көргенің!Наурызбай батыр сөйлейді: —Жара жоқ менің етімде.Ойын салды бозбалаАлатаудың бетінде.Мұнда қылмай қайратты,Қосқа барып өкінбе.Он екі самқал, жүз мылтық,Кенекем келген секілді,Кенекем келіп қосылды,Кім тұрар оның бетінде?!Ықпалың жүріп тұрғандаҚылыңдар жауға өкімді.Істерің жақса, бектерім,Бұл соғыстың ретіндеҰстатармын қолыңаҚос-қосынан жетімді.Жарасалық дегендеБергендей қырғыз бар малын.Бітіре алмай төре жүрКөңілдегі арманын.Бетіне келер қырғыз жоқ,Алып жатыр жан-жағын.Және бұзды сол күніАқсудың барып қорғанын.Соншама мықты берік едіАқсудың салған қаласы.Екі жүз үйдің мекеніАқсудың аяқ саласы.Сегіз мыңдай бар едіСол күнгі қолдың шамасы.Қорғанды бұзып, мал алдыАйман батыр ағасы.Кенесары, НаурызбайКелтіріп жүр кертіне!Шауып, жаншып, талатты,Қырғызды қоймай еркіне.Бір бөлек қырғыз қалмады,Қашып барып беркіне.Бақыты шауып тұрғандаКене хан жетті сертіне.Шауып алды тал түстеАспара мен Меркені.Он екі мың кісініңКөбі Дулат халқы еді,Егескенде мұқату —Хан Кененің салты еді.Меркенің тұтқан ұлығыМеделі деген сарт еді.Ақауыз деген арғымақМеделі берген ат еді.Ауызға кіріп сөз болған,Тұлпардан артық зат еді.Дұспаны қайтіп кемітерКене хан мен Науанды!Дабысы кетті күңірентіпАспара мен Дуанды.Қалың жатқан қырғыздыЖеңгеніне қуанды.Қарақыстақ, ШөңгіргеҰйысқан қырғыз қамалды.Қол сыймады жүргендеАлатаудың бауырына.Дулатты хан жұмсадыӨшіккен қырғыз жауына.Түсіп жатыр көп қырғызКене ханның ауына.Он мың кісі ат қойдыКекіліктің тауына.Мұнарланып шаң болдыҚызылсудың саласы.Бұл сапарда жар болдыХан Абылай бабасы.Қырғызға лық толыптыАлатаудың арасы.Қол алдында жүр екенҚырғыздың бір данасы.Наурызбайға кез болып,Тұра қалды жанаса.Кәрібоз деген кісі екен,Ер Қанайдың баласы.Кәрібоз сонда сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді: —Ей, Наурызбай, ер терем,Қарайып жүрмін қаныма!Аза қорлық көрсетіп,Қатты баттың жаныма.Не жазығым бар едіКенесары ханыңа?Бітті деп көңілі тынбадыҚырғыздағы арына.Алмаған ары қалды маҚырғызда оның тағы да?Құсшыны шапты шулатыпҚарақыстақ, Шөңгірден.Қалшаны ұстап байладыХан болып халқын меңгерген.Абылайдың тұсындаҚылған ісің жөн келген.Қырғыздың жолы бар ма едіҚалыңсыз саған қыз берген?Қыстай шаптың елімді,Малымды салдың телімге.Босатып қондық, бостырып,Атамекен жерімді.Бұрыңнан-соңнан бар ма едіЕлшіге ниет өлімді?Жаманқарамды өлтіріп,Бір сындырдың белімді.Тіріме қылсаң болмай ма,Өлгенім саған не қылды?Атаңның ақы бар ма едіЕсқожа, Қанай көрінде?Ашуын бұған бассын деп,Жерімді саған тастадым.Бұл алғаның емес пеҮстімді келіп басқаның?Жалғыз-жалғыз ат мініп,Қорғалап тауға қашқаным.Не себептен хан КенеҚырғызға мұнша өшікті?Ақ қалпақты қырғызданҚазаққа берді несіпті.Ат мініп, садақ асынған,Бізді аямай кесіпті.Есіркесең болмай маЖолыңда жатқан бесікті?Балалы арқар баурайды,Баласыз арқар маңырайдыМейірімсіз мұнша іс қылдың,Көп мұсылман зарлайды.Төрелер, қайда барсаң да,Рақымсыз атың қалмайды.Не қалмақ пен шүршіттіңҚырынан шықсаң болмай ма?!Наурызбай сонда сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді: —Жақсы айтасың, Кәрібоз,Тату едім сенімен.Қонысты кәпір алған соң,Кенекем көшкен жерінен.Бауыры суып ол жақта,Қарашы болған елінен.Он екі кісі жібердікБекбатырдай еріммен,Бізге қоныс берсін депҚоқидың салған көлінен,Екі ай жатты тұтқын бопЖанқараш, Жантай бегіңнен.Аулыңыз баса қонған соң,Азар шыққан өлімнен.Жаманқараңды өлтірдімӨзіңнің салған жолыңмен.Кім таласар құдайдыңБендеге берген бағына?Қорған болып халқына,Әркім шықсын табында.Қанайыңа мен қылдымКекті болған шағымда.Сенің ақың бар ма еді,Андасымның тамында?Білмеймісің, Кәрібоз,Мойнындағы жазаңды?Жанқараш пен ЖантайыңАйтып иман, зарланды.Қойдым деп бізге ант берсінАрағың мен бозаңдыАрағыңды қоймасаң,Кенекем алар мазаңды.Кәпірге ғазат қылғандай,Наурызбай берер сазаңды.Кәрібоз тағы сөйледі: —Келтірермін кезіңді!Ықпалың асып тұрғандаАйта бер, төрем, сөзіңді.Асқар тауға, Наурызбай,Теңгере берме өзіңді.Алтын жағаң қисайса,Қырғыздар ояр көзіңді.Талап алып, Наурызбай,Малымды салдың телімге.Аямадың, Наурызбай,Басымды салдың өлімге.Қорғанда жатқан қорқытып,Аттарын алдың бегімнің.Тастап көштің ол жақта,Атаң қонған Абылай,Қанды көйлек еліңді.Кіші жүзге сыя алмай,Тастай көштің жеріңді.Төлегенұлы ЖанқабылЕрлікке мықты, сенімді.Тоқсан кісіңді өлтіргенАлып па едің кегіңді?!Бітеу сойып басыңды,Қоқанға берген теріңді.Мейманаң тасса, НаурызбайДосың кетер панадан.Хақтан бұйрық келгендеЖаның шығар қанадан.Сенің атаң — Ер ҚасымТуғанында анадан,Қан шеңгелдеп туыптыШараналы баладан.Көп қорқытпа, Наурызбай!Күнім түссе-көрермін,Бұйрық болып құдайдан,Қаза жетсе — өлермін.Арманда болып кетпеспін,Бір соғысқа келермін.Жаппар ием жар болса,Сазаңды әлі-ақ берермін.Ержан кеткен түн қатып,Хан қылған соң өкімді.Төрт жүз кісі бөлініп,Қалың қолдың шетінде,Барлап қарап келгелі,Жау бар ма деп бетінде,Түнде кеткен аз кісіҚапаланып, өкінді.Жасанған жауға жолығып,Ержан бір түскен секілді.Ханға келді Наурызбай: —Ержан жауға барыпты,Бүгін мойны қалыпты.Қаталанып ініңіз,Бармағын тістеп, налыпты.Кенеке, айтпай қайтейін,Ініңіз қолды болыпты.Пенде болып қырғызға,Ержанның көңілі шөкпесін.Ержан тұтқын болды деп,Қырғызға дабыл кетпесін.Бізді жоқтап Ержекем,Көзінің жасын төкпесін.Жолығыпты аңсыздаЕржан батыр аранға.Ағасы өлсе алдында,Інінің күні қараң да!Аттансын деп батырлар,Шашалық жарлық хабарды.Енді мұнда, тақсыр хан,Тұрмағымыз арам-ды.Маған жауап беріңіз,Екі-үш жүз кісі алайын.Көп кешікпей, Кенеке,Ержанды іздеп барайын,Асуына шығармай,Иіріп алып қалайын.Қан құстырып келейінСақауқырғыздың талайын.Кене хан жауап бермеді,Наурызбай бүй деп келген соң.Келіспестей керіндіНаурызбайды бөлген соң,Қырғыздың қолы көбейіп,Жақынға келіп төнген соң,Қолға толды Самсы менҚызылсудың кемері.Шығар мезгіл таяндыАт пен ердің өнері.Бір мезгілдер болғанда,Ұзын бойлы, жебелі,Күрең қасқа ат мініп,Шеннің ұлы Бидері –Жекелеп кірді майданға,Ер Қанайдың немері.Бидері кірді майданға: —Жеке, батыр, жеке!- деп.Қарсы қарап тұрады;«Ке-ке, батыр, ке-ке!» — деп,Жақын жерден шөкелеп.Қазақтан ешкім шықпадыЖылдамырақ төтелеп.Байұзақ датқа сөйледі,Ашуланып, ақырып.Халқына қарап сөз айтты,Оң-терісті сапырып: —Не қылып тұрмай отыр?!- деп,Батырларын шақырып,Дулаттан шыққан батырдыңТалайына батырып.Қолға толды Самсы менҚызылсудың арасы.Қысылған жерде әркімніңТәңірім болсын панасы.Қарағаштай көп қазақ,Ханға болдың қарашы.Бидері кірді майданға, —Қырғыздың бір баласы.Оның бізден артық паАтасы мен анасы?!Билерге қарсы барыңдар,Бізден бір батыр данасы.Таусылдың ба, МәмбеттіңНайза ұстаған баласы?Батырлардың майдандаҚызбас болды ойыны.Қайғыға толды бұл сапарҚазақтардың қойыны.Байұзақтың сөзінеБастамады тойыны.Еш адам басын көтермей,Төменге түсті мойыны.Қырғыздың қолы көбейді,Әр жерлерден құралып.Қыстай мінген қазақы ат,Тастап жатыр тұралып.Шыдамады Наурызбай, —Киіміне қыналып,Түрегелді орнынан,Шыбықтай белі бұралып.Қамзол ішік үстінде,Бауын үзіп белсеніп,Ақауыз атқа мінді де,Түсті таудан теңселіп,Қатуланып жөнелді,Алғалы жауды еңсеріп.Наурызбай сөйлеп жөнелді: —Батырлар, құлақ салыңыз.Қарағаштай көп қазақ,Бақытты болсын ханымыз.Жау қарасын көргенде,Қайтпасын бастан бағымыз.Ержан түсіп қырғызға,Дұспанға кетті арымыз.Онан біздің артық па,Майданға кірмей, жанымыз.Ержан үшін жарассынАқбоз атқа қанымыз.Қарағаштай көп қазақ,Іс көрсетер күн бүгін.Ержан түсіп қырғызға,Бізге қайғы күн бүгін.Арманда болған ер үшінКегін алар күн бүгін.Қылыштасып майданда,Қол сілтесер күн бүгін.Таудың басын алсын тұман,Жаппар ием болсын панаң!Қырғыздарға бермей аман,Ұмтылыңдар, келсе шамаң.Болсын жауға ақырзаман,Жаннан кешер күн бүгін.Наурызбайдың сөнді зары,Ұрыстың қызсын базары.Кенекемнің қошқарлары,Қайтпасын жаудан назары.Болыңдар қырғыз тажалы,Қол ұстасар күн бүгін.Наурызбай мұны айтады,Тартып-тартып жібердіАқауызды жанбасқа.Қолын салып, суырды,Тұрсынбай берген алмасқа.Артына көзін салмадыҮйдегі қалған мал-басқа.Наурызбай шыға шабады.Кекіліктен зырқырап.Бидері шапты қасқа атпен,Құйындай шаңы бұрқырап.Сонда басын көтерді,Отырғандар көзі жылтырап.Наурызбайдың сөзінеБатырлары шыдамай,Хан қасынан ұмтылдыМеңдібай, Дулат, Ағыбай,Арғыннан шыққан үш жігіт –Шәкір, Жәуке, Толыбай.Олардан кейін қала маТабыннан қабан Бұқарбай!Сегіз кісі жөнелді,Наурызбайдың соңынан.Бұл сапарда төреніңЖұлдызы туды оңынан.Шаба алмайды қазақы атТас пен таудың тоңынан.Бидері сонда сөйледі: —Патша зада баласың,Алдыңа айдап, қырдың сенҚырғыздың қатын-баласын.Жеке келсең болмай ма,Ақылың асқан данасың!Тайғандарыңды ертіп,Төрем қайда барасың?Жолсыз істі қылмағын,Наурызбай асыл ер еді.Артына қарап сол жерде,Батырларын көреді.Оларға қарап сөз айтып,Қайтуға жарлық береді.Әрбіреуің шерге ұсап,Келдіңіз бе, нарымыз?Шығасы болса кеудеденБүгінгі күн жанымыз,Келгенменен, ерлерім,Қорғауға келмес халыңыз.Берсе тәңірім абыйыр,Түсірген атымды алыңыз.Жазым болсам, артымнанСүйегіме шабыңыз.Қырғыздың айтқан сөзіненТөгілер болды арымыз,Сөзге сынық болмайын,Ерлерім, кейін қалыңыз!Бидері менен Наурызбай,Жақындасып барысты.Астындағы мінген атАуыздыққа қарысты.Ат үстінде алыстыНайзаменен салысты,Бір-біріне жабысты,Керегедей қабысты.Ерлерінің артынаМініп-мініп қалысты.Және қайтып екеуі,Бұрқ-сарқ етіп айқасты.Айқасып қалған мезгілдеТөренің асты айласы,Қайраттың тиді пайдасы.Шолтаң етіп БидердіңАспанға шықты найзасы.Бидер шығып жолыққанҚызылсу, Самса бауырынан.Наурызбай шығып жолыққанКекіліктің тауынан.Айқасқанда екеуі,Өшігіскен жауынанБидер барып жығылдыКүрең қасқа аттың сауырынан.Қыстай шауып жол болғанШу менен таудың арасы.Бұл сапарда жар болдыХан Абылай бабасы,Қырғыз аттан жығылып,Батып еді қарасы.«Я, құдайлап» шуластыҮш алаштың баласы.Аллаға Науан сыйынды,Аузы кетпей тілектен.Қайраты көп болған соң,Найзасы аумай білектен,Шанышқан екен НаурызбайБір қырғызды жүректен.Сыртына шығып, найзасынЖерге басып, тіреткен.Суырылмай темірі,Қанменен қатты-ау жібектен.Әр тараптан қырғыздарЖағалай шауып жиектен,Тұс-тұсынан ат қойды,Үміткер болып сүйектен.Жалғыз шапты Наурызбай,Жауға қарсы енуге.Арасы алыс дауыстап«Барма, мұнда кел» деуге,Шауып барып Бұқарбай,Ат үстінде көлбеді,Өткізіп қашты шылбырынЕр Бидердің белбеуге.Үш ай тоқсан күн еді.Шаруа шешкен күйегін.Науан бұл жол ағыттыЕрлігінің тиегін.Түсіріп төре кеткенде,Кене хан қақты иегін.Бұқарбай батыр ап келдіЕр Бидердің сүйегін.Қазақ, дулат жиналып,Мақалай қылды сүйегін!Ағыбай батыр шабады,Қашқан атын көреді.Қырғыздан қорқып таймады,О да қайсар ер еді.Алып ханға келеді,Тарту қылып береді.Бұқарбайды мақтады: —Бәрекелді, ерсің!- деп,Ағыбайды шақырды, —Атын алып келсін,- деп, —Сүйекке шапқан ер болар,Атын соған берсін, — деп,Сүйекке шапқан ер болар,Әркім мұны көрсін деп, —Жауға шапқан батырларНамыстанып өлсін, — деп. –Көңілде үлкен ер едің,Сүйекке неге шаппадың?!Жарамады олжа деп,Ағыбай, атқа шапқаның.Сүйекке шапқан ер екен,Бұқарбайды мақтадым.Ағыбай батыр қорланды,Екі жағына сыймады.Ішін жарып өлергеЖанынан пышақ таппады.Олжа болад баласыЕр Бидердің артынан.Ораз кірді майданға,Озып жүрген халқынан.Ол да айтулы ер едіСұңқар құстай талпынған.Ораз келді жұлқынып,Бастан ауған бағы бар.Қатын түсіп қазаққа,Қарайып жүрген қаны бар.Аза қорлық кірген соң,Тек шықпаған жаны бар.Жаны нағып шыдасын,Дүниенің не сәні бар –Наурызбайдың қосындаНекелеп алған жары бар.Шуыменен қопарып,Ораз шапты ар жақтан.Екі беті қызарып,Наурызбай шапты бер жақтан.Қырғыз, қазақ екі жарҚарап тұрды жан-жақтан.Найзаларын көтеріп,Бірін бірі көздеді.Ашуланған батырларЖолыққанша төзбеді.Бірін бірі аямай,Ет жүректі мезгеді.Ораз батыр жығылды,Найза бұрын кез келді,Ақбоз аттың сол жақтанОраз барып жығылды.Қайтып адам болмастай,Шыбын жаннан түңілді.Тілге келмей сол жерде,Жер бауырлап сүрінді.Баяғы сөзден АғыбайҚарайған екен қанына-ай.Жеткен екен төпелепНаурызбайдың жанына-ай.Түсіріп төре кеткенде,Шауып барып Ағыбай,Көтеріп алды ОраздыТелқоңыр аттың жалына-ай.Қоқилатып қырғызды,Бермей кетті тағы да-ай.Қазір оңға қарап тұрНаурызбайдың жұмысы.Әзір аса біткен жоқХан Кененің тынысы.Қара ала атты бір қырғыз,Жаңқараш бидің інісі,Жекелеп кірді майданға,Батыр екен мұнысы.Наурызбай қарсы шабадыЖеке шыққан батырға.Тайынбай қарсы келеді,Қашатұғын қатын ба?!Жалақтатып найзасын,Жетіп келді жақынға.Алақтатып састырып,Батырды ұрды қапыда.Жеке шыққан батырдыңБәріне берді ақылды.Орнынан тұрмай жатсын деп,Найзасын қатты батырды.Қызыл ала қан қылдыҚызыл судың жиегін.Науан бұ жол ағытты,Ерлігінің тиегін.Жақын жерде қырғыз жоқ,Өзі алып қалды сүйегін.Шапқан сайын АқауызЖерді тарпып, өктеді.Наурызбайдың ерлігінҚырғыз, қазақ сөкпеді.Екі мың қырғыз жиылды,Қазақпен соғыс еткелі.Ерлердің алдын орадыЖаяу мерген төккелі.Жекелеп енді соғыспай,Қырғыздар тұрды бекерге,Хан иек қақты нөкерге.Арба арысын көтерді,Зеңбірекке оқ берді,Құлағына от берді.Асығыс атты байламай,Алдында әскер жоқ болды.Зеңбіректің аузынанСылдыр-сирек топ келді.Зеңбіректің ауызыҚолдың болды көбіне.Сегіз кісі ұшырдыСылдыр-сирек шетімен.Бір боз атты ұшырдыҚолдың арғы бетінен.Мұны көріп қырғыздар,Ойран болып бүлінді.Қасында тұрған НаурызбайСұңқардайын ілінді.Және оқтап атқандаБір керемет білінді:Ұрмай-соқпай, зеңбірекОртасынан бөлінді.Қырғыздар шыдап тұра алмай,Қаша берді алақтап.Наурызбай кетті соңынан,Найзаменен шабақтап.Бір-біріне ат қойды,Қырғыз, қазақ жан-жақтан.Бір тозаңның астынанГүл-гүл жанып, ыржақтап,Шыға келді Наурызбай,Тоғыз ат алып салақтап.Он бес атты ап келдіМеңдібай, Дулат, Ағыбай.Он екі атты ап келдіШәкір, Жәуке, Толыбай.Он төрт ат бар қолындаҚабан менен Бұқарбай,Құрбан келді төрт атпен,Нөпірі шығып тұлпардай.Бәрі келіп қосылдыҚызылсудың беліне.Көңілі бітті НауанныңТұз татырған еріне,Науан тағы жөнелдіТаудың төскей өріне,Қашып барып қырғыздыңҚамал соққан жеріне.Жөңкіліп жүрген қырғыздыңНаурызбай үстін қаптады.Сегіз мерген бір жердеБеліне шіреніп жатқаны.Жалғыз барған төреніБәрі тегіс атқаны.Шара бар ма, құдайдыңБұ сапар да қаққаны.Қой боғындай қорғасынҚаза болып таппады.Мылтығын тастап тас-тасқа,Қайта қашты мергені.Лап қоя шапты қырғыздарМергеннің атын бергелі.Жалғыз шауып Наурызбай,Қырғыздың жолын кернеді.Үшеуін шаншып өлтірді,Бесеуі тірі, өлмеді.Бес мергенді тірі айдап,Ханға алып келгені.Сегіз мылтық өңгеріп,Тарту қылып бергені.Сол уақытта АқауызЖер тарпиды оянып.Наурызбай жүр үстінде,Қылышы қанға боялып.Қанына қырғыз қарайды,Несіне тұрсын аянып.Наурызбайдың үстінеБәрі келді таянып.Аллалап жүрген қырғыздыңЖелі тұрды оңынан.Ай мүйізді қошқардыңБәрі тартты қоңынан.Ақауыз ат құладыҚырғыздың атқан оғынан.Наурызбайға ұмтылдыҚалың қырғыз шоғынан.Қызылсу мен ДуанныңАңғарынан шаң асты.Қырсықтың алды емес пе,Төреден әркім адасты.Қырғыз, қазақ екі жарНаурызбайға таласты.Қырымда жүрген БұқарбайАтына қамшы бір басты.Үзеңгісін шығарып,Наурызбайға жанасты.Бұқарбайдың алдынаНаурызбай алды мінгесіп.Жауға түсіп қалмасқа,Қаша берді «шүу» десіп.Наурызбайды тұтпаққа,Қырғыз да қуды ілесіп.Қазақтан адам аз болдыБермейтұғын тіресіп.Қорғайын деп қырғыздан,Ағыбай сыртын айналды.Шамасы келсе тіресіп,Қорғамаққа ойланды.Бұқарбай мен НаурызбайСалар еді ойранды.Мінгесуі бір атқаОлардың қолын байлады.Сол уақытта қырғыздарБасқын жетігі өрледі.Жалғыз өзі АғыбайҚорғауға әлі келмеді.Алдыңғы жеткен қырғыздыАраға түсіп кернеді.Қолындағы найзасынОңды-теріс сермеді.Атасы өткен Абылай,Тілеуді берген бар құдай.Бұқарбай мен НауанғаҰмтылды қырғыз жабыла-ай.Шәкір де жетті бір жақтан,Қабан менен Меңдібай.Кертайлақ атты жеткіздіЖәуке менен Толыбай.Кертайлық ат жеткен соң,Мініп алды Наурызбай.Сегіз кісі бас қосып,Су бойында ауысты.Тоқтата алмай көп жауды,Үстіртке ойнап шығысты.Кезек жұмсап келедіНайза менен қылышты,Қалың жеткен қырғызданАла алмады тынысты.Сыйынады батырлар,Аузы кетпей тілектен.Шұбыртпалы Ағыбай,Талайды шанышты жүректен.Араласып, ШәкірдіңМылтық тиді білектен.Итшілесіп, сілкісіп,Қорғап шықты түбектен.Бұл сапарда құдайымЕрлердің жолын оңдады.Кертайлақты мінсе де,Ақауыз аттай болмады.Астына мінген атынаТөренің көңілі толмады.Артынан жеткен қырғызғаҰмтылуға болмады.Сонда да тәңірі жар болып,Тұтылып жауда қалмады.Құтылып келіп Наурызбай,Ханның түсті қасына.Көріп еді көп істіӘзелде жазған басына.Келе сөйлей бередіҚұдайменде ағасына.— Тау суындай сарқырап,Дулат жатыр өреңде.Қырғыз тұтқын қылыптыЕржан сынды беренді.Қырғыз тұтқан шағындаАрманда кеткен зереңді:«Екі ағам, бір інім бар,Іздер ғой мені», — деген-ді.Сөйдеп айтқан ЕржанныңАғасының бірі — сен.Ұзақ күнгі майдандаБір көрмедім сені мен.Бір нәсілдің ішіндеМұнша қалай тудың кем?Жауға қарсы бармастай,Қатынменен болдың тең!Сені қара басты ма,Қолыңа найза алмастай?Жүрегің ұшып кетті ме,Жауға қарсы бармастай?Қызметі сенде бар еді,Ержанды естен салмастай!Намысы сенде бар еді,Артынан тірі қалмастай.Ала бір таудың жылғасы,Баурында ойнар құлжасы.Тар жерде жолдас боладыЕрлердің найза құрдасы.Белсеніп жауға шабадыЖігіттің жанға мырзасы.Ержан болса қасымдаБөлекше туған тұлғасы,Болар ма едім қазаққаӘзіл сөздің олжасы?!Балалы арқар баурайды,Баласыз арқар маңырайды.Күйік қылмай көзіме,Жасаған сені алғай-ды!Сүйегімнен бұл таңбаӨлгенімше қалмайды.Ержан жауға түскенше,Сен жауға түссең болғай-дыЕндігі жерде сөйлейінБолған істі бастағы.Бәрі де жау боп көріндіАлатаудың тастары.Елден бұрын НысанбайЖоқ сұмдықты бастады.Қобызы қалды қосында,Түзеді бетін қашқалы.Өз басын алып құтылмақ,Іздемеді басқаны.Алты ай шауып жол болғанШу менен таудың арасы.Бұл сапарда қазақтыңБолмады қабыл тәубасы.Рүстем менен Сыпатай –Дулаттың нағыз баласыҮндес болды қырғызбен,Әне, ауыздың аласы!Он екі мың дулаттыҚашырды түнде, расы.Жамандық қылған мұндардыңМойнына болсын жазасы.Қазақтың көбі қырылды,Қанды ма екен табасы?!* * *Сол барғаннан төрелерЕлге қайтып келмеген.Үй, жамағат, малымен,Халқын, жұртын көрмеген.Құтылуға қырғызданТілегін құдай бермеген.Қырғызда қалды тұтылып,Не еткенін ешкім білмеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?