Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Пән

Қазақ әдебиеті

Сабақ

3-сабақ

Күні:

Сынып: 9Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақ түрі

жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаты

Оқушылардың бәрі

  • Шығарма мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көбі

  • Шығарма мазмұнындағы ақпараттарды ажыратады, талдайды

Оқушылардың кейбірі

  • Әңгіме жаза алады

Бағалау критерийлері

  • Үзінді мазмұнын түсінеді;
  • Ақпараттарды саралайды, ажыратады;
  • Әңгіме жанрын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Әңгімеәдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

5 минут

Сабақтың

ортасы

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады

1-тапсырма.

Т

Ұсынылған мәтінді (Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» үзінді) мұқият оқып, таныстырылым әзірлеңіздер.

І топ: Ұсынылған мәтін бойынша Менталды карта құрастырыңыздар. Мәтіндегі ақпараттарды толық және жүйелі қолдануға тырысыңыз.

ІІ топ: Мәтін мазмұны бойынша сызба, кесте дайындаңыз.

Мысалы,

Мәтін атауы

Негізгі тұлғалар

Географиялық атаулар

Сандық деректер

Күрделі сөздер

Тілдік ерекшелік, т.б.

ІІІ топ: Ұсынылған мәтінге түйіндеме жасаңыз. Мәтіндегі ақпараттарды толық және жүйелі қолдануға тырысыңыз. Мысалы,

Мәтін атауы:

Жазылған уақыты:

Мәтін авторы:

Мәтін мақсаты:

Мәтіндегі тарихи тұлғалар:

Мәтіндегі географиялық атаулар:

Мәтіндегі тіркескен сөздер:

Мәтіндегі қос сөздер:

Мақал-мәтелдер:

Мәтін мазмұнына сай нақыл сөз, т.б.

2-тапсырма:

ЖЖ

Мәтін мазмұны бойынша әңгіме құрастырыңыздар. Әңгіме мазмұны мен құрылымына сәйкес бағалау критерийлерін талқылаңыз.

Бағалау критерийі:

  • Әңгіме жанрын сақтайды;
  • Сюжеттің сонылығы
  • Әңгіме тақырыбы мен мазмұны сай, т.б.

Кластер

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» үзінді

Сабақтың

соңы

5 минут

3-тапсырма:

«Қабырға газеті» әдісі

1-қадам. Жұптардың жұмысы бөлме қабырғасына ілінеді;

2-қадам. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен жұптар қабырға газеттерін қарайды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.

3-қадам. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтағы оқушылар өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Әңгімеәдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. АймауытовМ. ӘуезовҒ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу