№123-сабақ. Ержүрек қыз Мазмұндама
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні:. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №123-сабақ. Ержүрек қыз. Мазмұндама жазу | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; - оқыған материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазады; - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор
| Пәндік терминология мен тірек сөздер сержант, комиссар, пулеметші, Отан қорғау. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Отансүйгіштікке, батырларды құрметтеуге баулу, ержүректілікті дәріптеу | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін құрылымы, жоспар құру | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Мәліметтерді топтастыру. Мәншүк Мәметова, Алия Молдағұлова, Хиуаз Досанова жайлы деректерді тарату. Оқушылар мәліметті жинақтап, таныстырады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. Хиуаз Доспанова кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болған. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Екеуі де алғыр, қайсар, адал еді. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Соғыс кезінде ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова мектепте сабақты өте жақсы оқыды. Ол мектепте оқып жүргенде, 1941 жылы соғыс басталды. Әлия Отанын қорғау үшін соғысқа сұранды. Майданда батырлық көрсетті. Ерлікпен қаза тапты. Сөйтіп «қазақтың батыр қызы» атанды. Оған арнап көптеген қалада ескерткіш қойылды. Саралау Сынып оқушыларының қабілетіне қарай топ мүшелеріне мәтінді 1 сөйлемнен қиып беру. Сынып оқушыларына мәтіндерді жеке сөйлемдерге қиып алып, таратып беру. Сабақ тақырыбын анықтайды. Оқу мақсатын хабарлау және бағалау критерийлерін белгілеу. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| ІІ. Негізгі бөлім Көркем жазу. Бб, батыр, байсалды, басқыншы. Батыр туса, ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер ырысы. 3.2.4.1 (Ө; Т; Қ) Мәтінді түсініп, белгі қойып оқу. Тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. «Инсерт» әдісі. 18-жаттығу. Мәтінді оқу. Кестеге мәліметтерді түсіру немесе белгі салу. Оқушыларға мәтінді оқып, кестеге түсіруге уақыт беріледі. Белгілер: «V» − оқыған ақпарат өз білгенімен сәйкес келсе сөйлемнің тұсына «V» (қанат ) белгісін жай қарындашпен қояды. «−» − ақпарат өзі білген ақпаратына сәйкес келмесе, яғни қарама-қайшы болса, «−» белгісін қояды. «+» − жаңа ақпарат болса, онда « + » белгісін қояды. «?» - егер ақпарат туралы тереңірек білгісі келсе, «?» белгісін қояды. Оқушыларға жұпта өз кестелерін талқылауға уақыт беріледі. Әр жұп кестенің ұтымды нұсқасын құрап, топтық талқылауға ұсынады. Топтың ортақ кестесіне не енгізу керектігін талқылап, А3 формат қағазда орындап таныстырады. Мұғалім оқушылардың тереңірек білгісі келетін бөлігіне тоқталып, қажет жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырып, өз бетінше ізденуге ой түрткі салады. Мәтіндегі негізгі ойды тұжырым жасатуға назар аударады.
Сөздік жұмысы Сержант - әскери кіші шен атағы Комиссар - әскери қызмет атқаратын адам Пулеметші –пулеметті қолданып, оқ атушы жауынгер. Фашист – герман басқыншылары. «Тықсырып келе жатты» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? Бұршақтай, баудай - сөз құрамына талдау. Дескриптор:
3.3.3.1 (Ө; Қ) Оқыған мәтін бойынша мазмұндама жазу. Жоспарға сәйкес мәтіндегі абзацтарды анықтау. Жоспардың әр бөлігі бойынша оқиғаны мазмұндау.
1943 жылы ... қандай оқиға болды? Оқиға әрі қарай қалай өрбиді? Қандай қорытынды сөйлем жазар едің? Жоспар бойынша мәтін мазмұнын жазуды «Бірлесіп жазу» стратегиясын қолдану арқылы жүзеге асырады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 15–20 минутты қамтиды. Мазмұндама жазу барысында қойылатын талаптарды ескеру. Дескриптор:
3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) Қатені табу және түзету. Орындалған жұмыстарын таныстыру.
Дескриптор:
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | ІІІ. Рефлексия (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.
Үй тапсырмасы: 20- жаттығу | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?