«Біржан-Сара» айтысы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 4-сабақ.


Сәлемдесу.

Оқушылар қима қағаздарындағы мақалдарды мағынасына қарай құрастырып, үш топқа бөлінеді.

  • Шешеннің сөзі — мерген,Шебердің көзі — мерген.
  • Жүзден біреу — шешен,Мыңнан біреу — көсем.
  • Ақын — ұлттың жүрегі, Шешен — көптің тірегі,Батыр — көптің білегі.

Қызығушылықты ояту:

Мақалдардың мағынасын түсіндіріңіз.

Топтық жұмыс

1-тапсырма.

1-топ.

Теңеу мен эпитетті сөз қолданыстарын (тармақтарды) тауып, мәнін ашып, айтысқа берілген бағамен байланыстырып, зерттеңіз. Ойларыңызды кесте сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

Қарастырылатыны

Мәтіннен мысал

Білдіретін мәні

Көркемдік сипаты

Эпитет пен теңеу сөздерді мәтіннен табыңыз ( кемінде 5 мысал)

Айтыстың көркемдік сипатына қатысты әдебиетшілер берген бағаны оқулықтан табыңыз

Жоғарыдағы қарастырылғанды айтысқа берген бағамен байланыстырып, қорытынды пікір ұсыныңыз.

2-топ.

Ирония мен сарказмды сөз қолданыстарын (тармақтарды) тауып, мәнін ашып, айтысқа берілген бағамен байланыстырып, зерттеңіз. Ойларыңызды кесте сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

Қарастырылатыны

Мәтіннен мысал

Білдіретін мәні

Көркемдік сипаты

Ирония мен сарказм сөздерді мәтіннен табыңыз ( кемінде 3 мысал)

Айтыстың көркемдік сипатына қатысты әдебиетшілер берген бағаны оқулықтан табыңыз

Жоғарыдағы қарастырылғанды айтысқа берген бағамен байланыстырып, қорытынды пікір ұсыныңыз.

3-топ.

Метафоралы сөз қолданыстарын (тармақтарды) тауып, мәнін ашып, айтысқа берілген бағамен байланыстырып, зерттеңіз. Ойларыңызды кесте сызбасы түрінде ұсыныңыздар.

Қарастырылатыны

Мәтіннен мысал

Білдіретін мәні

Көркемдік сипаты

Метафоралы сөздерді мәтіннен табыңыз ( кемінде 3 мысал)

Айтыстың көркемдік сипатына қатысты әдебиетшілер берген бағаны оқулықтан табыңыз

Жоғарыдағы қарастырылғанды айтысқа берген бағамен байланыстырып, қорытынды пікір ұсыныңыз.

2-тапсырма.

Шешендік өнерді меңгеруде өзіңізді шыңдаудың жолдарын сараптап, 5 түрлі қағидасын жазыңыз.

  • ------------------- ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ------ -
  • ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ --
  • ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ --
  • --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ----------
  • ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ---- -

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

9.А/И3. Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру

1

әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдайды;

автор стиліне баға бере алады;

Теңеу, эпитет, ирония, сарказм және метафораларды таба алады.

2

Шешендік өнерді түсінеді;

Шешендік өнерді меңгерудің 5 түрлі қағидасын жаза алады.

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі арқылы ауызша айтады

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.

Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым.

Ортаңғы саусақ – мен үшін қиын болғаны.

Аты жоқ саусақ – сабақтағы психологиялық ортаны мен қалай бағалаймын?

Үйге тапсырма: «Біржан-Сара» айтысына қатысты қосымша ақпараттармен өздігінен танысу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу