«Біржан - Сара» айтысы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


«Біржан - Сара» айтысы

Т/Ж.9.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыста қолдану

 

А/И.9.2.4.1 Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Оқу мақсаттары:

Сабақ мақсаттары:

Үзінділерді қолданып, шығармашылық жұмыс жазу.

Бағалау критерийлері :

Берілген үзінділерді қолданады;

Шығармашылық жазба жұмысының құрылымын сақтайды.

1-тапсырма

Қайым айтыс - “қайыра айту”, “қайта жауаптасу” деген ұғымнан шыққан.

Әр топ айтыс үзіндісінің бастапқы жолын қарсы топқа береді, топтар 1 минут ойланып, өлеңмен жауап береді. Мүдірмей жауап берген топ жеңіске жетеді.

Ал бір оқушы төреші болып, ұпай санын шығарып отырады.

Мысалы:

Серілік құдай салған мұндай өнер...

Бөденедей қырғи алған жұмарлармын...

Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем…

Толықсып төңкеріліп ән шырқап тұр...

 

Дескрипторлар:

Берілген үзінділерді қолданады;

Жылдам және шешен жауап бере алады;

Уақытты тиімді пайдалана алады.

2-тапсырма

Зерттеу жүргізіңіз.

Айтыстағы Біржанның жеңісі - әділетті жеңіс.

Бұл пікірмен кім келіседі?

Кім келіспейді?

Қалыс қалушы, күмәнданушы бар ма?

Тақырыппен келісетіндер жақтаушылар жағына, келіспейтіндер қарама-қарсы жаққа шығады, күмән келтіретіндер бейтарап жағына шығады.

Жақтаушылар мен даттаушылар «Неліктен бұлай ойлайсыз?» деген сұраққа жауап іздейді және бейтарап жақты өз ұстанымына көндіруі тиіс. Олар қай ұстаным сендіргенін айта білуі керек.

 

Дескрипторларды оқушылар өздері құрайды, тақтаға жазып қояды және оған бағынады.

3-тапсырма

«Біржан-Сара» айтысы мен осы күнгі айтыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады.

Кестені толтырған соң «Айтыс – киелі өнер» тақырыбында эссе жазу.

 

Дескрипторлар:

Айтыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі;

Эссе құрылымын сақтап жаза алады.

Кері байланыс «Зерде»

БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.

Эмоция- сабақтағы көңіл күйім.

БАҒА- жетістігіме берер бағам.

Сын - өз бойымда нені дамытуым керек?

Идея- маған келген жаңа ой.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу