Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

................................................... ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атадан қалған асыл сөз

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

 Сабақ мақсаттары

Шығарманың өзге туындылармен салыстыра отырып құндылығына баға беру

 Бағалау критерийлері

Шығарманы оқиды, түсінеді;

Басқа өнер түрімен салыстырады;

Тарихи және көркемдік құныдылығына баға бере алады.

 Құндылықтарды дарыту

Шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу/ Түгендеу/ Үй тапсырмасын сұрау

Сабақ тақырыбы берілген ақпараттың кімге қатысты екенін оқушыларға анықтату немесе болжату арқылы табылады.

Бұл би:

  • Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі
  • Руы Тобықты
  • Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген.
  • Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады (ӘНЕТ БАБА)

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

12 минут

10 минут

10 минут

1-тапсырма. Топқа бөлініп оқу. Оқушыларды төрт топқа бөліп бүгін өтетін шығарманы түсініп оқуды тапсырамыз. Болған соң оқушылар өзге оқушыларға оқылым түсінігін айтып береді.

1-топ: Не арсыз, не ғайып, не даусыз

2-топ: жеті жетім

3-топ: жеті жоқ

4-топ: жеті қазына

Дескриптор:

  • Топта бірлікте оқып, мазмұнын түсінеді;
  • Өзге топтарға мазмұндайды.

2-тапсырма. Тек алғашқы 3 минутын тыңдайды.

Оқушылар Нұр-Мұқасанның «Не пайда?» әнін тыңдап Әнет баба айтқан пікірмен салыстырады, ВЕНН диаграммасына салады. Формасы мен сөзіне талдау жасай отырып көркемдігіне, екі заман, екі адамның танымынан туған түсінігін салыстыра отырып тарихи құндылығына баға береді.

Асылхан Сапаев – Не пайда?

Көгілдір көлден не пайда,

Жағасы жар болса.

Суы ащы, балығы аз,

Жиегі таяз тар болса.

Көк аспаннан не пайда,

Көгінде күн күлмесе.

Қыздар жиған мақтадай

Ақша бұлттар жүрмесе.

Биік таудан не пайда,

Шыңында ақ қар жатпса.

Сылдырып аққан тау суын

Сүйсініп балдай татпаса.

Жайқалған баудан не пайда,

Жемісін жазда татпаса

Шаршап бір келіп жұмыстан

Саясында жатпаса.

Жарық күннен не пайда,

Үйінде таның атпаса

Бұл өмірден қызық не

Бұзығың шулап жатпаса.

Байлықтан жиған не пайда,

Артында ұрпақ қалмаса.

Түн ұйқыңды бөлгізген

Сәбиден қолың талмаса.

Ер жігіттен не пайда

Қолына қару алмаса.

Елін, жерін, туғанын

Дұшпаннан сақтап қалмаса.

Аталы ұлдан не пайда,

Баталы сөзді ұқпаса.

Арақ ішіп мас болып,

Үлкенді үлгі тұтпаса.

Бір туғаннан не пайда,

Бірлігі оның болмаса,

Ыстыққа бірге жылынып,

Суыққа бірге тоңбаса.

Ағайыннан не пайда,

Көре алмай сені күндесе.

Пәнидің жалған екенін

Тірлікте ойлап білмесе.

Сансыз достан не пайда,

Жаныңды сенің сезбесе.

Шындықты бірге іздесіп

Қиындыққа төзбесе.

Жастық шақтан не пайда,

Жалындап бір жанбаса.

Айлы түнде қыдырып

Махаббатқа қанбаса.

Кәріліктен не пайда,

Қартайып қызық көрмесе.

Асырап баққан ұл-қызың

Қарызынды өтеп бермесе.

Дескриптор:

- Әннің идеясын түсінеді;

- Әнет баба сөзімен салыстырады;

- Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

Қазіргі уақытта не арсыз? Не ғайып? Не даусыз? Олардың саны үшеу ме, әлде көп пе?

Өз нұсқаларыңызды ұсынып көріңіз.

Дескриптор:

- Сұраққа қатысты өз нұсқаларын дәлелдермен ұсынады.

Сабақтың соңы

3 минут

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу