М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қасиет пен қасірет. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 27-сабақ.
Таратпа материалы
1-тапсырма. «Жіктеу» әдісі
Үзінділерді кестеге толтыра отырып, көркемдегіш құралдарды анықтайды.
- Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай;
- Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға;
- Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным;
- Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!;
- Айдын - төсек, аспанды жамылуда.;
Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда;
- Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр - аппақ нұрға қосылады;
- ....Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап;
- Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып;
- Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан;
- Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!;
- Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр;
- Көз алмай орамалды ұрғашыдан,
Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан;
- Әлденеден сұм жүрек сескенеді,
Аракідік әлдене ес береді.
Көркемдегіш құралдар | Үзінді |
Теңеу | |
Метафора | |
Кейіптеу | |
Синекдоха | |
Метонимия | |
Эпитет |
2-тапсырма. «ҒЗО» әдісі
Үзінді | Көркемдегіш құрал | Ақынның қолдану ерекшелігі | Өзіндік пікір |
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,Миын қарып барады, миын қарып...Бар өмірден көңілі шайлығуда,Байғұс ана еркінен айрылуда.Әлденеден сұм жүрек сескенеді,Аракідік әлдене ес береді. | |||
Көріп-біліп, таныпты тастар да естен.Алып аспан астына сыя алмай бір,Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр,Айдын көлін аққулар қия алмай жүр… | |||
Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..«Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа... Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?Балам-ай, мынау өмір-дарияның,Білмейсің қайда екенін өткелінің. | |||
Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,Құлынымның қасынан неге кеткем?!Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?! | |||
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,Жылға да жоқ даламен жалғасуға.Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,Қалай біткен мына көл тау басына?! ... Сарқытындай өлімнің қалған қарға,Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма! |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?