Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 14-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақ мақсаты

автор бейнесі мен шығарма кейіпкерлерінің қарым-қатынасын тілдік бірліктерге сүйене отырып талдау.

Бағалау критерийі

автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шығарма авторының кейіпкерге деген қарым-қатынасын тілдік ерекшеліктерге сүйене отырып талдау жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: фамилиясыз адам, автор бейнесі, кейіпкер мен автордың қарым-қатынасы, тілдік көрініс т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге адамгершілік, отбасылық, ұлттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.

Алдыңғы білім

«Ұшқан ұя» шығармасын композициялық құрылысына қарай талдау жолдарын меңгереді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7

8-10

1.Қызығушылықты ояту мақсатында «Фамилиясы жоқ ұлы қазақ» мәтінінен үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні оқып, қарамен берілген сөздердің астарлы мағынасын талдайды.

Жазушы А. Бек Баукең атамызбен алғаш қалай танысқаны туралы осы кітаптың «Фамилиясы жоқ адам» (Человек, у которого нет фамилий) атты I бөлімде: «Танысқан кезінде ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте алмай, қайта сұрадым.

- Бауыржан Момышұлы, – деді ол тәптіштеп. Кәдімгі тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:

- Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.

- Менің фамилиям жоқ, – деді ол. Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:

- Атым - Бауыржан. Әкем - Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе?-деді.

Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді. Кейін, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым».

2. Үзінді арқылы сабақ тақырыбы анықталып, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

https://abai.kz/post/39202

1-таратпа

Сабақтың ортасы

11-15

16-20

21-30

31-37

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Т. 1-тапсырма.

1-қадам: Оқушылар романдағы автор бейнесі туралы ойларымен топ ішінде бөліседі: автор оқиғаны нешінші жақта баяндап отыр, оның белгілі бір кейіпкерге деген көзқарасы қандай, оны қалай анықтауға болады т.т.

2-қадам: Өзара талқылаудан соң топ спикерінің жауабы мына үлгіде болады:

  • Біздің ойымызша, романдағы автор бейнесі ...
  • Ойымызды былай дәлелдейміз:

1-аргумент -

2-аргумент -

3-аргумент –

  • Топтың ойын дәлелдей отырып мынадай қорытынды жасағым келеді: ...

3-қадам: топ спикерлерінің жауабын оқушылар бағалау критерийіне сай құрылған дескрипторлар арқылы бағалайды.

4. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.

Дескриптор

- үзінді мазмұнын талқылайды;

- сабақ тақырыбымен байланыстырады;

- автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне мысалдар келтіре алады;

- талдау, тұжырым жасай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар автор мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты мәтінге сүйене отырып талдайды, ал қабілеті төмендеу оқушылар үзінді мазмұнын баяндаумен шектеледі.

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

38-40

5. Тақырыпты қорытындылау үшін

оқушылар əңгімешінің бейнесіне, шығармадағы адамдар тағдырына, жазушының көзқарасына байланысты 3 проблемалық сұрақ ойлап жазады. Жазған сұрақтарына ауызша жауап беріледі.

6. Рефлексия «Өз жауабын аргументтеу»

1.Мен сабақта ... жұмыс жасадым, себебі...

2.Сабақтағы жұмысыма мен ...

3.Сабақ маған ... көрінді.

4.Сабақ барысында мен...

5.Сабақ материалы маған...

6.Менің көңіл-күйім...

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу