Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 15-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақ мақсаты

шығарманың бүгінгі күнмен байланысын аша отырып ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.

Бағалау критерийлері

- шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

- жаңашылдығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: роман мазмұнындағы құндылықтар жүйесін талдау, бағалау тәсілдерін үйренеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: материалдық және рухани құндылықтар, заманауилығы мен жаңашылдығы т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.

Алдыңғы білім

Шығарма авторының кейіпкерге деген қарым-қатынасын тілдік ерекшеліктерге сүйене отырып талдау жолдарын меңгерді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3

4-10

1.Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

2. Оқушылар сабақтың басында «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтарға жауап іздейді, топ ішінде аз-кем талқылау жасайды. Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырады. Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың ортасы

11-15

16-20

21-25

26-30

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Т. 1-тапсырма.

1-қадам. Оқушылар «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша рөлдерін бөліп алады.

Талқы себепшісі (романдағы құндылықтардың көрінісіне қатысты 3-4 сұрақ құрастырады)

Белгілеуші (мәтіндегі ең маңызды деген ақпараттарды жинап белгілейді)

Байланыстырушы (сұрақ пен шынайы өмір арасындағы 2 байланысты табады)

Бағалаушы (шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалайды)

Қорытындылаушы (барлық жауапты байланыстырып қорытынды жасайды).

2-қадам. Рөлдеріне сәйкес қайтадан топтасады: Талқы себепшілері бір топқа, Белгілеушілер бір топқа т.т. Жауаптарын ортаға салып талдау жасайды. Өз топтарына толық, жан-жақты жауап үлгісін қалай жеткізуге болатынын ойласады.

3-қадам. Қайтадан алғашқы топтарына барып рөлдеріне сай тапсырма жауабын ұсынады.

4-қадам. Топ жұмысына өзара баға береді.

4. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.

Дескриптор

- шығарманың маңызын түсінеді;

-рөліне сай берілген тапсырма шартын түсініп орындайды;

-талқылау топтарында жауабымен бөліседі;

-өз тобына толықтырылған тапсырма нұсқасын ұсынады;

- өзара бағалайды.

Қабілеті жоғары оқушылар шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыра отырып жаңашылдығын бағалайды, ал қабілеті төмендеу оқушылар құндылықтар көрінісін баяндайды.

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

31-37

38-40

5. Тақырыпты қорытындылау мақсатында шығармадағы «1 жағымды, 1 жағымсыз, 1 даулы» мәселені анықтайды.

6. Рефлексия «Сабақ нәтижесі бойынша комплимент айтқым келеді: сабаққа, сыныптасыма, жазушыға т.б.»

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу