Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал.


2-тапсырма.

Мақсаты. Шығармалардағы автор көзқарасын талдау. Шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы көркем бейнелерге талдау жасаңыз.

Жауабыңызға мәтіннен дәлел келтіріңіз;

Жауаптарыңызды топта дәлелдеңіз.

1-топ. Қалқаман

2-топ. Мамыр

3-топ. Әнет баба

4-топ. Көкенай

Көркем бейнені талдау

Образдың жасалу жолы

Шығармадан мысал

Мағынасы

Тура мінездеу – автордың мінездемесі

Жанама мінездеу - басқа кейіпкердің мінездемесі, қатынасы

Кейіпкер психологиясы - сезімін, халын суреттеу

Монолог – кейіпкердің өз сөзі

Диалог –

өзгемен сөйлесуі

Портрет –

сырт келбеті, қимыл-әрекеті

Авторлық көзқарас – образға берген эстетикалық бағасы (пейзаж, кейіпкер сыры мен сезімі, өмір тіршілігі мен көңіл-күйін ашуы)

Сіздің кейіпкерге көзқарасыңыз

Дескриптор:

Кейіпкерлердің жасалу жолдарын дұрыс анықтайды;

Жауабын дәлелдеу үшін мәтіннен үзінді келтіреді;

Келтірген үзіндісі қисынды.

Топтық жұмыс

2-тапсырма:

Мақсаты: Поэмасындағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау. Автордың салт-дәстүрге көзқарасын тұжырымдау. Ұлттық салт-дәстүрге баға беру.

Нұсқаулық

Троп түрлері

Мәтіннен мысал

Мағынасы

Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.

Эпитет (айқындау)

– заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз

Метафора (ауыстыру) затты не құбылысты өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балап атау.

(Түрлері - аллегория, кейіптеу, символ)

Метонимия (алмастыру) – бүтіннің орнына оның бөлшегін алмастыра атау.

Синекдоха – метонимияға жақын, өйткені синекдохада сандық және бөлшектік атау тұтас қолданылады. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т.б.

Литота немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал.

Перифраз -құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Мысалы, орман патшасы,қара алтын, т.б.

3-тапсырма: «Кубизм» әдісі

Мақсаты: Шығармалардағы автор көзқарасын талдау. Шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. Автордың салт-дәстүрге көзқарасын тұжырымдау. Ұлттық салт-дәстүрге баға беру.

Нұсқаулық:

Кубикті кезекпен лақтырып, өзіңізге түскен сұраққа жауап беріңіз;

Жауапты өзге оқушыға бағыттауға болады.

  • Қалай ойлайсыз, Ш. Құдайбердіұлының осы оқиғаға өз көзқарасы қандай?
  • Шығарманың идеясы қандай? Неге?
  • Әнет баба мен Көкенайдың көзқарасындағы айырмашылықтардың себебі неде?
  • Қалқаман мен Мамырдың махаббаты күнә ме, соқыр салт кесірінен туындаған жеке трагедия ма?
  • Салттың бұзылуы әлеуметке қалай әсер етер еді?
  • Бүгінгі күні 7 атаға дейін қыз алыспау салтын ұстану қажет пе, жоқ па? Неге?

Дескриптор:

Жауабына мәтіннен дәлел келтіреді;

Жауабына өмірден дәлел келтіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу