Рамазанға дайындықты бастадық!
▪️Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм Рамазанға дайындықты осы айда бастаған. Шағбанда үдеткен. Сахабалар да солай жасаған. Соның нәтижесінде олар Рамазаннан толассыз күш-қуат алған, рухани түлеген. Рухы мықты, өркениет құра алатын тау тұлғаға айналған.
⠀
▪️Рамазанның берерін көбірек алу үшін дайындық жасау өте маңызды.
Әдетте біз Рамазан келгенде ұйқыдан оянғандай боп оразаға ден қоямыз. Алғашында ағза аштыққа көнгісі келмей, қиқаңдайды. Біздің бір ай оразаға мықтап бекінгенімізді түсінгенде, ағза көндігеді. Өстіп жүргенде алғашқы он күн өте шығады. Ағзаның кедергісінен өткен ораза ендігі кезекте рухқа әсер ете бастайды. Рух құлшылықтың атмосферасына кіріп, Аллаға тәсілім боламын дегенше Рамазанның тағы он күні аяқталады. Сөйтіп соңғы он күндікте барып рухани ләззатты адам сезіне бастайды.
⠀
▪️Ал егер де құлшылыққа Ережеп айынан бастап ден қойсақ, бізде Рамазанның басынан бастап-ақ рухани өсу процесі басталады. Ауаның қандай ғажап, судың нендей тәтті екенін жұлын-жүйкеңізбен сезетін боласыз. Сөйлесеңіз аузыңыздан хикмет төгіледі. Аузы дуалы адамға айнала бастайсыз.
⠀
▪️Ережеп, Шағбан айларында дайындық жасаған адамға Рамазанның соңғы он күнінде Қадір түні тап келеді (бұл туралы бөлек жазармыз).
⠀
▪️Сахабалар Рамазан айын әскерден келе жатқан баласын күткен анадай күткен деседі. Жақындаған сайын тыпыршып кетеді екен.
⠀
▪️Ал енді дайындық қалай жасалады? Біз дайындықтың жалпыға қолжетімді бір үлгісін ұсынамыз. Азсынғандар өздері қосып алар:
1️⃣ Дүйсенбі, бейсенбі күні ораза ұстау;
2️⃣ Аптада екі рет түнгі намазға тұру (сәресіге тұрған күні оқи салуға болады);
3️⃣ Күнде 100 истиғфар, 100 салауат айту;
4️⃣ Күніне бір бет Құран оқу; Мағынасымен қоса оқу шарт;
5️⃣ Дұға жасауға кемінде 20 минут бөлу. Дұға кітаптарды ашып, дұғалардың мағынасын оқу;
6️⃣ Ешкімді сынамау, кінәламау;
7️⃣ Мейлінше жымиып жүруге тырысу;
8️⃣ Өзгелерден кемшілік көрсек, оны ақтауға тырысу. Жақсы ойда болу.
⠀
▪️Қысқасы, Рамазандағы режимге қазірден өтуіміз керек.
©️ Нұрбол Сейілбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?